Үш арсыз

Үш арсыз

Үш арсыз
Ертеде Достық атты ел тату-тәтті өмір сүріпті. Оларға басқа елдер қызыға қарайды екен. Достық елінің тұрғындарының бақытты да қызықты өмірлерін Қастық елінің халқы көре алмайды. Достық елін төрт беделді жақын достар басқарады. Олар Жақсылық, Қуаныш, Еңбекқор және Күлкі. Жақсылық жанындағы адамдарға әрдайым көмектесіп, жақсы іс-әрекет жасайды. Қуаныш адамдарды разы етіп, қуантады. Ал, Еңбекқор азаннан ерте тұрып, ерінбей еңбек етуді, Күлкі болса ертемен еңбек етіп шаршаған адамдарға қуаныш сыйлап, күле білуді, оның рахатын сезінуді дәріптейді.
Бір күні Қастық елінің көптен күткен арманы орындалып, Достық елінде алауыздық пайда болады. Төрт бауыр достың арасы алшақтай бастайды. Ақыры Қастық елінің басқарушылары Ұйқы мен Тамақ, Күлкіге достарын жамандап, араларына от салады.
“Рахат өмір біздің елде, сендер секілді біз көп әуре болмаймыз, олар саған әдейі ең ауыр жұмыс бөліп берген” дегендей әңгімелер айтады. Күлкінің мінезі күрт өзгереді. Ол арамдық ойлап, өз пайдасы үшін дос-тарын сатып кетеді. Олар күндіз-түні тамақ ішіп, ішкен астарын жинамай ұйықтап, Достық еліндегі адамдарды мазақтап күледі екен.
Достық елінің тыныс-тіршілігі өзгереді. Жақсылық, Қуаныш, Еңбекқор өз жұмыстарын баяғыдай атқара береді. Бірақ Күлкі қайтып оралмайды.
Осы оқиғадан кейін Күлкі, Ұйқы, Тамақ үшеуі бірге өмір сүріпті. Содан кейін жұрт оларды «Үш арсыз» деп атап кетсе керек.

Автор: Тәжит Манат Жанатқызы

№6 ЖББОМ Қарағанды қаласы

18
Декабрь
0
1521

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.