Сайт учителя начальных классов
.
Семей өңірінің галофитті өсімдіктері

Семей өңірінің галофитті өсімдіктері

№39 жалпы орта білім беретін мектеп.

Семей өңірінің галофитті өсімдіктері

2014-2015 жж

Қазақстанда бұл тұқымдастыратын 47 туысқа біріккен, 218 түрі кездеседі. Солардың ішінде кең тарағыны Ақсора туысы оының 17 түрі Қазақстанда кездеседі. Бұл тұқымдастың ішінде сортаң жерде кездесетін галофитті өсімдіктер. Алабұталар – Маревые - (Chehopodiaceae ) туысы, Көкбек - Лебеда - (Atriplex) туысы, Ебелек – Рогач – (Certacarpus), Қараматау – Камфоросма – (Camphorosma) туысы, Cарқаңқабақ – Поташник – (Kaildim) туысы, Cортан шөп – Соровник – (Halocnemum ) туысы, Бұзаубас сораң -(Salicornia) туысы, Ақ сора – Сведа – (Snaeda), Бұйырғын – Ежовник – (Anadasis) туыстары жатады.

1. Тұз жинақтаушы галофиттер (эфгалофиттер).

Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері, мысалы, шөптесін, бұзаубас сораң жатады. Бұл өсімдіктердің плазмалары тұзды оңай өткізеді. Ұлпаларындағы тұздың мөлшері өте көп болады. Мысалы бұзаубас сораң ұлпаларынад суын есептегенде 10% тұз болатындығы анықталады. Осыған байланысты осы өсімдіктердің клетка сөлінің осмос қысымы бірнеше ондаған атмосфералық деңгейге дейін көтеріңкі болады да, тұздылығы өте жоғары топырақтардан суды қиындықсыз сіңіре алады.

 Тұзды бөліп шығаратын галофитті (криногалофиттер).
Күшті және шамалы тұзды топырақтарда өніп өседі. ( кермек) бұлардың органдардағы тұздар арнайы бөлгіш клеткалар безшелер арқылы бөлінеді. Олардың саны топырақтың тұздылығы жоғарланған сайын көбейе береді. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің жапырақтар тұзға толғаннан кейін өзіннен өзі түсіп қалады. Бұл өсімдіктердің тамыры арқылы да тұздар сыртқа бөлінеді.

 3. Тұзды сіңірмейтін галофиттер (гликогалофиттер)
Тұздылығы төмендеу топырақта өніп өседі. Олардың клекткасындағы осмостық күші, негізінен фотосинтез өнімдеріне – көмірсуларға байланысты болады. Клеткалар арқылы тұздар сіңбейді. Олардың нағыз өкілдеріне жусан, изен турлері жатады.

 Топырақтың тұздылығы әр түрлі жағдайда қалыптасады.
Біріншісі – топырақ бастамасы болып есептелінетін тауды жыныстардың минералдың құрылымына байланысты болса, екіншіден – тұзды топырақтар қуаңшылық, шөлді аймақтарда көп орын алады. Осыған байланысты құрамында 1%, немесе одан көп оңай еритін топырақтар сор топырақтар деп аталады, мұнда тек галофитті өсімдіктер ғана өседіГалофит өсімдіктердің ішінде көп тарағаны Алабұталар – Маревые - (Chehopodiaceae ) туысы, Көкбек - Лебеда - (Atriplex) туысы, Ебелек – Рогач – (Certacarpus), Қараматау – Камфоросма – (Camphorosma) туысы, Cарқаңқабақ – Поташник – (Kaildim) туысы, Cортан шөп – Соровник – (Halocnemum ) туысы, Бұзаубас сораң -(Salicornia) туысы, Ақ сора – Сведа – (Snaeda),Изен –Кохия – (Kochia). Аксирис – Аксирис – ( Axyris), Бұйырғын – Ежовник – (Anadasis) сияқты түрлерін кездестірдік. Алабұталылар тұқымдасы сортаң тұзды жерлерде бейімделіп өсетін өсімдіктер.

 ҚОРЫТЫНДЫ

Галофит өсімдіктер тұзды сортаң жерлерге бейімделген өсімдіктер. Олардың бейімделу ерекшеліктеріне ағзадан тұзды шығарып тастау немесе тұзды клеткада жинақталуы және тұзды сіңірмеуі жатады.
 Семей өңірінде жүргізілген дала аймақтары мен сортаң жерлерде өсетін галофит өсімдіктері қарстырылды.Өсімдіктердің формация түрлерін, экологиялық және биологиялық зерттеу жұмыстары жүгізілген аймақтң жалпы көлемі 600-700 гектар.
 15 тұқымдасқа жататын галофит өсімдік түрлерімен танысып анықтадық.
 Экологиялық тұрғыда 3 топты құрайды. Олар эфгалофиттер, криногалофиттер, гликогалофиттер.
 Табиғи климаттық жағдайда гүлдеу уақыты көктемене жазғы дейін аралықты қамтиды. Олар ерте көктемде гүлдейтін эфирмайды және жазда гулдейтін топ құрайды.
 Галофиттердің халық шаруашылығында маңызы өте зор. Олар мол азықты, дәрлік өсімдік және әсемдік немесе өндірістікте маңызы зор.

ID: 151 | Просмотров: 2391

26/Янв/2015