Сайт учителя начальных классов
.
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану-білім сапасының кепілі

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану-білім сапасының кепілі

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:
« Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану-
білім сапасының кепілі»

Дайындаған: Белхаирова А.М.

« Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану-
білім сапасының кепілі»
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі,
жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті
ұрпақ керек»
Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа
жолдауынан.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыруу, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беруу процесі.
Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.
Жаңа ақпараттық технология құралдары:

Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, аал сабақ сапасын арттыру- барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе.
Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз деп ойлаймын.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет.
Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалінің басты талабы.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Интербелсенді тақта оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда, сонымен бірге оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Оқушының қызығушылығы мен іскерлігін, белсенділігін мұғалім бір ғана сабақ арқылы жүзеге асыра алады. Міне ақпараттық технологияның басты тиімділігі оқушыны өзіне баурап алуында.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі таңда осы кезге дейін сақталып келген бірізділік , яғни мұғалімнің түсіндірріу мен сөзі, оқулықпен ғана жұмыстану барысы заман талабын қанағаттандыра алмайды.
Біз , әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдарында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы ғана сабақтың тиімділігін артырамыз.
Біріншіден, материалды түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды.
Екіншіден, оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік туғызады.
Үшіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Төртіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Мұны әсіресе, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырып, мұғалім өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра білуі қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың сапалы да білгір меңгеруінің, өмірлік дағдыларды игерудің негізгі шарты екендігін компьютерлік көрнекілік арқылы ұғындырады.
Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.
Менің ойымша өзінің оқушысын ақпараттық технологиялар арқылы өз бетінше оқып үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазіргі кезде түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Мұғалім тек қана күнделікті сабақ берумен ғана шектеліп қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.
Оның ең тиімді жолы-сайыс, интеллектуалды-шоу ойындарын компьютердің көмегімен өткізу.
Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады.
Ал мұның барлығы да мұғалімдердің іскерлігі мен білімі, ой ұшқырлығы мен біліктілігі арқылы жүзеге асады.






Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу, білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа ақпараттық технология әдістерін пайдалана отырып, мемлекетіміздің ертеңі-бүгінгі ұрпақтың еңбексүйгіш, ақыл-ойы жан-жақты дамыған, өздігінен ізденгіш, өз ойын ашық айта алатын жеке тұлғаның қалыптасуына өз үлесімізді қосуымыз ұстаздық қабілетіміздің міндеті мен абыройы деп есептеймін. Ал саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.

ID: 434 | Просмотров: 3029

02/Май/2015