Басты бет » 2015 » Март » 31 » Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөздік қорын арттыру
22:04
Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөздік қорын арттыру
загрузка...
Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөздік қорын арттыру

Серікхан Амангүл
ШҚО Тарбағатай ауданы
Би Боранбай атындағы орта мектеп
Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Оқушыларға сапалы білім беру қоғамның қай кезеңінде болмасын ең маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, әрбір егемен ел үшін өз ұлтының тілі мен әдебиетін оқытуға артылар жүктің салмағы ауыр. Ол оқушының өз ұлтының тілі мен ділін, мәдениетін, әдебиетін құрметтей білетін саналы азамат болып шығуына бірден-бір ықпал ететін факторлардың бірі. Әдебиет арқылы оқушының танымы кеңейіп, сөйлеу мәдениеті жоғарылап, тілді меңгеру деңгейі тереңдейді, туған елінің тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен жан-жақты танысады. Ал бұның барлығын қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын заманауи озық технологияларды, әр түрлі ойын түрлерін ұтымды пайдалана отырып меңгерту педагогикалық процестегі аса маңызды іс.
Әдебиет сабағында оқушыға көркем шығарманы бүкіл бітім-болмысымен меңгерту, түсіндіру үлкен ізденісті қажет етеді. Біз көбінесе шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, образдар жүйесіне тоқталумен шектеліп қаламыз. Ал оның көркемдік ерекшелігін талдаудың өзі бір шығармашылық жұмыс. Мәселен шығарманы оқыған оқушы ондағы кейбір әдеби сөздердің мағынасын түсінбеуі мүмкін. Сол себепті шығармадағы жекелеген сөздермен жұмыс істеу қажет. Соның ішінде шығармадағы синоним сөздерді теріп, олармен жұмыс істеудің өзі:
- шығарманың идеялық-көркемдік мәнін талдауды тереңдетеді;
- оқушылардың тіл байлығын молайтып, шешен сөйлеуге дағдыландырады;
- оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі;
- шығарма тілінің мәнерлілігі туралы ұғымға қоса, автор тілі, кейіпкерлер тілі, жазушы стилі сияқты ұғымдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Осы мақсатта жұмыс жүргізу үшін қазақ әдебиетінің бас шығармасы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы алдық. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытуда ондағы синоним сөздерді толық меңгерту оқушының шығарманы терең зерттей, зерделей, мұқият оқуы үшін аса қажет істің бірі. «Абай жолы» роман-эпопеясы исі қазақтың маңдайалды бас шығармасы. Ол қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. «Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен»,-дейді. Шындығында Әуезов қазақ халқының ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы бүкіл өмірін энциклопедиялық дәрежеде суреттесе, ал оның бұл құбылыстарды бейнелеу шеберлігі тіптен ерекше. Әуезов қазақ тілінің бар інжу-маржанын қағаз бетіне түсірді. Жазушы сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, яғни халық тілінің байлығын, әсіресе, ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік нақыл сөздерді, мақал-мәтелді, билер айтысындағы түрлі көне және дәстүрлі сөз қолданыстарды, афоризмдік орамдарды, аңшылыққа, халқымыздың тақпақ пен тапқыр жауаптарында қалыптасқан ежелгі тілдік дәстүрді, ас беруге, қыз ұзатып келін түсіруге, өліктің артын күтуге, той-томалақ түрлеріне, әр алуан этнографиялық, рухани мәдениетке байланысты лексикалық қабаттардың қай-қайсысын да қажетінше қамти пайдаланды.
«Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз іздеп табу-шебер суреткердің қасиетті парызы. Оның дәл осы жағдайда сөз іздер атырабының бірі – синонимия» [1, 158 б.],-дейді академик З.Қабдолов.
Шындығында синоним сөздер халық тілінің байлығын, сөздік қорының молдығын танытар болса, М.Әуезовтің бас еңбегі «Абай жолындағы» синоним сөздердің көп қолданылуы жазушы тілінің көркем де кестелілігін, һас шеберлігін, жазушы тілінің байлығын танытатыны анық.
Мектеп оқулығында эпопеяның «Қайтқанда» және «Шытырманда» атты екі тарауы берілген. Біз осы тараулардағы мәндес сөздерді теріп, олардан синонимдер сөздігін құрастырдық. Ал сол сөздерді оқушыларға меңгерту мақсатында сабақ барысында төмендегідей ойын түрлерін пайдаландық:

«Адасқан әріптер» ойыны:
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, синоним сөздерді құрастыру
м, с, а, л, ы, а, з - амалсыз, еріксіз

«Сыңарын тап» ойыны:
Мақсаты: Синонимдерді тез табу қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр сөздің синонимін табу.
барын салу көз ұшына кету
күн шыға асығу
қара үзу таң атар-атпастан
қауқар лақап
жат дәрмен
ыза болды мойыту
бүгілдіру бөтен
зар, запыран ашуланды
сорлы, шерлі зәр, құса
жалған қаралы, бейшара

«Синонимдер ұясы» ойыны:
Мақсаты: Синонимдерді мағынасына, құрылымына қарай топтастыра білуге үйрету:
Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады.
Тақтаға ұяшық орнатылады. Үш топқа үш тақырып беріледі. Әрқайсысы тараудағы авторлық баяндау тіліндегі, диалогтағы, монологтағы өзара мәндес сөздерді теріп өз ұяшығына салып жарысады.
Сабақ барысында синонимдерді меңгерту үшін «Кім жылдам?», «Ойлан, тап!», «Сөзжұмбақ ойыны», «Бәйге», «Сыңарын тап», «Баламасын тап», «Не артық?», «Неге?», «Кім тапқыр» сияқты ойын түрлерін пайдаланған жөн. Осы ойындар арқылы оқушыларға мәндес қос сөздерді, контекстік синонимдерді, синонимдес фразеологизмдерді тапқыза аламыз.
Бұдан басқа тақтаға жазылған сөздің синонимін шығармадан табу, картотекада берілген мәндес сөздердің мағынасын басқа синониммен алмастырып қолдану, бір топтың айтқан сөзіне келесі топтың синоним сөздерді табуы тәрізді элементтер оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілдік дағдысын жетілдіре түседі, әрі шығарманы толық түсініп оқуына толық жағдай жасайды.
Көркем сөздің кестесін аса келісті өрнектейтін М.Әуезов шығармасының тілі бай. Бұндағы әрбір мәндес сөз халық тілінің қатынасы болса, оны меңгере білу ұрпақ парызы екені анық.
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1036 | Қосты: Амангуль | Ілмек сөздер: «Не артық? | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Март 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 55
Қонақтар: 55
Тіркелгендер: 0