Басты бет » 2015 » Май » 26 » Оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың психологиялық және педагогикалық мәселелері
13:07
Оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың психологиялық және педагогикалық мәселелері
загрузка...
НУРГАЗИНА ЖУЛДЫЗ МУХАМЕТБЕКОВНА
Шығыс Қазақстан
гуманитарлық колледжінің
педагогикалық іс-тәжірибе
әдіскері

Оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың психологиялық және педагогикалық мәселелері

Еліміздің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу қарсаңында заман талабына қарай тұлғаны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауда және шығармашылық, танымдық іс-әрекетін үйлесімді дамытуда, танымдық қажеттілігін, белсенділігін, қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияның орны ерекше. Сондықтан өскелең ұрпақтың білуге құштарлығын ақпараттық ағым арқылы аққиқатты тануға бағыттау қажет.
Қазіргі ақпараттық қоғамда басқа оқыту технологияларына қарағанда ақпараттық технология басымдық алып отыр. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде «жаңа ақапараттық технология», «компьютерлік оқытудың технологиясы», «компьютерлік педагогикалық технологиялар» сияқты терминдер жиі кездеседі. Зерттеулерде бұл ұғымның анықтамасын, біріншіден, ақпараттық технология – оқыту әдісі, ақпараттық бағдарламалық жабдықтарды оқыту үрдісінде пайдалану және оның әдістемесі, ал екіншіден, ақпараттық үрдістерді компьютердің көмегімен жүзеге асыру жабдығы деп түсінеміз [1].
Ақпараттық технология – белгілі бір нысанның, үрдістің немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшін мәлімет жинаудың, өңдеудің және таратудың құралдары мен әдістерін пайдалану үрдісі.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру Г.Қ.Нұрғалиева, С.С.Құнанбаева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Е.К.Балафанов, Ж.С.Сарыпбеков, Е.Ы.Бидайбеков, А.Тәжіғұлова, М.З.Изотов, Б.А.Қойшыбаев, Қ.С.Мусин, С.Қ.Қараев, Е.У.Медеуов, Н.Д.Хмель, т.б. еңбектерінде қарастырылып зерттелінген [2].
Бүгінгі таңда сандық ақпараттық қорлар деп компьютердің көмегі арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық өнімдердің жиынтығын атады.
«Қорлар (ресурстар)» термині география мен экономикадан басқа телекоммуникациялар саласында да «ақпараттық» анықтамасының тіркесуі арқылы қолданыла бастады. Расында да, желілерге біріктірілген компьютерлер арқылы әр түрлі ақпараттарды оңай алмасуға болады. Физикалық тұрғыда ол (ақпарат) компьютердің жадында сақталып, сол компьютердің, сонымен қатар, басқа кез келген компьютердің де экранына шығарыла алады.
Сандық ақпараттық білім беру қорлары деп білім беру мақсатында қолданылатын ақпараттық қорлар аталады. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген ақпараттық білім беру өнімдерін Интернет және Интранет желілеріне орналастырылған қорлар және ақпараттарды тасымалдағыштарға - дискеттер мен компакт-дискілерге (CD-ROM, DVD) жинақталған электронды оқу басылымдары және аралас өнімдер деп бөлуге болады.
Соңғы кезде ақпараттық технологиялар мен техникалардың жетілдірілуінің арқасында кез келген ақпаратты оның барлық түрінде : мәтін және сандық кесте, сурет және фотобейне, анимация және видео, саз және сөйлеу – физикалық деңгейде бірыңғай сандық код арқылы сақтау мүмкін болып отыр. Осының арқасында бір тасымалдағышта барлық мүмкін «медиаларды», яғни, ақпаратты берудің барлық формаларын қамтитын ақпараттық өнімді сақтау мүмкіндігі пайда болды. Фотоальбом, кинофильм, музыкалық туынды, ауызша әңгіме, кітап, түрлі таблицалар мен сызбаларды компьютерлік графиканың көркемдеуі арқылы бір мультимедиалық өнімде біріктіруге болады.
Мәтіндік және аудиовизуалдық материалдарды механикалық тұрғыда біріктіруге болатындығының маңызы өте зор, соның арқасында компьютер мониторы арқылы бір мезетте белгілі бір ақпаратты оқи, көре, әрі тыңдай алу мүмкіндігі пайда болды. Мультимедиалық өнімдер мультимедиалық нысандардың жиынтығын ғана емес, сонымен бірге, түрлі құбылыстар мен процестердің үлгілерін, қоршаған ортаның фрагменттерін, сондай-ақ, белгілі дәрежедегі оқытушының жауап әрекетін де қамти алады. Электронды оқу басылымдары процестер мен нысандарды жандандырады, бұл құралдардың көмегімен нысандарды басқаруға, ал процестерге зерттеу мақсатында араласуға болады.
Ауқымды көлемдермен сипатталатын электронды (цифрлық) коммуникацияның жаңа құралы бола отырып (аймақтық және географиялық шегараларының жоқтығы, туындатушылық қызметтің еркіндігі, креативтілік және т.б. ), мультимедиа, бір жағынан, әлеуметтік коммуникацияның өзіне дейінгі және қазіргі түрлерін өзінде кіріктіре алуымен, ал, екінші жағынан, біздің мәдениетімізді елеулі түрде өзгерте алатын интерактивтілігімен ерекшеленеді.
Мультимедиа жаңалықтардың қайнар көзі ретіндегі ғылыми білім мен инновациялық шешімдердің ролінің жоғарылауына ықпал етеді, технологиялық өсу мен жаңа интеллектуалдық технологиялардың құрылу мүмкіндіктерін қарастырады. Ақпараттық-коммуникациялық технология ретінде мультимедиа ақпараттық қоғамның әлемдік мәдени процестерге еркін кірігуіне жол ашады, өзін-өзі реттеудің сан түрлі және ең әсерлі формалары мен әдістерін табуға ықпал етеді.
«Мультимедиа» ұғымының ғылыми мәні оның семантикалық-лингвистикалық мағынасына тең емес, ол жылдар бойында, ақпараттарды тасымалдаушылар мен жинақтаушылардың техникасы мен технологиясына және оларды есептеу құрылғыларына байланысты өзгеріске ұшырап келді. Бұл оқу мәдениетіне, «ақпараттарды есептеу» мәдениетіне, ақпараттарды сақтау мен оның орнын таңдауға, ақпараттарды қабылдау тәсілдеріне, ақпараттарды тасымалдағыштарды тұтынушылар мен оларды жасаушылардың өздерінің білімдерінің типтеріне едәуір әсер етті. Ескі компьютерлердің қазіргі заманғы компьютерлік техникаларға тән ақпараттардың үлкен көлемін көрнекі түрде, дыбыстық жазбаның және видеоқатардың көмегімен қабылдау сияқты мүмкіндіктері болған жоқ.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсу арқылы қабылдауды түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Медиамәліметтерді өңдеудің сандық жүйелерінің жаңа түрлерінің тууына ықпал еткен медиабілім берудің жаңа дәуірі оқытудың әдіснамасын да түбірімен өзгертті. Бір жағынан, графикалық және видеожүйелер еліміздің жоғарғы оқу орындары мен колледждері үшін қолжетімді бола бастады. Екінші жағынан, медиаиндустрия үшін тиісті білімі бар, жылдам өзгергіш сандық ортадағы жаңалықтардың барлығын қабылдауға қабілетті пәнаралық профильдегі шығармашыл мамандардың – режиссерлер, аниматорлар, монтаждаушылар, дыбыс режиссерлері, дизайнерлердің – қажеттілігі туындады.
Білім беру жүйесін ақпараттық телекоммуникациялардың көмегімен ақпараттық мазмұндық қамтамасыз ету сандық білім беру қорларының екі тобы арқылы іске асырылуы мүмкін:
1) ақпараттық қайнар көздер:
- дәстүрлі оқулықтарда жоқ бірегей мәтіндер (хрестоматиялар; арнайы сөздіктер мен энциклопедиялардан алынған мәтіндер; ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқу және көркем әдебиеттерден алынған мәтіндер; публицистикалық мәтіндер );
- статикалық бейнелер (белгілі бір пәнге байланысты ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың, өнер қайраткерлерінің, т.б. портреттер галереясы; «плакаттар» - меңгертілетін нысандар мен процестердің бейнелері);
- динамикалық бейнелер (меңгертілетін нысандар, құбылыстар мен процестерге байланысты CD, DVD тасымалдағыштарында жинақталған кино- және видеофрагменттер, анимациялық үлгілер);
- мультимедиа құралдары (ақпараттық-анықтамалық қайнар көздер, практикумдар, виртуалды құрастырғыштар, тренажерлар мен тестілеу жүйелері, бағдарламаланған оқу құралдары (элекронды оқулықтар, виртуалды экскурсиялар, т.б.) );
2) ақпараттық жабдықтар – ақпараттық қайнар көздермен жұмыс жасауды қамтамасыз ететін ақпараттық құралдар.
Ақпараттық қайнар көздер ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің аясында мүмкіндігінше өздігінен қолданыла алатын жекелеген ақпараттық нысандарды (қарапайым ақпараттық нысандар) қамтиды.
Қарапайым ақпараттық нысандарды былайша қарастыруға болады:
- оқытудың дәстүрлі құралдарын ауыстырмай, оларды толықтыратын және мүмкіндіктерін кеңейтетін, сол арқылы оқытудың сапасын, тиімділігін арттыруға бағдарланған дәстүрлі оқу үрдісінің органикалық құрамдас бөлігі ретінде;
- оқу үрдісінде ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етуді қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқу-ақпараттық ортаны жобалау нысаны ретінде.
Белгілі бір оқу курсын немесе оның тарауын (тақырыбын) қамтитын аяқталған толыққанды ақпараттық қайнар көздерді – соңғы сандық өнімдерді қашықтан білім беру қызметінің құрылымдық бөлігі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құрылымдық бөлігі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы өзіндік жұмысты ұйымдастырудың құралы ретінде қарастыруға болады.
Аяқталған ақпараттық сандық білім беру өнімдері (дәстүрлі оқулықтарды қайталамайтын бірегей мәтіндер) негізгі оқу құралдарына қосымша ретінде қарастырылады.
Қалыптастырылатын ақпараттық мультимедиалық сандық білім беру қорларының кешені тұтас ақпараттық қайнар көздермен қатар, қарапайым ақпараттық нысандарды, сонымен бірге, ақпараттық құралдарды да қамтиды.

Әдебиеттер тізімі
1. Көшербаев Қ.Е. Қазақстан республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы / Қ.Е.Көшербаев, Ә.Қ.Ахметов, А.Е.Әбілқасымова, Х.М.Рахымбек.. –Алматы: «Білім», 1998.- 8-15 б.
2. Шәкілікова С., Білім берудегі компетенттілік тәсіл / С.Шәкілікова, Д. Қазақбаева, Ш. Кәрібаева, Қ. Жұмағұлова. - Қазақстан мектебі. 2004.-№4.- 14-17 б.
3. Традиции и новации в педагогике ненасилия /Тез. докл. Всерос.конф. –Киров, 2000.-199- 202 с.
4. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Б.Кенжебеков.-Бастауыш мектеп. 2004.-№7.-3-7 б.
5. Ожегов СМ. Толковый словарь русского языка / С.М.Ожегов.-Москва, 1993.- 960 с.
6. Деятельность: теории, методология, проблемы / Москва, 1998.-199-336 с.
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1143 | Қосты: AAubakirova | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5909
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 148
Қонақтар: 148
Тіркелгендер: 0