Басты бет » 2015 » Февраль » 2 » ОҚУШЫНЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ
18:33
ОҚУШЫНЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ
загрузка...
ОҚУШЫНЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ
(Әдістемелік бірлестік отырысында оқылған баяндама)

Наурызалиева Жаннат Саматовна,
Орал қаласы, А.Байтұрсынов атындағы
№10 ЖОББМ,
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі.

Қазіргі уақытта мектептерде оқушылар мен мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін ғылыми-әдістемелік шығармашыл топтар жұмыс жасайды. Бұл топтардың басты мақсаты: нақты мәселені зерттеу, оны теориялық және практикалық негізде қолдану, оқушылардың өздіктерінен білім алуға ынталандыру, ізденіске баулу болып табылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білім мен біліктері артады.
Сол себепті, қазіргі мектепте әр мұғалімнің өзіне қоятын сұрағы «Кімді? Не үшін оқытамын».
Бүгінгі, көтергелі отырған мәселем, менің жеке тәжірибемнің нәтижесінде орын алған өзгерістер туралы болмақ. Оқушыға ойда-жоқта келіп «сен мына ғылыми жұмыспен айналыс» десек, оқушының оған деген қызығушылығы да, талпынысы да төмен немесе мүлдем жоқ болады.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау курсын өтіп, соны сабақтарымызға кірістіре бастаған кезден, бұл жұмыс барысында тек сабақ құрылымын өзгертіп ғана қоймай, жеке басымның (мұғалім ретінде) оқушыға деген көзқарасым, ой-пікірім өзгере бастағанын байқадым.
Балаға сырттай нұсқау беру емес, оның қызығушылығын іштен оятатындай жүйелі әдіс-тәсілдер қолдану керектігін түсіндім. Мен 2011-2012 оқу жылында 11-сынып оқушысы Даулетова Орынай деген оқушыны ғылыми жұмыс жазуға дайындадым. Оқушыны дайындамас бұрын, өзім де ғылыми жоба жазуға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды көптеп оқып шықтым. Әзірлеген мультимедиалық ғылыми жобамыздың тақырыбы: «Салауатты өмір салтын насихаттау» болатын.
Оқушымен бірлесе отырып, интернет желісінен түрлі сайттарға кіріп, фотосуреттерді қарап, мақалаларды оқып, біріміз бен біріміз ой бөлісіп, тақырыпты біркелкі ашқандай болдық. Қосымша материал көздерін алуға болатын сілтемелерді беріп, оқушыға үйден дайындалуға бірнеше күн уақыт бердім. Арада біраз уақыт өткенде оқушым өзінің жұмысын алып келіп, қарап көруімді сұрады. Ғылыми жоба Power point бағдарламасында дайындалған. Слайдтағы мәліметтердің орналасуы, тақырыбына сай мақсатының жүйелі қойылғандығын, безендірілуі, және ойын жинақтап, мысал келтіріп, мәліметтерді салыстырмалы түрде жазғандығы өте ұтымды шықты. Жұмыс жобасы дайындалып, оқушым қалалық кезеңнен ІІ орынды иеленді.
Әуелі ғылыми жұмыспен айналысу үшін оқушыны тани, түсіне білу керек. Ғылыми жоба дайындау бұл 1 күннің немесе 1 айдың жұмысы емес. Сондықтан екеуміз төмендегіше жұмыс жоспарын дайындадық.
№ Жұмыстың мазмұны Мерзім
1. Зерттеу тақырыбын таңдау, ол туралы алғашқы дерек көздерін іздеу, сұрастыру Қыркүйек-Қазан
2. Барлық жинақталған деректерді топтастыру, дайыннау, қорытындылау. Желтоқсан-Сәуір

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам кашан да қабілетті адамға мұқтаж. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Оқушының өз бетімен жұмыс жасай білуі, ізденімпаздығы, шығармашылықпен жұмыс жасауы қазіргі кезде білім алудың алғышарттарының бірі болып саналады.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1387 | Қосты: Zhannat_1980 | Ілмек сөздер: ғылым, Оқушы, Жұмыс, баулу | Рейтинг: 1.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0