Сайт учителя начальных классов
.
Оқушы жұмысы өнімділігінің оқыту мазмұнына тәуелділігі

Оқушы жұмысы өнімділігінің оқыту мазмұнына тәуелділігі

Оқушы жұмысы өнімділігінің оқыту  мазмұнына тәуелділігі

Мұханова Жанат Сейтқанқызы

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі, дефектолог                                                         Жетім балаларға арналған ШҚО арнайы мектеп-интернаты

       Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту  мен тәрбиелеуде оқушылардың  танымдық белсенділіктері мен  мүмкіндіктерін  басты назарда ұстану керек. Оқушылардың танымдық жұмысын сәтті ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін, мұғалімге оқушылардың жұмысы тапсырманың түріне қаншалықты бағынышты екенін білу өте қажет. Онсыз іс жүзінде оқыту құралдарын іріктеу мен үйлестіруді жүзеге асыруды, оқушылар үшін оқу материалының қиындық дәрежесін дұрыс бағалауды, жұмыстың жан-жақты түрлерінің бағытқа сайүйлесемділігін қамтамасыз етуді, сабақ үстінде оқушылар жұмысының кезеңділігін орнату және оқу тапсырмаларын уақыты мен көлеміне қарай дұрыс үйлестіруді қамтамасыз ету мүмкін емес. Осының  барлығы сабақтың үлкен бөлігі барысында оқушылардың оңтайлы өнімділігіне жету үшін қажет. Олигофренопедагогика ғылымымен айналысатын ғалымдардың пайымдауынша оқушылардың жұмыс өнімділігінің оңтайлы кезеңі уақыттың бір кесіндісінде болатыны анықталған. Жұмыс өнімділігінің оңтайлы кезеңі  сабақ басының 5-10 минутынан 20-25-ші минутына дейін, ал 20-25-ші минуттан 40-шы минутына дейін оқушылардың өнімділігі жоқ немесе өнімділігі аз кезеңі. Ендеше  мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін сабақ аяғына дейін сақтап қалу болып табылады.    

        Іс-әрекеттің бірнеше түрін орындаудағы өзгерістердің ортақ себептерінің болуы ең басты оқу тапсырмаларының бірнеше түрін орындаудағы ақыл-ойы кем балалардың ойлау әрекетінің құрылысында ортақ компоненттердің көптігімен түсіндіріледі. Бұл педагогикалық үрдістің белгілі бірлігін жалпы қамтамасыз етеді.

  Көбінде   мұғалімнің әдістемесінде оқу жұмысының мазмұнымен санаспай, бір әдіс-тәсілдерді қайталап, бір сарында қолдана беруімен түсіндіріледі.

Осы мәселені зерттеу барысында  5-сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды ?» атты екі бөлімнен тұратын әңгімесінен тәжірибе жұмысы өткізілді. Мақсаты:  Оқушылардың жұмыскерлігінің өзгеруін анықтау. Бірінші бөлімдегі танысу сабағында барлық қажетті көрнекі-құралдар қолданылды. Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен оқу мүмкіндіктері ескерілді. Үй тапсырмасы да әр түрлі тәсілдермен тексерілді. Екінші бөлім ешқандай көрнекі-құралдың көмегінсіз өтті. Нәтижесінде анықтағанымыз:

Сабақтың  мазмұны қызықты, практикалық жаттығулармен, ойындармен жүргізілсе, оқушы еңбегінің өнімді болғанын,  ешбір көрнекі- құралсыз бір сарынды түрде өткізілсе оқушы жұмысының өнімділігінің күрт төмендегенін байқаймыз.  Нәтижені диаграммадан көрдіңіздер. (1 диаграмма)

    Оқушының жұмыскерлік қабілеті

 

Қорыта келсек,  оқушылардың еңбек өнімділігі жоғары болу үшін  сабақтың мазмұнын түрлендіріп отыру қажет.

  1. ПП бағыт беру  тиімді тәсілдермен жүргізілуі керек ( сергіту сәті, мақал-мәтелдер, т.б)
  2.  Үй тапсырмасын әртүрлі тәсілдермен тексеру (сұрақ-жауап, сурет бойынша баяндау, диалог түрінде мазмұндау т.б)
  3. Жаңа сабақ түсіндіргенде көрнекіліктер, тірек схемаларды қолдану
  4. Дидактикалық ойындарды міндетті түрде қолдану
  5.  Шығармашылық жаттығулар кезінде фильм, сурет, инсценировка қолдану қажет.

 

 Мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіп, оқу мүмкіншілігіне назар аударып, танымдық белсенділіктерін дамытып, қызығушылықтарын арттырсақ, оқушылардың жұмысының өнімді болатынына көз жеткіздік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 1. И.Г.Еременко. « Познавательные возможности учащихся вспомогательной школы

 2.  К.Бектаева, А.Иманова  «Ана тілі»  5 - сынып 

 

 

ID: 75 | Просмотров: 2511

25/Дек/2014