Сайт учителя начальных классов
.
Оқушы шығармашылығы

Оқушы шығармашылығы

Жауқазын жырлар
Ұстазының мерейін тасытатын, еңбегін танытатын сүйікті оқушылары болады. Сондай оқушыларымның бірі – Айтаныс. Мектеп табалдырығын аттасымен-ақ үздік оқуымен, өнегелі қылықтарымен ұстаздарына сүйкімді болды.
Көркем әдебиетті сүйетіндігін, шығармаларды, өлеңдерді құмарта оқитындығын 5-сыныптан-ақ байқатты. Шығармаларды оқып қана қоймай сол ақын-жазушыларға еліктеп , бала жүрегін жарып шыққан алғашқы өлең шумақтарын да жаза бастады. Поэзияның қуаты шексіз де шалқар. Сезімтал жас ақын қарапайым кісі байқай бермейтінді байқап, сөзбен сурет салады, көкейдегі ойды дөп басып жатады. Жазатын өлеңдерінің тақырыптары да әртүрлі. Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова сынды ақындарға да өз өлеңдерін арнап жүр. Отан, тіл, тарих туралы өлеңдері де оқырманның жүрегіңе жылылық ұялатады.
Аудандық сайыстарда сынға түсіп жүрген жас ақын биылғы «Мұқағали Мақатаев оқуларында» «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша жүлделі ІІ-орынға ие болды.
«Қанат ұшса қатаяды» демекші Айтаныс бұл талабымен қасиетті қара өлеңнің биігіне шығады деп сенемін. Ақындық жүрегіндегі иман-тілек ел мұратымен ұштасып, қиялына қанат бітіре берсін!
Жаңагүл Тюлеева
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шалқар ауылы

Айтаныс Шайзанда
8-сынып оқушысы
Қазақтың ақиығы
Аппақ дала, қар борайды тынбастан
Жел гулейді таң атумен батыстан.
Тамашалап қыс келбетін кейде мен
Жазғым келед өлең жырды тынбастан.

Ұлы ақын, дара тұлға ерекше
Тілі шебер, жақын келер жүрекке.
Ақиық ақынымыз – Мұқағали
Келіпті сондай күні дүниеге.

Құтты болсын туған күнің ағажан
Ұрпақтарың үлгі тұтар дара жан.
Жиын қылып тойлаймыз біз әр жылда
Туған күнде еске алар ұл-қыз бар.

Жыр арнайды ұрпақтарың өзіңе
Үлгі алып асыл сөзді өлеңнен.
Ұмытпаспыз ақиығын қазақтың
Өлең-жырың демеу болды көңілге.

Ерліктің даңқы өшпейді

Ерліктің даңқы мәңгі өшпейді
Ер есімі ел есінен кетпейді.
Енді ел бұрыңғыдай зарланып
Өкіріп көзінен жас төкпейді.

70 жыл жаудың оғы ұшпағалы
70 жыл асыр салып ойнағалы
70 жыл болыпты –ау батырлардың
Ерліктерін толқумен жырлағалы.

Жер бетіне бейбіт күн нұрын шашты
Қазақ халқы бейбіт күнге қадам басты
Сол мезетте жарық күннің сәулесінен
Қорқып зұлымдық атаулы тұра қашты.

Таңның атқанын бүгін мен еркін көрем
Бабаларды есте ұстап, сыйлап келем
Бүгінгі атқан таңға шүкір айтып
«Мәңгілік бейбіт болсын елім» дер ем.

Бабаларды ұмытпайды бүгінгі ұрпақ
Батырларды есте ұстайды үлгі сақтап
Отан үшін от кешкен батырларды
Келер ұрпақ қалайша тез ұмытпақ?!

ID: 262 | Просмотров: 3256

21/Фев/2015