Басты бет » 2015 » Март » 24 » : «Оқу екпінділері қатарын көбейту мақсатында В. Н. Зайцев технологиясын қолдану тәсілдері»
22:45
: «Оқу екпінділері қатарын көбейту мақсатында В. Н. Зайцев технологиясын қолдану тәсілдері»
загрузка...
Егемен еліміздің саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік дамуында болып жатқан түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесін де жетілдіріп жаңартуды қажет етуде. Өркениетке ұмтылған әр елдің болашақ дамуы оның өскелең ұрпағына берілетін білім мен тәрбиенің мазмұндық, әрі құрылымдылық жағынан дұрыс негізделуіне байланысты. Білім берудің басты нысаны - әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәні ұлттық құндылық тұрғысынан қарастырылып, бүгінгі қоғамға лайық білікті де білгір азамат тәрбиелеу ісі алға шығып отыр. Мұндай дара тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлей отырып, керек жағдайда олармен пікірталасқа да түсе алатындай болуы керек.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр – түрлі әдіс – тәсілдері, яғни жаңашыл технология.
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Ғалымдардың көзқарастарын қарастырсақ:
В.В.Воронов « Педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» десе, В.М.Шепель « технология - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістерінің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді. Ал М. Чошанов « Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» деп есептесе, Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технология – оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал» деп түсіндіреді.
Сонымен технологиялық үрдіс нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық іс - әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс - әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс – тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу – тәрбие үрдісінің басты ролін атқарады. Қорыта айтқанда, педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.
Біздің мектеп оқу екпінділерін көтеру мақсатында Зайцев технологиясын қолданып келеді. Бұл технология негізінде мына заңдылықтар бойынша құрылған:
1. Мектепалды сыныбы және бірінші сынып оқушыларын тіл дамыту жұмыстарына дайындау.
2. ІІ – ІІІ сыныптарда оқу дағдыларын жетілдіру.
3. ІІІ сыныпта жазу жылдамдығын көтеру.
4. Жазу сауаттылықтарын дамыту. (І – ІІІ , V - VІІ сыныптарда)
5. Есептеу дағдыларын қалыптастыру. (ІІІ - V сыныптарда)

Оқытудың заңдылықтары
Даярлық сыныбынан бастап оқушылардың сөздік қорларын дамыту жұмыстарын қолға алу керек. Сөздік қоры жетілмеген оқушыға бастауыш сынып бағдарламасын алып жүруі өте қиын.
Бірінші сынып оқушыларының сөздік қорларын тексеруді мектеп психологы мен бірінші сынып мұғалімі бірінші күннен бастап қолға алуып, 15 қыркүйекте тест көрсеткіші бойынша сөздік қоры аз оқушылар тізімі құрылуы керек. Төмендегі үлгі бойынша бақылауға болады:
№ Оқушының аты - жөні 1 2 3 4 5
1 Ақжанова Марал + + - - -
2 Қуандықов Алмас + + + + -
3 Саранов Мади + - - - -
4 Жарасова Асыл + + + - -
1. Көрсеткенді қайталай алу дағдысы.
2. Шаршы бойынша сурет салу, көшіріп салу дағдысы.
3. Заңдылыққа сәйкес сөздердің жұбын таба білу дағдысы.
4. Көру жадының көлемі.
5. Сөздік қорының көлемі.
Кестеге қарасақ оқушылардың даму деңгейлері әртүрлі. Бұл оқушыларда сөздік қорын дамыту жұмысын бірден бастауға Қуандықов Алмас ғана дайын. Ал қалғандарымен басқа салада жұмыстар жүргізу қажет.
Қазіргі кезде бірінші сыныпқа келген оқушылардың көбінің осы көрсетілген деңгейлері төмен. Сондықтан мұғалім топтарға бөлу арқылы жұмыстар жүргізу керек.
Бірінші жаттығу - графикалық диктант. Берілген нүктеден бастап, шаршы сызықты дәптерге берілген бағыт бойынша сызықтар сызады. Мысалы: екі шаршы жоғары, үш шаршыға оңға, т.с.с. Бұл жаттығулар бүкіл сыныппен 1 – 2 апта күнделікті жүріп отыруы керек; Сынықтар 12 – 15- тен аспауы және алғашқы екі – үш күнде сызықтар жоғары, төмен, оңға, солға ғана болуы, ал одан кейінгі күндері диагонал (оңға төмен) сызықтар да сызылуы қажет.
Екінші жаттығу – көшіру, шаршы бойынша сурет салу дағдыларын дамытуға арналған. Мұғалім шаршымен бөлінген тақтаға түрлі – түсті бормен әр түрлі сызықтардағы суреттер салады. Оқушылар алдарындағы қағазға соны көшіреді. Жаттығу күнделікті 5 минуттан, екі жұма жүргізіледі. Кестедегі екінші баған бойынша орындай алмайтындарға көмектесу керек.
Үшінші жаттығу – ассоциативті жадыларын дамытуға арналған. Бұл да екі жұма күнделікті өткізіледі. Суреттер жұбын тақтаға араластырып қою арқылы жүргізіледі. Мысалы: әтеш – тауық; жаңбыр – зонтик, құлып – кіліт, ит – үйшік, т.с.с. Суреттер тақтада араласып тұрады, мұғалім біреуін көрсеткенде оқушылар жұбын табу керек. Күнделікті 4 – 5 жұп сурет болуы және әр күнде 2 – 3 сурет жұбы ауысып тұруы қажет.
Төртінші жаттығу – көру жадыларын дамытуға арналады. Бұл да үш апта бойында күнделікті, түрлі заттарды бейнелейтін қарапайым 9 суреттің көмегімен өткізіледі. Суреттер оқушы сала алатындай қарапайым болуы керек. Суреттерді 30 секунд көрсетіп, бетін жауып қоямыз, ал оқушы есінде қалған бейнені салуы керек, бірақ реті ескерілмейді. Жаттығу 3 суреттен басталып, күнделікті бір сурет қосылып 9 суретке дейін жеткізіледі. Жаттығу дұрыс жүргізілген жағдайда үш жұмадан кейін оқушылардың барлығы 5 – 9 суреттің бейнесін сала алады.
Бұл жаттығуларды күніне 1 – 2 рет орындату керек, сонда барлығы екі айға жуық уақытта өтеді. Осыдан кейін сөздік қорын толықтару жұмыстарын жүргізу оңайға түседі.
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1152 | Қосты: bakynova71 | Ілмек сөздер: егемен | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Март 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 63
Қонақтар: 63
Тіркелгендер: 0