Үміттері зор адамдар
2015-жылдың жазғы еңбек демалысымда ПРОФКом ның жемісті еңбектерінің арқасында Қостанай қаласының «Сосновый бор» жипажайында демалдым .Онда әр адам жан дүниесіне шипа іздеп барады ғой. Әрине адам үшін жазғы демалыс, адам өміріне үлкен әсер қалдырыды денсаулығын нығайтады, ондағы мыңдаған адамның өз қалауы бар .Сол жипажайдағы көрініске қарап үлкен әсерде қалдым . Бір үлкен ару ана отыз шамасындағы ғарып баласын жетектеп емдеуге , де апарады кешкілік демалыс шаралардан, да қалмауға тырысады. Тағы бір он,он екі жастағы бала көзі нашар көретін әжесін емдеу бөлімдеріне он күн жетектеп жүрді. Ондағы демалушы адамдардың қарым қатынастары да өзге сияқты болып тұрды . Бірақ менің айтайын дегенім ол емес Қостанай облысының «Үміт-Нажежда»мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымын басқарып Д.С.Оспанов мырза келіп адам үшін кең ұғымдағы концерт қойды .Одан басқа да көптеген ісшара концерттер болды бірақ менің жанымды тербетіп, сондағы әсерленген дүние осы концерт болды. Жүргізушінің оқыған үзінділерінің өзі түсінген жанға үлкен қанат бітіріп өмірге деген құштарлық пен сенімді сыйлайды. Өмірде жай жүргенде біз бір бірімізді көрмей, аңдамай сөйлеумен шектеліп жатамыз неге сол жандардан үлгі алып өмірге деген құштарлықты артырмаймыз?Жай бір болар- болмас өмірдегі қйындықтарға жол беріп әр түрлі жағдайларға душар болып жатамыз. Арбада отырып билеген адамның әр қыймылында терең философиялық түсініктің терең бағдары бар екеніне де көзім терең ұғыммен жетті.Осы бір сағаттық іс шара көптеген адамның ойына терең шапағатты күн сәулесін қалдырды деген сезімде болдым, олай деп айтатын себебім орыс,қазақ тілінде де бір неше күн сол концерт адамдардың талқысында болды.Мен «Үміт-Надежда» мүмкіндіктері шектеулі жандар ұйымына мың да бір рахмет айтып ризашылығымды шын жүректен білдіргім келеді.Қаншама адамның санасына қандай ой қалдырып,сезім ұялатты өмірге деген көз қарасын өзгертті десеңізші.Үміттері зор адамдардан үлгі алап кішіпейілділік пен қайырымдылыққа талпынсақ екен -деген үміттемін.
ID: 459 | Просмотров: 3158
01/Окт/2015