Басты бет » 2015 » Февраль » 27 » Өмір қымбат адамға
19:35
Өмір қымбат адамға
загрузка...
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата–анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ.
Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.
Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Конкурс ең үздік шығарма | Көрсетілім: 1291 | Қосты: Amangeldieva_Nazim | Ілмек сөздер: Адамға, қымбат, өмір | Рейтинг: 1.0/1
Барлық пікірлер: 1
avatar
жарайсың, өмірде тек жақсылық көруіңе тілектеспін.
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 17
Қонақтар: 17
Тіркелгендер: 0