Менің Отаным - Қазақстан!

Менің Отаным – Қазақстан!
Мен Қазақстанда Өмір сүремін. Яғни, менің Отаным – Қазақстан.Менің биылғы жылғы десалысым өте ерекше болды.Себебі, мен Республикалық байқаулардан бірінші орынды иеленгендіктен, Италияның Римини қаласындағы «Римини Старс» байқауына жолдама алдым. Жазғы демалысымның 15 күнін сонда өткіздім.
Біз ең алдымен Мәскеу қаласына ұшақпен бардық.Одан Беларуссияның қаласына поъездбен жеттік.Онда бізді Еуроппа мемлекеттеріне апаратын автобус күтіп алды.Сол автобусқа отырып, Еуропаның 12 мемлекетіне саяхаттадық. Ол жақтың табиғаты өте керемет, ауасы таза бір сөзбен айтқанда барлық жағынан дамыған.Маған ең ұнағаны Венеция қаласы «Мири Биланди» балалар саябағы.
Римини қаласында Жерорта теңізіне шомылдым.Осы қалада өткен байқауда 1 – ші дәрежелі лауреат атағын, тағы «Ең көрікті қыз» номинациясын жеңіп алдым.Жүлделі орындарды иеленгенде, менің қуанышымда шек болмады.Себебі, кішкене болса да, өз Отаныма үлесімді қостым деген мақтаныш көкірегімде сайрап тұрды.Қазақстанның атынан сахнаға шығу мен үшін үлкен мәртебе еді ...
Сөйтіп, қызықты 15 күнде өтті.Мен Мәскеуге келіп, өз Отанымыздың ұшағына отырған кезде өз үйіме келгендей болдым. Ұшақтан түсіп, туған жерімнің топырағын басқанымда, өз Отаныма деген ыстық сезімнің қалай болатынын сезіндім.
Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің – деген мақалды сол күннен тартып жадымнан бір тастамадым.

Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
Кішідихан ауылы
М.Таипов атындағы орта мектебінің
4 «Ә» сынып оқушысы
Иминова Шахзада Шахамовна

Автор: Абдрасулова Гульчихра Абушовна

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кішідихан ауылы М.Таипов атындағы орта мектебі

18
Декабрь
0
1667
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.