Сайт учителя начальных классов
.
Менің  курстан алған әсерім

Менің курстан алған әсерім

Менің  курстан алған әсерім

(эссе)

Былтырғы жылы үш айлық курстарға барасыңдар, дегенде, «Оған кім барады?, Қалай барамыз? Не үйретеді? – деп жағамызды ұстағамыз. Педагогикалық кеңесте, Сен барасың!- деген  сөзді Мехрай апайдан естіп, «Көппен көрген ұлы той» деп осы курсқа келдім. .  Бірінші күні мені бір қорқыныш сезімі биледі. Осы курста қандай жаңалықтар аламын, не  үшін керек, қандай пайдасы бар деген сұрақтар мазалады.

Сол сұрақтарға мен іштей жауап тапқандай болдым.

Келген  күні  өзімді  жайсыз  сезіндім. Себебі, басқа  ортаға  түстім, мүлдем  таныс  емес   адамдар. Әрине  қорқынышты болды.   Себебі  сенімсіздік  болды Уақыт  өте  келе  ортаға  сіңіп  кеттім. Өйткені, әр  тапсырманы  топта  бірлесіп, бір-біріміздің  ойымызбен  бөлісіп, пікірлесіп, оны  талқылап, сосын  ортаға  шығып  жұмысымызды  қорғай  білдік. Осының  бәрі  ұйымшылдықтың  арқасында.

 Мариям Нариманқызы жылы жүзімен бізді қарсы алды. Алғашқы күнгі тренердің берген ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті. Алғашқы, 1-апта мен үшін өте тез өтті. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Мейрам қарсасында көңіл күйемізді өте жақсы болды.     Топтағы жұмыс істеуіміз маған жақсы  ұнады.  Бір ай ішінде  көптеген  жаңа технологиялармен  таныстым.  Білім іздеген  ұстаздардан  үйренгенім  мол.                                        

 Осы  курста  біраз  мағлұмат  алдым.Ең  маңыздылығы  сабақ  беруде  жеті  модульді  пайдалану, яғни  стратегияларды  және  тәсілдерді. Нақтылығын айтқанда, оқушы  өзінің  түсінетінін  өзі  зертеп  білімді  жинайды, сыни тұрғыдан  ойлау  қабілеті  дамиды,өзінің  оқуына  қатысты  таңдау жасап, басқаларының  ойымен  күмәнмен  қарау, өзін, достарын бағалай үйренеді. Ал АҚТ-ны  қолдану  барысында  ізденіс  қалыптасады, ұсынады, сақтайды  және  бірлесіп  жұмысқа қатысады. Талантты және  дарынды баланың  қажеттіліктерін  түсінуге  және әр  түрлі жастағы  балаларға  диалогті  ынталандыру  мүмкіндігіне  сай  берілетінін. Осының  нәтижесінде  бала  еркіндікті  сезінеді, өзіндік  дәлелі  болады, ынталы  оқушы  қалыптасады. Осы курста  алған  білімімді  практикада  қолданамын. 

7 топ. Турдиматова Клара

ID: 65 | Просмотров: 4559

07/Дек/2014