Сайт учителя начальных классов
.
Мен шәкірттеріммен мақтанамын

Мен шәкірттеріммен мақтанамын

Мен шәкірттеріммен мақтанамын
«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» демекші біз ұстаздар үнемі ізденіс үстінде жүруіміз керек. Міне менің ұстаздық еткеніме 15 жылдың жүзі болды. Бүгінгі таңда ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып жүрмін. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей менің шәкірттерім шығармашыл, ізденімпаз оқушылар.Атап айтсам 8 «а» сынып оқушылары: Алайдар Райхан, Мыңбай Жұбаныш, Иса Гүлдана .Бұл оқушыларым 5- сыныптан бастап өлең жазуға әуес болды.Бірнеше өлеңдері аудандық, облыстық «Өркен», «Ақ кеме» газеттеріне жарияланып тұрады. Аудандық «Абай оқулары», «Жарқын болашақ» олимпадаларына қатысып марапатталған.
Алдағы уақытта шәкірттеріме шығармашылық табыстар тілеп, келешектерінен үлкен үміт күтемін.
ОҚО Мақтарал ауданы
№18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сапарбаева Жұлдыз


№18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ
8- сынып оқушысы Әлайдар Райхан



Ана
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Әлемде тең келетін еш нәрсе жоқ,
Ана деген қасиетті ұғымға.

Жүрегі кең, жаны жайсаң, құшағы ыстық,
Ана –өмір, ана- мақтан, ана атақ.
Олармен бірге жүру қандай ғажап,
Ана деген асыл жан ғой нұр мен бақ.

Анаң болса, балалар, қуаныңдар,
Әрдайым ана сүтін бағалаңдар,
Аналармен бірге атсын ақ таңымыз,
Тек жетімдер болмасыншы балалар

Туған жер
Туған жерім, кіндік қаным тамған жерім,
Туған жерім, бақытты бал діуренім,
Туған жерім, ойнап –күліп жүрген жерім,
Туған жерім, қызық көріп, өскен жерім.

Туған жерім қасиетті –Мақтаралым!
Байлығым, асыл қазынам, ақ алтыным,
Перзентімін осындай текті жердің,
Әлемге жар салып мен мақтанамын.

Туған жерім қымбатсың маған дайым,
Жырақта жүрсем әркез сағынамын.
Ыстық маған әр шөбің, әр тасың да,
Құшағымды кең жайып қарсы аламын.

Қасиетті алтын бесік- мақтаралым!
Өзіңнен бақыт тауып шаттанамын.
Оралған ақ алтынға мақталы өлке,
Байлығыңмен баршаға мақтанамын!




№18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ
8- сынып оқушысы Иса Гүлдана

Жан ана
Үш әріптен құралған қасиетті ол –Ана!
Түн ұйқысын төрт бөліп, пана болған ол- Ана.
Қиналсақ жанымыздан табылатын ол- Ана.
Ақылы мен парасаты мол ол- Ана.

Жан дүниемді бір сезімге бөлейтін сен, жан ана,
Мұңаймашы, ауырмашы, күрсінбеші жан ана.
Сен ауырсаң, ауырады жаным бірге жан ана,
Күлімдесең күн шуағым боласың сен жан ана.

Асыл анам, жасымнан аялаған,
Мен үшін жақсылықты аямаған.
Алыстан сағынып мен келгенімде,
Әр сөзің жаным деген сая маған.

ID: 442 | Просмотров: 4130

23/Май/2015