Басты бет » 2015 » Январь » 23 » Мектеп шежіресі
04:12
Мектеп шежіресі
загрузка...

      Мектеп шежіресі

                      МАЗМҰНЫ                                      

1.Аннотация

2.Кіріспе.

а) Мақсаты

3.НЕГІЗГІ  БӨЛІМ.

а) Мектептің тарихын жазу.

б) Мектепте қызмет еткен мұғалімдердің өмірі  туралы мағлұматтар.  

4.ҚОРЫТЫНДЫ.

а) Ұсыныстар.

б) Әдебиеттер.              

                                        Аннотация

      «Мектеп  шежіресі» жұмысында ауыл мектебінің тарихының   негізгі  фактілері көрсетілген, ауыл мұғалімдерінің өмірбаяндары сонымен қатар мектептегі  болған тарихи  жағдайлар жөнінде мәліметтер енгізілген. Бұл жұмыс өз өлкесінің  өз мектебінің тарихын білуге ұмтылған жасөспірім ұрпаққада кез келген адамдарға да өте қызықты.

 Жетекші мұғалім:                                  А.Аубакова                                                             

                                                                          "Оян, Қазақ!!!

                                                                          Бұл туыстарың білімі төмен болғандықтан

                                                                          өз елінен, жерінен айырылды.

                                                                          Ал саған келетін болсақ

                                                                          батыс пен шығыс халықтары

                                                                          ата-бабадан қалған жер

                                                                          байлығын тонағанға қалай қарайсың?

                                                                          Сондықтан білім ал.

                                                                          Ал білім бұлағы кітапта."

                                                                                ( «Оян қазақмақаласынан.

                                                                                          «Айқап» журналы,

                                                                                              1912ж. Орынбор қаласы.)

                                                   

                                                               Кіріспе

Бұл жұмыр планетаның екі жағында мол жерлерді алып жатқан, ата-мекенін айырыла      бастаған   жергілікті халықтардың шырылдаған жан дауысы емес пе? Соның ішінде өткен ғасырдың басында қазақтың  бетке ұстар азаматтары  мен интелегенциясы өз ұлтына ашынғанда айтқан өсиеті, Сол асыл адамдарымыздың арманы бүгін орындалып келеді. Құдай қалап ұлтымыз  тегістей сауатты, еліміз тәуелсіз, жеріміздің шекарасы қазықталған, басқа елдермен тереземіз тең. Көк байрағымыз,әнұранымыз, елтаңбамыз ұлтымыздың салт дәстүріне сай келеді. Бірақ зырлап бара жатқан өмір бір орнында тұрмайтыны белгілі. Ендігі мәселе-күні бүгін қолда барымызды одан әрі дамытып бекіте бергеніміз абзал.                                              

  Біздің ХХ1 ғасырға қадам салғанымызға да біршама жылдар өтіп кетті. Бұрын әрбір қазаққа хат танытудың өзі  қол жетпеген арман болса, бүгінде ғылымы мен білімі дамыған,  өркениеті жоғары елдерден қалып қоймау мақсаты тұр алдымызда. Соның ішінде жоғары технологиялық білімдерді тез және сапалы түрде игеріп алу ауадай қажет. Мұндай бағдарламаны іске асыруда біздің ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің басым көпшілігі дайын десек асыра  айтқанымыз емес. «Оқындар, бірақ оқи отырып сөкпеңдер, қайта түзетуге тырысыңдар», - деген екен ежелгі орыс летописьтерінің авторы .

   Ірі өзеннің жағасында, темір және тас жолдардың бойында қоныс тепкен шағын село патша дәуірінде казактардың станциясына айналды, болыс (волость) болды. Кейін Кеңес заманынан бастап аудан орталығының жүгін атқарды. Сондықтан алғашқы білім ошағы осы Тасқала ауылында ашылған болатын. Себебі үкіметке темір жолда істейтін сауатты жұмысшылар қажеттілік етті.

  Осы бастаманы іліп ала жөнелген Кеңес үкіметі Халық ағарту және балаларға жаппай бастауыш білім беру бағдарламасын іске асыра бастады. Бірақта арнайы мектеп үйлері жок, сауатты мүғалімдер бірен-саран, кітап-дәптер немесе оқу құралдары таптырмайтын дүниеге айналды. Сол кездегі халыққа білім беру жағдайын мұрағаттармен мұражайлардағы сарғайған қағаздар көз көріп, құлақ естігендей етіп суреттейді.

  Жоқшылыққа қарамастан 30-шы жалдары әрбір ірі ауылдарда бастауыш мектептер мен қызыл отаулар ашылып, сауатсыздық көлеңкесінде  қалған қараңғы халық, соның ішінде жас бүлдіршіндер әліп-би танып оқи бастады. Ел оқу білімінің қадірін түсінді. Соның әсерінен мектепке қыз балаларын да аттандырды. Аштық пен жоқтыққа қарамастан қазақ жастары білім алуға талпынды. Орта немесе жоғары білім алуға ұмтылды. Бұл әрине, дала халқының өміріне енген үлкен өзгерістер еді.

  Аз ғана ежелгі тарихқа көз жіберсек – жұмыр жер басқан адамзат өз ойын жазба тәсілімен білдіруді осыдан бес мың жылдан бұрын ойлап тауыпты. Ия, алғашқы  әріптің, жазу-сызудың пайда болғанына осыншама жылдар өте шыққан.

  Дымқылы кеппеген сазбалшық тақтайшаларға басы үшбұрышты ағашпен ойылған белгі – таңбалар салынып,  отқа күйдірілген «сазкітаптар» пайда болған. Оның орысшасы – «клинопись».

  Бұл кітаптарды сақтайтын орын – кітапханалар бола бастады. Тасқа басқан таңбаларды танитын, кейіңгі ұрпаққа тарататын адамдар қажет болған. Сондықтанда көп кешікпей мектептер ашылған.

.

    Ал Александрия қаласының үлкен кітапханасында папирусқа жазылған миллиондаған дана кітаптар сақталғаны тарихтан белгілі. Түрік халықтарына келсек, біздің бабаларымыз өз заманындағы ғылым-білімді пергамент (жұқа тері) беттеріне жазылған кітаптарға тапсырып кеткен.

     Міне алғашқы әріп, алғашқы сөйлем, тасқа басқан алғашқы кітаптан бастап тарихи дәуір болып есептеледі. Ал мұның алдындағы жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдар тарихтан бұрынғы дәуір (доисторический период) деп аталады. Сондықтан да адамзат тарихы алғашқы кітаптан басталды дегеніміз абзал.

    Өркениетті дамыған елдердің ғалымдары көне ғасырлар таңбаларының жұмбақтарын шешіп, тілін түсініп, кейінгі ұрпақтарға сол замандардың өзін сайратып отыр. Білім мен ғылымды  меңгеру  инемен құдық қазғандай екендігі белгілі. Соның ішінде әйгілі ұстаздардан дәріс алу хандар мен патшалардың, шахтар мен сұлтандардың тұқымдарына бұйырған үлесі екені мәлім. Сол білімді алу үшін олар қымбат бағалы тастар, алтын- күміс, пілдер мен түйелер, жылқылар және құлдармен есеп айырысып отырған. Білімнің құндылығын осы есептесуден- ақ түсінуге болады.

     Ескіден елімізге тараған араб жазуы Кеңес үкіметі құралғанда өзгеріске түсіп, су жалид(төте жазу) алфавиті пайдаланылады. Ал 1929 – 1940 жылдары араб алфавиті латын алфавиттеріне (латница) ауысты. 1940 жылдан бастап қазақ тілі кирилица арқылы (грек әріптері негізгі орыс алфавиті) қағазға түсті.

    Бұл салыстырудың салдарынан бүгінгі ұрпақ ата- бабасының хатқа түсіріп кеткен ойлары, құлпытасқа  ойып жазған аты-жөндерін танымайды. Ол үшін арнайы тіл маманы керек. Бұл басқа  ұлттарды орыстандырудың ашық саясаты болатын. Кейінгі ұрпақтар жеті атасының өмір тарихын, тұрмысын, мәдениетін, тілі мен салт – дәстүрін білмей өскені большевиктерге керек болды.

    Ұрпақтар байланысы үзді деген осы емес пе?..

    Кезінде дүркіреп тұрған Кеңес заманында келмеске кетті. Жетпіс жыл ішінде бірнеше буын ұрпақтар  жарық дүниеге келді. Олар «социализм» деген қиялы ұғымға  сеніп, сол бағытта қоғам құрды. Және сол ұғымға сеніп, сол қоғамға көніп, өлместің күніне төзіп,  зомбылық өмір кешті. Адамзаттың жарқын болашағын жер дүниеде орнатамыз деген асқақ армандардың құлы болды. Армандаудың денсаулыққа зияны тие бастады. Оған себеп жатып ішерлік идеология әсері болғаны рас. Құдайға сенбейтін ұрпақ Кеңес үкіметіне сенді.

   Социализмнің жалғасы комунизм келсе аш-жаланаш қалмайтынын түсінген жастардың білек түріп жұмыс істеуге зауқы соқпады.

   Жас ұрпақты тәбиелеуге тағы бір айта кетер күрделі кемшілігіміз – еліміз бен жеріміздің шежіреге бай тарихын шамалы білетініміз,  ат үсті қарайтынымыз. Өлкетану жағында да көзге түсіп тұратын жадаулық бар.

   Әрине, осындай тарихымызда қалған ірі тұлғалар мен батырлардың ерліктері, ақын-жырауларымыздың  қалдырып кеткен нақыл-өсиеттері жергілікті өлкетанушылардың назарынан тыс қалмағаны дұрыс болар еді. Мұны білген бүгінгі және кейін келер ұрпақтарымыздың басы тік, көңілі көтеріңкі жүреді.

   Күні бүгін қазақта екінің бірі жеті атасын біле бермейді. Бірақ жоғары білімді ұстаздар мен ауыл интелегентциясы, солардың ішінде өлкетанушылардың, ата-бабамыздан мұра болып келе жатырған салт-дәстүрімізді білгені жөн деп есептейміз.

 Жұмысымның мақсаты: мектебіміздің жазылмаған тарихын зерттей отырып, болашақ ұрпаққа жазып қалдыру. Мектеп шежіресін зерттеп, зерделеу арқылы елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, ұлттық, патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

     Ауыл мектебінің тарихын әңгімелер алдында өткен –кеткенге қысқаша көз жіберіп алғанды жөн көрдік. 1919 жылдың 10 наурызында құрылған, Тасқала болысының атқару комитетінің басқа ауыл-село кеңестерінің архивтерінде сақталған іс-қағаздар мен хаттамаларға жүгінсек, сол  бір ауыр  кездің өзінде жаралы немесе мүгедек  қызыл әскерлерге, олардың отбасыларына азық-түлік , киім және т.б. қажеттеріне көмек көрсету, халықтың әл ауқатын көтеру, сауатсыздықты  жою мәселелеріне  тұрақты көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстар  жүргізгенін байқаймыз. 20-шы жылдардың орта тұрысында 1-ші және 2-ші сатылы деп аталатын 30 мектеп, 2 халық ағарту үйі ашылып, 1369 адамды қамтыған. 350 адам сауат ашу үйірмелеріне (ликбез) қатысып жүргенін жоғарыда аталған құжаттардан білеміз.

     Сол кездегі шаруашылықтардың, болыс, аудан тұрғындарының  жалпы тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін көз алдымызда елестету үшін «Красный Урал»  газетінен үзінділер келтірейік.

     18 ақпанда  Семиглавый Мар темір жол клубында халық көп жиналды. Сағат 12-де Крутая селосынан екінші қызыл керуен  күтілуде. Темір жол көпірі  жағынан шана сықыры естілді. Керуен алдына желбіреген қызыл ту ұстап бүкіл кәсіподақ ұйымы шықты. Қарсы алушылардың алдында ән шырқап, мектеп оқушылары  кетіп барады. Кооператив жанында митингі ашылды. Жұмысшылардың, кәсіподақ мүшелерінің, шаруалардың, мектеп оқушыларының атынан  құттықтаулар айтылды. Митингіден кейін жеті көліктен тұратын қызыл керуен жігіттері астық қабылдау пунктіне алып келген бидайлы  қапшықтарды шанадан қоймаға жұмыла тасыды. Кооператив қызметкерлері кідірместен астық әкелушілерді    қажетті тауарлармен қамтамасыз етті.                          

                                                                                                                     «Красный Урал» газеті

2 наурыз 1929 жыл.

     Сарғайған қағаздарға көз сала отырып байқайтынымыз, аудан әкімшілігінің  алдында тұрған ірі міндеттердің бірі сауатсыздықты жою  болып табылады. Мұны іске асыру үшін бастауыш мектептердің саны көбейді. Әр баланың 8 жастан бастап мектепке баруы міндетке айналды. Солармен қатар 10-12 жастағы, тіпті одан да ересек оқушылардың бір сыныпта отыруы әсте айып саналмайтын.  Сауат ашу  науқаны ересектер арасында  да кеңінен ұйымдастырылды. Ол үшін жұмыстағы азаматтарға кешкілік үйірмелер, қызыл отаулар ашылып, сауатсыз қауымға  дәріс берді. Ауданымызда 50 бастауыш, 7 орталау және бір орта мектеп жұмыс істеп, 5689 оқушы 199 ұстаздан тәлім-тәрбие алумен болды.

     Сол мұғалімдердің біреуінің ғана жоғары, 3-нің аяқталмаған жоғары, 79-ның орта, ал 118-нің ортадан төмен білімдері болған. Бұл көрсеткіштер оқытушылар құрамының білім сапасын тайға таңба басқандай көрсетіп тұр. Орта білімді дегендердің өзі бәрі бірдей арнайы  педагогикалық емес, жалпы орта білімділер болатын. Мұғалім кадрлары  жетіспегендіктен орталау мектеп бітіргендер бастауыш сыныптарға, орта мектеп  тәмамдағандар орталау мектептерге оқытушы болып бара беретін. Барлық мұғалімдердің төрттен үшіне жуығы орыс болғандықтан, орта және орталау мектептерде сабақ орыс тілінде жүргізілді.

      Ауылымыздың байырғы тұрғындарының айтуы бойынша мектепке арнап үш бөлмелі         үй салынды. «Бұл 1920 жылдардың аяғында болар,»-дейді үлкендер.  Себебі 1924 жыл 1 ақпандағы «Красный Урал» газетінің №30 санында «В Семиглавом Маре есть ликбез.» делінген. Мұнда балалар бастауыш (міндетті түрде) және орталау білім алып шығатын. Осы кезең туралы «Приуральская правда» газетінде «Ұмытылған ауыл» мақаласы жарияланған: «При станции Семиглавый Мар имеется поселок, в котором насчитывается около 250 человек трудоспособного населения. Но здесь полностью отсутствует культурно-массовая работа. В небольшом клубе, расположенном на территории станций, с января не прочитано ни одного доклада, ни одной лекции, не проведено ни одной беседы. Молодежь Семиглавого Мара в часы отдыха занимается только танцами.

              Среди работников станции есть опытные организаторы художественной самодеятельности. Своими постановлениями они внесли некоторое разнообразие в жизнь поселка, но им нужно соответствующая помощь для осуществления всего, что задумано, а в поселке нет даже библиотеки. Первичная партийная организация станции и элеватора не проявляют со своей стороны никакой инициативы в вопросах политической и культурно-массовой работы. Забыл об этом и отдел пропаганды и агитации Каменского райкома КП(б)К.»

                                                                                                            Т.Салищева,   1 августа 1943 год.

     1944-1947 ж.ж. Борис Михайлов Шаяхметов мектеп директоры болатын. Сол кезде Валентина Андреевна Пушкарева және тағы бір мұғалім (есімі анықталмаған) шәкірттерге сабақ берді. Мына есімдер мектеп тарихында мәңгілік қалды: Н.И.Семенова (1938ж.), В.А.Пушкарева, Б.М. Шаяхметов, Л.И. Исаев, Н.С. Щербакова, Т.Ф. Петрушкина, И.К. Мукушев, А.Н. Бойко және т.б. (50-ші жылдар). Олар – жандары пәк, өз мамандығына  жанымен берілген, тамаша адамдар.

     Балалық шақ – адам өмірінің маңызды кезеңі. Бұл ұзақ өмірге дайындық емес, дәлірек айтқанда, сол өмірдің ең таза, жарқын, мәңгілік есте қалар кезеңі.

     Жеке адамның негізін қалау жылдары, бастауыш сыныптардан қадам алады.

     Қырық жылға жуық табанды еңбек еткен мектебіміздің мұғалімі Нина Андреевна

Таршилова осы айтылған қағиданы ту ретінде ұстап, жас балаларға жүрек жылуын арнады. Қадірлі ұстаз 1937 жылы дүниеге келген.1945-1955ж.ж. Каменка мектебінде оқып, орта білім алды.

     Қолына аттестат тиген жылы Оралға барып, А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетіне түсті. Отбасылық жағдайларына байланысты,  ол 1956 жылы Семиглавый Мар сегіз жылдық мектебіне келіп, математикадан сабақ берді. Сонымен қатар ол «Педагогика және бастауыш сыныптар әдістемесі» бөліміне ауысып, оқуын сырттай жалғастырды.

    1960-1993 ж.ж. бойы мектебіміздің бастауыш сыныптарына сабақ беріп, жас бүлдіршіндерді білім теңізінде еркін жүзе білуге дайындады. Қырық жыл өмірін балаларға арнаған ұстаз құрметті зейнеткерлер қатарына кірді. Қазіргі уақытта мектеп түлектері ТМД-ның әр түпкірінде еңбек етіп жүр. Мысалы: мектеп түлегі – Жигульцева – Мәскеу мед. институтында профессор, М.Салыхов – Қазақстан Республикасының Украинадағы өкілетті елшісі. Виктор және Александр Таршиловтар,  Нариман Мусин,  Ержан Алжанов,  Ж.Жазықбаевтар офицерлік мамандықты қалап, бүгінде ел қорғаушылары қатарында жүріп жатыр. Оларды біз мақтан тұтамыз.

    Сонымен қатар мыңдаған түлектеріміз қарапайым құрылысшы, диқан, малшы,  мұғалім, дәрігер, автокөлік жүргізуші және басқа мамандықтарды игеріп, еліміздің  экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі қоғамымыздың нақ сүйенер тірегі, осы бір белсенді ұрпақ болып табылады.

Өмір өз ағымымен жүріп жатты. Жыл санап, ауылдың мал басы өсіп, экономикасы дамып, іргесі нығая түсті. Шаруашылықты техникамен жабдықтау жақсарды. Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс – тіршілігі түзеле бастады. Вавилино, Үңгір және Шегір елді – мекендері селолық Кеңес құрамына кірді. Енді кішкене мектеп тарлық етті. 1955-1956 жылдар шамасында темір жол бекетінің қасына екі қабатты мектеп үйі салынды.

Оған мектеп директоры болып  Бойко  Александр Николаевич тағайындалған, «ол 1956-1961 жылдар аралығында директор болған»-дейді көз көрген қариялар. Содан кейін 1961–1963ж Елеуов Утепкали Кавенович болған. Ал 1963 – 1975 жылдары Бисенгалиев  Әдиет Бисенгалиевич деген директоры ел есінде әлі бар ол өте тамаша басшы болған. Білім саласындағы мемлекеттік саясатқа жетік, басқару мәдениетін жақсы меңгере білгендігін   және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары дәрежеде екенін танытты. Өзінің  еңбекқорлығымен, кішіпейілдігімен қасиетімен елдің есінде. Содан кейін 1975 – 1976 ж. Тургельдиев Мураткали Камешевич болған. Одан  соң 1976-1981 жылға дейін Меңдеш Залешевич Мухамбетияров болған.Аудан және облыс мекемелерінің табалдырығын тоздырып жаңа мектеп салуға бар күшін салды. «Бұл мектеп басшысы ұстаздарға, шәкірттерге де дауыс көтеруді білмейтін, байсалды, ақылға жеңдіріп сөйлейтін, беделді адам еді"

1976 жылы өз алдына отау тігіп жатқан арнаулы шаруашылық (спецхоз) жан-жақтан білімді мамандар мен жас отбасылары қоныс тебе бастады. 1977-1978 ж.ж. жаңа мектептің қабырғасы көтерілді. Жаңа мектептің директоры Меңдеш Залешевич Мухамбетияровқа жүктелді. Бұл кісі мектеп тұрмысына сіңірген еңбегі аз емес. Осы жаңа мектептің тұңғыш мектеп бітірушілер кеші 1979 жылы болған соның суретін жеке адамдардың альбомдарынан тауып алдым, астында сондай мәлімет жазулы тұр екен.

    Бұрынғы екі қабатты мектеп бала-бақшаға берілді.Бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін,  бұрын  бастауыш сыныптар мұғалімі М.Ж. Шангерееваға  жіберілді.Меңсұлу апай 1977жылы отбасымен осы біздің ауылға көшіп келіп 2-сыныпта мұғалім болған. 1977-1978 оқу жылында оқушылар жаңа мектептің табалдырығын аттады. Сол кезде бұрынғы мектеп балабақшаға берілді , сол бала-бақшаға меңгеруші болып Меңсұлу Жұмағалиевна болды.Ол апайдың айтуынша сол бала-бақшада 3-топ    75 бала болғанКөп жылдар атқарған жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет  грамотасы мен 1985 жылы марапатталды. Меңсұлу Жұмағалиевнаның көптеген    алғыс хаттары  бар.  

Мектепті 1981-1982 жылдары Хайров Ораз Губашевич басқарғаны туралы  дерек  кездеседі.

 Ол ағай география пәнінен сабақ берген.Ол оқушыларға өз пәнінен терең білім, сапалы тәрбие, еңбек дағдысын үйретуде аянбай еңбек етті. Қазір зейнеткерлік демалыста 2-ші Шежін ауылында тұрады. 1982-1988 жылдар аралығында Анисова Ляйля Жакешевна директор болған.

      Біздің ауылымызда аудандық мал бордақылайтын бірлестік құрылған болатын, жан-жақтан көптеген адамдар көшіп келіп ауыл үлкейді, бала саны артты бұрынғы мектеп тарлық етті..1985 жылы 2-этажды жаңа мектеп салынып, сабақтар кабинеттік жүйемен жүргізілді,             

кітапхана, спорт зал, шеберхана балалардың сүйікті  орындарына айналды. Дегенмен мектебіміз тек сегіз жылдық білім беретін. Тұңғыш осы жаңа сегіз жылдық мектепті   бітірген осы мектептің қазіргі кездегі мұғалімі Шантимирова Нұрслу Иватовна еді. Орта білім алу үшін түлектеріміз Тасқала немесе басқа  ірі мектептерге баратын.  Соны ескерген  аудандық оқу бөлімі 1990-1991 оқу жылынан бастап оқу орнымызды орта мектепке айналдырды. Сол орта мектептің алғашқы түлектері 1973 жылы дүниеге келген ағаларымыз болатын       

 Ауыл мектебі ашылғанына 80 жылға жуық   мерзімді мұнда көптеген ұстаздар еңбек сіңірді. Барлығының есімдерін атамай – ақ, елге , ауданға, облысқа  аттары белгілі білімі және мейірімділігімен  танылған, шәкірттерінің есінде сақталып қалған  мұғалімдер де аз болмаған.

Ляиля Жакешевнадан кейін мектеп директоры болып  Казиуллина Күнімай Сагиевна тағайындалды , ол екі-ақ жыл болған, содан кейін 1990 – 1994 жылдары Спашев Сағынтай Махмудович болды . 1994 – 2005 жылдары - Мурзагалиева Мағрипа Қуанышкереевна .2005 – 2008 жылдары - Ахметов Хафиз Маратұлы. 2008 жылынан бастап Гумаров Бериккали Жексенғалиұлы.

  Ал ертеңгі күніміздің сенер азаматтарын мектеп қоңырауы сыныптарға шақырып,                                          жалынды  ұстаздарымыз дәріс беруде. Сол мұғалімдерім туралы мәлімет берсем  ардагер ұстаздарымыздың бірі  Утегалиева Раиса Хакиреевна 1977 жылы В.Г. Короленко атындағы Полтава мемлекеттік педагогикалық институтын  бітіріп, Семиглавый Мар сегіз жылдық жаңа  мектебінде ең алғаш еңбек жолын бастады. 1977 жылы жаңа мектепке көшкені туралы мәлімет жоғарыда айтылған болатын.

       Күні бүгінгі дейін осы білім ордасында тұрақты еңбек еткен. 36 жыл балаларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінен білім беріп, оған қоса сынып жетекшілік міндетін атқарды.

      Раиса Хакиреевнаның шәкірттерінің көпшілігі жоғары оқу орындарын бітіріп, түрлі салаларда қызмет етуде. Тіпті өзімен бірге әріптес болып бірнеше жылдан бері  жұмыс істеп жүрген  шәкірттері де бар. Атап айтар болсақ Ахметов Х.М., Шантимиров С.И., Есниязов Р.Н., т.б.

        Раиса Хакиреевна – қарапайым да, қайырымды, бала жанын түсіне білетін, әр оқушысын өз баласындай көретін жаны жайсаң, мейірімді ұстаз.

       Раиса Хакиреевнаны бала жанының бағбаны деуге әбден болады.

       Соңғы екі жылдан бері мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқаруда.

        Раиса Хакиреевна  - әріптестері арасында сыйлы, үлкенге ізетті, кішіге қамқор, қай істе де жанашыр жан.

    Осы мектептің түлектерінің бірі және Раиса Хакиреевнаның шәкірті Шантимиров Самиғолла Иватұлы - шығармашылық ізденіспен жұмыс жасап жүрген жаңашыл ұстаз.

       Сабақтарында қызықты материалдарды пайдаланып, шәкірттерін өзіне баурап алады.

 Самиғолла Иватұлы өз әдістемелік шеберлігімен мектептегі әріптестерімен, аудан мұғалімдерімен бөлініп, тәжірибе алмасып отырады. Аудандық семинарларда көптеген ашық сабақтар өткізді: «Шығыс елдерінің шаруашылығы», «Дүниежүзілік транспорт және байланыс географиясы», «Меріл» интеллектуалды ойын т.б.

       «Географияны оқыту мен жеке тұлға тәрбиесінде туризм және өлкетану тәсілдерімен ғылыми тұрғыдан жақын келу» атты әдістемелік тақырыбымен жұмыстануда дәстүрлі емес оқу үрдісін, үйірме жұмыстарын ұйымдастырып, балалардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, таланттарын аша түсуде. Оқушылардың танымдық белсенділігін көтеріп, өз бетінше еңбектенуді, ойларын тұжырымдауды, қорытынды жасауды талап етеді. Білімді де байсалды ұстаз өзінің терең білімі, адамгершілігі арқылы оқушылар, ата-аналар, әріптестері арасында беделді.

         Самиғолла Иватұлы аудандық «Жыл мұғалімі-2002» сайысына қатысып «Гран-при» жүлдесін иеленіп, облыстық кезеніне қатысты.

       Самиғолла Иватұлы мектептегі «Исток» үйірмесіне басшылық етіп, қоршаған ортаны қорғауды жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап үйретеді. Жалықпай еңбектену, өзінің бар білгенін басқаларға үйрету – оның бойына біткен қасиет.

      «Приуралье» газетінде «Достық зергерлері» (2005 ж.) , «Тасқалалық Колумбтар» (2006 ж.), «Соқпақ-Тропинка» журналында «Саяхатшының жол жұру» белгілері» (2007 ж.) туған өлкенің экономикалық проблемаларына арнап жазған мақалалары жарияланды.

       2004-2005 оқу жылы облыстық олимпиадаға қатысып оқушысы Ликеров Жаслан, география пәні бойынша III орынға ие болды.

      Ешкітауда өткен аудандық ғылыми-зерттеу экологиялық экспедициясы мен жыл сайын өтетін туристік экологиялық слеттерге оның басшылығымен қатысқан оқушылары жақсы көрсеткіштер көрсетуде.

      Ұстаздың жетекшілігімен көптеген оқушылары аудандық және облыстық ғылыми конференцияларда жүлделі орынға ие болды:

  • «Табиғат кешендерінің антропогендік факторларының

қалыптасуы» тақырыбында 2002 жылы аудандық ғылым-практикалық конференцияда оқушысы Давыдова Г. – III орын;

  • «Достық округінің жер бедерін қалыптастырушы факторлар»

тақырыбында 2003 жылы аудандық ғылыми-практикалық конференцияда оқушысы Губайдуллина Р. – III орын;

  • “Табиғат кешені бөгеттің жаңаруы “Водокачка” және оның

шаруашылық  маңызы” тақырыбында 2003 жылы аудандық ғылыми-практикалық конференцияда оқушысы  Федотова Е – III орын;

  • Достық округінің табиғатына антропогендік әсердің экологиялық

зардабы” тақырыбында 2004 жылы облыстық ғылыми-практикалық конференцияда оқушысы Губайдуллина Р – III орын;

-Семиглавый Мар орта мектебіндегі гончар ісінің дамуы мен 

болашақтағы жоспары және Кирпичный кірпішке жасалған экологиялық-эстетикалық экспедицияның талдамасы” тақырыбында 2005 ж. оқушысы Губайдуллина Р. аудандық  ғылыми – практикалық конференцияда – I орын;

-“Достық округіндегі су шаруашылығы құрылысының экологиялық

зардабы” тақырыбында 2006 жылы Губайдуллина Р. аудандық  ғылыми – практикалық конференцияда – II орын;

-“Үлкен Крутой” балкасы – экологиялық жүйенің тұрақты дамыған

үлгісі” тақырыбында 2006 жылы аудандық ғылыми-практикалық  конференцияда оқушысы Федотова Е. – III орын, 2007 жылы облыстық ғылыми – практикалық конференцияда – II орын.

     Бұл жұмыстардың нәтижелері аудандық және облыстық ауқымдағы 

ғылыми – практикалық конференцияларда баяндамалар және ғылыми жобалар  түрінде ұсынылып қолданылды.

     2007 жылдың жазында «Исток» үйірме мүшелері көпкүндік жаяу

жүргіншілер экспедициясын құрып Деркөл өзенінің бастау алған жерінен сағасына дейін барды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі облыстық экологиялық-аймақтық слетте таныстырылып жалпыкомандалық III орынға, «Көркем  өнерпаздар» байқауында I орын, «Бейнефильмдер» байқауында I орын,  аудандық «Туған өлке жас экологтар көзқарасымен» атты ғылыми-практикалық конференцияда II орын және оқушыларының ғылыми жобалар сайысында II орынға ие болды.

      Мұғалімнің жұмысы аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасымен (2002 ж.), облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының (2004 ж.), облыстық білім басқармасының (2007 ж.), Қазақстан Республикасы білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен (2007 ж.) мадақталды.

.Тәуелсіз еліміздің ертеңгісі бүгінгі ұстаздың қолында.

 

 

                                                       ҚОРЫТЫНДЫ.

 «Ата- ана бұл қоғамға адам әкелер, ал ұстаз болса- азамат әкеледі», - деп айтқан екен осыдан екі мың жыл бұрын әйгілі Рум философы және жазушысы Луций Сенека.

  Біздің мектебіміз бен ұстаздарымыз алдымен азамат, содан кейін білімді шәкірт дайындауға атсалысты. Өкініштісі, алдыңғы буындарды құрайтын кейбір ұстаздардың өмір деректерін олардың өлкетанушы ізбасарлары мәлімет дайындағанда толық көрсете алмаған. Тіпті солардың кейбіреулірі назардан тыс қалып қойсада кім білсін?  Себебі бүгін дәріс беріп жүрген оқытушылар алғашқы мектептерді ашып шәкірттерді оқытқан аға ұрпақтардың немере- шөберелерімен қатарлас, төртінші – бесінші ұрпақ буындарына  айналып барады. Екінші бір себеп – алфавит реформалары. Ескіден елімізге тараған араб жазуы Кеңес үкіметі құралғанда өзгеріске түсіп, су жалид(төте жазу) алфавиті пайдалынады. Ал 1929 – 1940 жылдары араб алфавиті латын алфавиттеріне (латница) ауысты. 1940 жылдан бастап қазақ тілі кирилица арқылы (грек әріптері негізгі орыс алфавиті) қағазға түсті.

  Еліміздің басынан соңғы бір ғасырда өткен қилы-қилы  замандар, әрине халыққа білім беру жүйесінеде өз әсерін тигізіп жатты. Кезінде ұлтымыдың асыл азаматы Ахмет Байтұрсынов былай деп айтқан еді: «Зиялы қауым өкілдері! Сендер адаспасаңдар, сендер адассаңдар – халықта адасады.»

  Қазақ елінде ең алғашқы білім ошағы осыдан 170 жылдай бұрын  (1841 ж.) Бөкей Ордасында ашылғаны баршаға белгілі. Көшпенді халықтың жас ұрпағын оқытуды көрген – білген мол Жәңгір хан өз қолына алып қадағалады. Бұл мектептен білім алып шыққан талай қазақ жастары жоғары оқу орындарын бітіріп өз еліне аянбай еңбек сіңірді.Олардың арасынан елге белгілі ғалымдар мен генералдар, ақын-жазушылар мен талантты ұстаздар, басқада көптеген мамандық иелері шықты.

  Ал ХІХ ғасырдың бөкейліктердің  ауылдарында жиырмадан астам мектептер бала оқытумен шұғылданды. Соның ішінде Хан Ордасында қыздарға арналған мектеп ашылды. Ол кезде осыншама оқу орыны кез келген жерде бола бермейтін.

  Ал Тасқала ауданының тарихына келер болсақ – мектептердің  ашылуы жарты ғасырға кенжелеу қалған. Соған қарамастан аудан мектептері бес-алты ұрпаққа білім беріп оларды болашақ үлкен өмірге түлетіп жіберген екен.

  Бірнеше ұрпаққа білім нұрын төгіп, жүрек жылуын аямаған – аудан, облыс, республикаға есімдері әйгілі ұстаздарымыз аз емес.

  Солардың ішінде   Т.М.Ахметжанова, В.Ф.Страдубцева, Х.К.Ерменова, А.Е.костина, С.М. Таршилов, Л.Ф. Земышева, К.К.Киматов, Ш.Ғ.Сағатова, Қ.У.Умиртаев, Г.Х.Әлімова, С.О. Өтешева, Н.М.Скорикова, Л.Д.Мищенко, Д.К.Қабдешев, Н.П.Балахонова және т.б атап өтеге болады.

  Мектеп ұжымдарына жылма-жыл жаңа буын мүғалімдер қосылып жатыр. Әрине, бұл бүгінгі заманның адамдары: білімдері терең, көкіректері ояу, компьютерлік технологияны жете меңгерген мамандар.

 

   Интернет байланысы, соңғы жобадағы цифралық техника мен бүгінгі таңдағы компьютер құралдары шәкірттерге арналған. Иә, бұл мектеп біздің ауылымыздың мақтанышы, себебі  ауданымызда ең жақсы деген он екі мектептің алдыңғы қатарына кіреді. Бұл оқу орнын осындай деңгейге жеткізіп басқарып отырған тәжіребиелі ұстазымыздың еңбегі орасан зор. Күні  кеше мектеп түлектері ҰБТ-дан аудан мектептерінің бәрінен басып озып бірінші орын иеленді.

   Үлкен өмірге қадам басып, "орынын тауып қаланған" сол түлектер, қаншама жылдар өтседе, өзінің мектебін, кезінде дәріс берген ұстазын ешқашан ұмытқан емес. Сөз соңында айтарымыз – бұл жұмыс бүгінгі және келесі жас ұрпақтарға үлгілі тәлім-тәрбие беретін, патриоттық сезімдерін оятатын, өлкетану жағынан  маңызы бар жұмыс деп есептеймін.        

    Зырылдаған заман бүгінгі ұстаз, ертенгі шәкірттеріне басынан өте шығар.Ал бұл жұмыс болса мектеп кітапханасында өзінің оқушылары мен зерттеушілерін күтіп жатады. Және қолына алып беттерін ашқан адамға кешегі мен бүгінгі ұстаздар туралы шағын мәлімет береді.

  Ұстаздарымыздың әр қайсыда жас ұрпаққа ұстаздық жасады, еңбек сабағын үйретті, адамгершілік тәлім- тәрбие берді. Тек қана сабақ беру  емес, елдің мәдениетін мен тұрмысын дамытуға бар күш – жігерін аямады. Мектептен шыққаннан соң кейінгі өмір  сабағын солардан үйренеді..                        

   « Қазіргі күні мұрағаттарда көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, қолжазбалар сақталған. Өлкетанумен айналысатын адамдар өз жерінің тарихына қатысты деректерді сол мұрағаттар мен кітапханалардан жинайды»-делінген бесінші сыныптың оқулығында . Мектептің өмірі қысқаша айтқанда, осылай өтіп жатырған жағдайы бар. Бір данышпан: «Өмір бар жерде балада бар, бала бар жерде ұстазда болады», деген екен. Бүгінгі таңда мектебіміздің ұстаздар ұжымы өзінің білімін, күш-жігерін, саналы ойын шәкірттеріне арнап, соларға үлгілі тәлім-тәрбие беріп келеді. Тәуелсіз еліміздің ертеңгісі бүгінгі ұстаздың қолында.Менде өз өлкемнің тарихы мен мектебімнің тарихы келесі ұрпаққа жетсе екен деп ойлаймын.

         

                                                     ӘДЕБИЕТТЕР

   1.Туған өлкем –Тасқала. 1999 жыл. Орал қаласы

   2.Ұстазға деген мың алғыс. Г.И.Сабиров. Орал қаласы. 2010 жыл

   3.Қазақстан тарихынан әңгімелер.

                                                              Ж.О.Артықбаиев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әбіл.

                                                              Алматы «Атамұра»  2010 жыл

   4.« Айқап » журналы. Орынбор қаласы. 1912 жыл

   5.  «Красный Урал» газеті  2 наурыз 1929 жыл.

   6. Мектеп архивінен

loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1280 | Қосты: Zhanarc123 | Ілмек сөздер: шежіресі., Мектеп | Рейтинг: 1.7/3
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5914
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 64
Тіркелгендер: 1
Duyssembaeva_zhanar