Сайт учителя начальных классов
.
Мектеп пен жанұяның мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі бірлескен  жұмысының кейбір ерекшеліктері

Мектеп пен жанұяның мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі бірлескен жұмысының кейбір ерекшеліктері

Мектеп пен жанұяның мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі бірлескен  жұмысының кейбір ерекшеліктері

 

                                                                          Шакенова Айгүл Шаяхметқызы   

   Ақмола облысы

   Степногорск қаласы

                                         Изобильный ауылының ОМ 

         Мектепте мұғалімнің белсенді көмекшілері ата – аналар болып табылатындығын практика көрсетіп отыр. Олар мектепке үнемі келіп жүреді, мұғалімге көмек көрсетуге тырысады.

         Мұғалімдердің ата-аналармен тығыз байланысы бар кезде, олардың мектепке жан-жақты көмегі тиюі мүмкін. Көптеген мектептерде ата-аналар қызықты кітаптарды балалармен біріге оқып, талқылайды, экскурсия өткізеді, түрлі – түрлі шараларға бірге қатысады, таза ауада серуендейді, балалардың бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастырады.

         Ата – аналардың белсенді көмегінсіз балаларды ересектердің еңбегімен таныстыру мұғалімге қиынға соғады. Бұл істе ата-аналардың орнын ешкім де ауыстыра алмайды. Алайда мұғалімге ата-аналардың оқушылармен жүргізетін жұмысын үнемі бағыттап отыруға тура келеді. Ата – анаға қандай да болсын бір тапсырма берер алдында мұғалім балалардың белгілі бір жұмысына қалай басшылық ету, жүргізіп отырған жұмыс барынша үлкен тәрбиелік нәтиже беруі үшін оларды қалай баурап алу керектігі жайлы оларға егжей – тегжейлі нұсқау береді. Мұндай жұмыста ата – аналар балалармен жүргізетін жұмыстарды ұйымдастыру туралы жан –жақты білім алады, сөйтіп сыныптағы жұмыста, педагогтық насихатта мұғалімның айнымас көмекшісі бола алады.

         Балалармен алғашқы жұмыс істеуде ата – аналарды педагогтық, ағарту ісінде мұғалім белсенді роль атқарады. Ол ата – аналармен әңгіме және консультация өткізеді.

         Балалардың өсуіне және тәрбиелеу міндеттерінің күрделенуіне қарай ата – аналармен өткізілетін әңгіме тақырыптары да өткізіледі.Әңгімелерде зейін, еске ұстау, ойлау, сөйлеу, сондай-ақ табандылық, ұйымшылдық, жинақылық сияқты мінездің белгілерін қалыптастыру мәселелері елеулі орын алуға тиіс. Мұғалімдерге осы мәселелердің психологиялық мәнін ата – аналарға таныстыру, сабақта оқушыларды жетілдіріп, дамыту жөніндегі жұмыстың қалай жүргізілетіндігін, бұл жөнінде ата – аналардың не істей ала алатындығын әңгімелеп беру маңызды.

         Ата – аналардың білімі мен тәжірибелерінің жинақталуына қарай ата – аналардың өздігінен педагогтық білім алуының да белгілі бір маңызы бар.

         Мектеп, мұғалім өздігінен білім алу ісіне үнемі басшылық етіп келеді, ұсынылатын әдебиеттер тізімі жасалады, стендтер мен көрмелер ұйымдастырылады. Мектеп өздігінен білім алудың барысын бақылаудың әр түрлі формаларын жүзеге асырады, педагогтық әдебиеттерді талқылауды, оқырмандар конференцияларын, диспуттар өткізіп тұрады.

ID: 122 | Просмотров: 2224

21/Янв/2015