Басты бет » 2015 » Февраль » 17 » “Мектеп көшбасшылығы және оқушылардың нәтижелігі “
11:03
“Мектеп көшбасшылығы және оқушылардың нәтижелігі “
загрузка...
“Мектеп көшбасшылығы және оқушылардың нәтижелігі “
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Біз мұғалімдер маман емес адам, тұлға дайындауымыз керек. Бірақ бүгінгі мектеп бұл тапсырманы орындай алмай жүр. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны осы мәселелерді шешуге бағытталған. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.
Біз, ұстаздарөз ісімізге сүйіспеншілікпен қарауымыз, оны шәкіртерге жүрек тілімен ұсынуымыз керек. Еркін ой, шығармашылық, сүйіспеншілік қайда пайда болады? Ол жүректе пайда болады.
Бізге педагогтың 3 /үш/ стилі белгілі. Авторитарлық / өктемдік/, либеральдық / бәрі дұрыс/, гуманистік /ізгілікті/. Мұғалім баланы белгілі бір мақсатқа жетелейді. Ал бала оған өз күшімен жетуі керек.
Л. Толстой : «Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе ол жақсы мұғалім.Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға деген сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім» деген.
Әрбір көшбасшы мұғалім жұмыс барысында мектептің дамыту жоспарына өз өзгерістерін енгізіп жоспарлар жасауда. Олар мектептерінің олқы және мықты тұстарын анықтап алды, соның нәтижесінде тақырыптары айқындалды. Оны анықтауда, оқушылар, ата-аналар мұғалімдер қатысты. Әрбір мұғалімнің алдында мектептегі білімді тереңдету, қорыту және тарату, оқушылардың басым бөлігін ықпал ететіндер қатарына жеткізу,ата-ана,мұғалім, оқушы үштік одақтардың жұмыстарын жандандыру сияқты мақсаттар тұр.
Шығыс даналығында : «Маған айтсаң – ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп алам»- деген жақсы сөз бар , әрбір ұстаз баланының ынтасын, қызығушылығын ояту керектігін, оларға бағыт бағдар беру, үйрету, жетелеу қажеттігін жақсы біледі.
Көшбасшы – халық алдында қулыққа бармайды ол әділдікті сүйеді. Оқушыларды жақсы, жаман деп бөлмейді. Өзгелердің пікіріне құлақ асады, өзін басқалардан жоғары санамайды.
Бағдарламаны игеріп келген көшбасшы мұғалімдер сабақ өтуде, мектеп тәжірибесін үйренуде және жұмыстар атқаруда, мұғалімдерге оқығанын үйретуде , мектепті басқаруға қатысуда. Ш.А. Амонашивили өз сөзінде «Мектепті емес мұғалімдерге реформа жасау керек» деген, қазіргі кезде мектептерде мұғалімдер өзгеруде. Мұғалімдер сабақ өткенде жаңа әдіс тәсілдерден пайдалануда және әріптестеріне ұсынуда. Жеті модульде қарастырылатын идеялар, сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов : «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап , өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуге керек»- деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, қажеттігін ескерте отырып, сондай – ақ жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын. Біз мұғалімдердің бойында аса қажет , өздеріне тән қасиеттердің болғанын қалаймыз. Олар: балаға деген сүйіспеншілік, педагогтің кәсіби сана сезімі мен жауапкершілігі, педагогтың өзін –өзі әрдайым жетілдіруге дайындығы, әділдік, эмпатия, тілектестік, ынталылық және ашықтық. Мұғалімдер жас ұрпаққа білім беруде әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеруі тиіс.
Абай Құнанбаевтың 7-ші қара сөзінде жас бала туралы былай айтылады: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі –ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі- білсем екен деп ұмтылып, одан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естіген нәрсенің бәрін сұрап , тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Біз балалардың бойындағы жан құмарлықтарының шыңдалуында көмектесуіміз, жол көрсетушісі, бағыттаушысы бола білуіміз керек. Бағдарламаны игерген мұғалімдер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардан мынадай қорытындылар келіп шығады:
- Оқушылардың жетістіктерін шартты түрде нығайту
- Дәрменсіздікті түзетуге болатынын есте сақтау
- Оқушылардың мінез құлықтарының негізгі факторларын білу
- Оқушылардың бойында жетістікке деген сенім үнемі болмайтынын және сәтсіздікке ұшырамау үшін табысты болуға жасалған ұмтылысы кезінде туындайтын тәуекелдерді басып тастау мүмкін екенін түйсіну
- Оқушылардың сәтсіздіктері ғана емес, сонымен қатар жетістіктерге қол жеткізіп отырғанына көз жеткізу
- Оқушылардың тиімділігі туралы бағалары олардың ынтасына әсер ететінін мойындау
- Оқушылардың біліміне ғана емес сондай ақ оның жағдайына да ерекше көңіл бөлу
- Кейбір оқушылардың оқыту бағдарламасының талаптарына қарағанда қауіпсіздік тиесілілік және өзін –өзі таныту сезіміне көп назар аударатынын білу
- Егер мұғалім топтың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлеріне қайшы келетін әрекет жасаса, белгілі бір топ мүшесі саналуды ерекше қажет ететін оқушылардың қиындық көріп ынтасы төмендейтіндігін түсіну
- Мұғалімнің жеке көзқарастары мен құндылықтары оқушының ынтасына қатты ықпал ететіндігін мойындау
Қандай жұмыс бастасақта Жазылбек Қуанышбековтың мына сөздерін басшылыққа алсақ жұмыстарымыздың алға басатынына сенімдімін : «Қолыңа іс алған екенсің – аяқсыз қалдырма, қайта қалауын табуға ұмтыл, табандылық таныт, сәл сәтсіздікке ұнжырағаң түспесін».
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1331 | Қосты: isanova_sau | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0