Сайт учителя начальных классов
.
Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын  пайдаланудың тиімділігі

Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі

Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын  пайдаланудың тиімділігі

 

Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы

№24 орта мектептің матемтика пәні мұғалімі

Қожабай  Айсұлу  Молдабайқызы

 

      Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқыту-дың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық техно-логияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
        Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту
- Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту
- Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды.
    Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір – бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді.
      «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалып-тастыруға септігін тигізеді. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін - өзі білім алуына ыңғайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Осы орайда мен сабғымда көбіне үлестірме және қиынды қағаздарды көбірек пайдаланамын. Оқушыда  қолымен ұстай отырып сыни тұрғыда ойлануына мүмкіндік туады.

 Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:

  • оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету,
  •  еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау,
  •  басқалармен өзін салыстырып түзеу,
  • өз - өзіне сыни көзқараспен қарау,
  •  сыни ойлауды дамыту,
  •  еркін қарым - қатынас жасау,
  • өзін - өзі жетілдіру

  
          Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардын құзіреттілігін дамытуға болады. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.

Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылыктардың бірі.     

Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Жаңа педагогикалық технологиялар әдістерін пайдаланып өткізген 6-сыныптағы «Теріс сандарды қосуға есептер шығару» тақырыбындағы сабағымды баяндағанды жөн көрдім.

3-апта

6-күн

4-сабақ

 

Сабақ-ң тақ-бы:

Теріс  сандарды  қосу. Есептер шығару.

 

Сілтеме:

ОМЖ  4-сабақ,оқулық математика 6 сынып, «Атамұра»

 

Жалпы мақсаты:

Теріс сандарды қосуда терімділік және орын ауыстырылымдық қасиеттерін есеп шығаруда тиімді пайдалана  білу. Оқушылар топтаса жұмыс жасауға дағдылану. Оқушылардың белсенділігін,өмірге деген құлшынысын арттыру. Үлестірме қағазар бойынша жұмыс жүргізу арқылы, теріс сандарды қосу туралы ұғымды бекіту.

 

Оқу нәтижесі

Оқушылар теріс сандардың қосындысы теріс сан болатынын,қосындының мәні қосылғыштардан кіші болатынын біледі.Қосу амалының ауыстырылымдық және терімділік қасиеттерінің  есеп шығаруда тиімділігін біліп,қолдана алады. 

 

Түйінді идеялар:

Теірс сандардың қосындысы теріс сан болады.Қосынды қосылғыштардың әрқайсысынан кіші болады.

 

Жаттығулар:

1.Топқа бөлу.

2  минут

2.Үй тапсырмасын тексеру. 12 минут

3.Есептердің дұрыс шығары-луын қадағалау. 25 мин

 

4.Сергіту сәті

1 мин

5.Бағалау

3 минут

Үйге тапсырма беру

2 мин

 

Есептердің дұрыс-тығын тек-ру

Тақырыпқа байла-нысты сұрақтарға жауап

 

 

суреттерге байланысты

 

Жұптасу, топтасу

«Ақылды доп»

1.Нақты мысалдар келтіру. 2.Оқулықтағы есептерді  шығару жолдарын түсін-ру

3.Есептерді өз бетінше шығару

 

 

Бірлескен жұ-мысқа негізделген тәсіл:

Топтау, жұптасу

Диалог

Түрткі сұрақ қою, көрсете түсіндіру

  •  
  •  

ге билеу

Өзара бірін-бірі бағалау

Өзін-өзі бағалау

Топтық бағалау

 

 

 

 

Дереккөздер:

 

1-минут

1.Оқулықтан

тақырыпты оқу.

2.Теріс сандарды өмірде қолдану мысалдары

 

 

 

Оқуға арн-ған тапс-ма 1минут

Оқулықтағы тақырыптың беті, есептер нөмірлер

                                    

 

                       

Сабақтың барысы:

уақыты

Жұмыстың  түрі

Мұғалімнің  рөлі

Оқушының  рөлі

 

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды топқа бөлу

2 мин

 

 

Үй тапсырма-

сын тексеру

10 мин

 

 

Есептер шығару

Тақтамен жұмыс

25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру. 2 мин

 

 

Бағалау

3 мин

 

 

Рефлексия

2 мин

 

Оқушылармен амандасу,түлелдеу. Оқушыларға   4   гүл суреттерін үлестіру арқылы 4 топқа бөлу

Топ  ережесін еске түсіру.

 

1.Үй тапсырмасына дайындық қол сигналымен көрсетуді сұрау. Дайындығы аз оқушылар есепке алынады. Оларға сабақ барысында түсіндірме жүргізіледі.

2.Топтағы бір оқушының үй есебінің дұрыстығын тексеру

3.Оқушылардан үйден дайындап келген сұрақтарын топпен ойласа отырып жалпы сұрақтар тізімін жасайды.Сол сұрақтарды «Ақылды доп» стратегиясын пайдалана отырып басқа топқа қояды.

 4.Жақсы сұрақ дайындаған оқушыны марапаттау.

№424   Ж:-120c

№425Ж:-3,1м

№429 (4,5,6) 

4)-25,  5)- 14, 6)-12

№430

  1. -25
  2. -10,2  ,    3) -31
  3.  -23
  4. -13
  5.  -8

«Макарено» әніне жаттығу

№432

 -39,45,   -24, -,  -6

 -21,5,    -0,09+(-8,2)= -8,29

 

 №426

Кеше -  -0,02 м

Бүгін  -  -0,01 м

Екі күнде қанша?

Шешуі: -0,02 + (-0,01)= - 0,03

  Жауабы:  - 0,03 м

№433

  1.  -23,      2) - 4
  1.  -10    4)  -100
  1. - 2   6) - 3

Қосымша №434, №438 есептерді шығару .

3.1 оқу      99- бет

1.Сабақ соңында оқушылар-дың 4 сабақтағы бағалауларын  есептеу

2. Топтарды медальдар арқылы бағалау

Бүгінгі сабақтағы топтық жұмыс туралы екі жұлдыз, бір ұсыныс беру сұралады.

Бірдей жануар сурет-терін  алған оқушылар бір топқа бірігеді.

Әр топ бір- бір ереже-ден айтады.

Мұхият тыңдайды.

1.Оқушылар қол сигналы әдісімен дайындығын көрсетеді.

2.Үй есебінің дұрыстығын тексеруде жұптық әдіспен топтағы жұмыстың  дұрыс жауаптарымен тексеру.

3.Оқушылар басқа топтағы бір оқушының атын атап  доп бере отырып  сұрақ қояды. Егер

оқушы білмесе,топпен қайта ойласып  жауап береді. Жауапты сұрақ қойған топ смайликтермен  бағалайды.

4. Жақсы сұрақ қойған

 оқушыны анықтайды.

Термометр өзгерісін білуді қосу арқылы анықтайды.

Серіппенің алғашқы ұзындығын анықтауды үйренеді.

Қосудың ауыстырылымдық

және терімділік қасиеттерін пайдалануды үйренеді.

 

Теріс сандарды қосу және бөлімдері бірдей  және әртүрлі бөлшектерді қосу ережелерін

еске түсіреді

Есеп шығару деңгейлеріне байланысты оқушыларды смайликтермен  бағалау.

 

А деңгейлі оқушы мысалмен түсіндіреді.

 

Көңілді жаттығу жасайды

 

Теріс бүтін санға теріс бөлшек санды қосуды үйренеді.

Теріс ондық бөлшекке теріс бөлшек санды қосуды біледі.

 

Өзен суының деңгейін анықтайды.

 

 

 

 

Белгісіз қосылғышты табуды логикалық түрде ойланады.

Түсінбеген есептерін сұрайды.

 

Оқушылар өздерінің бағалау арқылы жетістіктерін біледі.

Жеңімпаз топты анықтайды.

Басқа топтарға екі жұлдыз, бір ұсыныс жасайды

Жеке оқушыларды мадақтау.Топтың  белсенді іс-әрекеті мен ойлау қабілетін атай отырып  басқа топтың медальмен бағалауы

«Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша жақсы жасалған постерге өз бағасын береді.Бүгінгі сабақтан алған білімдерін сараптайды.

 

Осы сабағымда  үш айлық курста оқыған жеті модуль ықпалдастырылды. Яғни сыни тұрғысынан ойлаудың «Ақылды доп» стратегиясы арқылы оқушылардың С деңгейлі оқушыны сабаққа араластыруға және ол оқушының жауапкершілікті сезінуіне қол жеткізсем, үлестірме қағаздар арқылы өз бетінше ойланып,жұбымен ойласып,ой түйіндеуіне мүмкіндік бердім. Сабаққа рефлексия жасауда «ББҮ» стратегиясына оқушылардың жазған жазбаларына қарап оқуды қаншалықты игергені және әрі қарай не істеуім керектігін анықтадым. Ал  оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалау оқушының бағалау критерийін өздері анықтаудың өзі олардың тақырыпты сараптауына бірден бір ой жүйелеумен қатар,өз-өздерін әділ бағалай алуына, өзінің білім деңгейін анықтауына қол жеткізетінін байқадым. «Алтын медальмен» марапаттау арқылы қызығушылығын арттырып, бағдаршам, қол сигналы , екі жұлдыз бір тілек айту арқылы оқушылардың бағалау барысында шынайылыққа тәрбиеледім.С деңгейлі оқушылар үшін қиынды қағаздармен жұмыс ұйымдастырылып, олардың жеке сыни тұрғыда ойлануына жағдай жасалды.Нәтижесінде сыныптағы 12 С деңгейлі оқушылар саны тоқсан соңында 10-ға төмендеді. Сабақта оқушылардың бағалануы жоғарғы деңңгейде болды. Оқушылар төмендегі критерийлерді бірлесе отырып жасап, өз бағалауларын жүргізе білді.

Сабақтың барысы

Критерийлер

Өз-өзімді бағалауым

Мені бағалауы

 

Бағалау түрі

Үй тапсы-рмасына байланысты

 

Сұрақтарды дұрыс қою

 

 

Смайлик

Есептердің дұрыс шығарылуы

 

 

Смайлик

Сұрақтарға дұрыс жауап беру

 

 

Смайлик

Жаңа тақырыпқа байланысты

Тақы-рыпты

түсіну

 

Оң рационал санды біледі

 

 

Қолмен сигналдар

Теріс рационал санды біледі

Оларды салыстыруды біледі

Постердің қорғауы

 

 

Қолмен сигналдар

Есеп шығаруы

 

 

Смайлик

Осындай сабақтар нәтижесінде:

-         оқушылардың қызығушылығы артты;

-         С деңгейлі оқушы жауапкершілікті сезінді, өз бетінше жұмыс жасай білді, кері есеп құрастырып, сұрақ қоюды үйренді;

-         Оқушылар өз-өздерін смайликтермен бағалау арқылы деңгейлерін анықтады, әрі қарай қалай оқу керектігін білуге қалыптасты.

  Сонымен қатар сабақтар топтамасы нәтижесіне сараптама жасасам:

Оқушы саны

C деңгейлі

Жаңа тақы-

рыпқа үлесі

Сұраққа жауап беруі

Сұрақ қоюы

Топтық жұмысқа

араласуы

Өз бетінше есеп шығаруы

Өз өзін бағалауға қатысуы

12

3%-ке артты

3%-ке артты

2%-ке артты

7%-ке артты

2%-ке артты

2%-ке артты

                                        

      Заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолдану математиканы оқыту барысында оқушыларға білім берудің мақсаты олардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шешуге икемді жастарды қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, жан-жақты білімді де дарынды тұлғаны білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде жұмыстана береміз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003

2.      «ХХ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2006

3.     Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – Алматы., 2004 

4.      ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 

   «Назарбаев зияткерлік мектептері»  ДДБҰ, 2012

ID: 132 | Просмотров: 7670

23/Янв/2015