Сайт учителя начальных классов
.
МӘНДЕС, МАҒЫНАЛАС СӨЗДЕРДІҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН АШУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

МӘНДЕС, МАҒЫНАЛАС СӨЗДЕРДІҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН АШУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

МӘНДЕС, МАҒЫНАЛАС СӨЗДЕРДІҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН АШУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Серікхан Амангүл
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
ШҚО Би Боранбай атындағы орта мектеп

М.Әуезов қазақ халқының ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы бүкіл өмірін энциклопедиялық дәрежеде суреттесе, ал оның бұл құбылыстарды бейнелеу шеберлігі тіптен ерекше. Әуезов қазақ тілінің бар інжу-маржанын қағаз бетіне түсірді. Жазушы сол кезеңдегі көне қазақ мәдениетін, яғни халық тілі байлығын, әсіресе, ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік нақыл сөздерді, мақал-мәтелді, билер айтысындағы түрлі көне және дәстүрлі сөз қолданыстарды, афоризмдік орамдарды, аңшылыққа, халқымыздың тақпақ пен тапқыр жауаптарында қалыптасқан ежелгі тілдік дәстүрді, ас беруге, қыз ұзатып келін түсіруге, өліктің артын күтуге, той-томалақ түрлеріне, әр алуан этнографиялық, рухани мәдениетке байланысты лексикалық қабаттардың қай-қайсысын да қажетінше қамти пайдаланды.
«Қайтқанда» тарауы бала шәкірт Абайдың өзінің туған ауылына ерекше алабұртып, асығып келе жатқан қалпын суреттеуден басталады. Оның бұл сәтін бейнелеуде жазушы барын салды, асықты деген сөздерді қолданады. «Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асық-қанды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді». Осындағы күн шыға, таң атар-атпастан деген сөздер де оның туған өлкеге ынтықққан бейнесін аша түскен. Ал қаладан шыққаннан кейінгі екі аралықтағы жайды суреттеуде қолданған сөздері де осы айтылғандарды одан әрі толықтыра түседі. Және бұлардың өзінен бір синонимдік қатар құралған.
«Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйрім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады... Шәкірт бала ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетеді». Оқ бойы алда отыру, оқшау шығу, ұзап кету деген мағыналас сөздер шәкірт баланың жол үстіндегі ауылға жете алмай асыққан келбетін көрсетеді. Ал «ағызып-ағызып та алады» деген сөздің жоғарыда көрсетілген сөздермен тақырыптық синоним құрайтыны сөзсіз. Оның үстіне шығарманың ішінде бұдан кейін іле-шала қолданылған мына сөздермен синоним болып келеді.
« - Ал, кеттім»,-деп соқтырта жөнелді. «Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған». «Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді. Бұлар тағы да сілтесе бермек болды. Байтаста үн жоқ, өз бетімен зымғап барады» .
Эпопеяның алғашқы тарауынан-ақ Абайдың тапқыр, ойлы екендігі көрініс береді. Мәселен, Тақырбұлақ тұсына келгенде Абайды қаладан алып келе жатқан Байтас пен жорға Жұмабай бұл маңдағы ұрылардың бар екендігін айтып, оны жеке шабудан тежемек болады.
« - Сені мен бізді манадан көріп отыр! «Қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсіріп атын әпкел өзінің!» - дейді де, сені төбеден бір-ақ нұқып, мына бәйге бестіңді алады да кете барады, - деді Жұмабай да.

ID: 370 | Просмотров: 2353

31/Мар/2015