Мұғалім мен оқушының сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру- заман талабы

Мұғалім мен оқушының сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру- заман талабы

Үш айлық курстан кейінгі ойларым мен іс- тәжірибем
Сапарбаева Жұлдыз Илесбаевна
№18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Мұғалім мен оқушының сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру- заман талабы
Қазіргі таңда заман талабына сай сапалы білім,саналы тәрбие беру басты мәселе. Сондықтан оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Мен де оқыту тәжірибемді шыңдап, жетістіктерге жету үшін Кембридж әдіс-тәсілдерін үйрену мақсатында үш айлық курстан өттім. Осы жеті модульді қолдана отырып, оқушылардың білімдерін, өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және анық түрде жеткізе алатын тұлға етіп тәрбиелеу басты міндетім деп білемін
«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдіс-тәсілдердің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері Бағдарламаның жеті модулін іс- тәжірибемде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
Солардың бірі «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі оқушыны ізденуге жетелейтін ,ойлауға үйрететін және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда алатын орны ерекше.Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді.Барлық жастағы оқушылар кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйренеді.Ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артады.Сабаққа осы жеті модульді енгізудің жақсы жақтары тек мұғалім үшін ғана тиімді емес, ол оқушы үшін де тиімді.
Бағдарламадағы жеті модуль арқылы мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу -біздің міндетіміз.
Ол үшін ұстаз- ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, белсенді париот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге сенемін.
Қорытындылай келе айтарым, өмір бойы үздіксіз білім алудан, оқушыларға жан-жақты білім беруден жалықпайық. Үнемі ізденейік. Бүгінгі оқушы- ертеңгі еліміздің болашағы екенін ұмытпайық.

Автор: Сапарбаева Жулдыз Илесбаевна

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ

18
Декабрь
0
1886
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.