Басты бет » 2015 » Февраль » 8 » Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске қол жеткізудегі Зифа Аркешқызының қосқан үлесі
16:54
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске қол жеткізудегі Зифа Аркешқызының қосқан үлесі
загрузка...
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске қол жеткізудегі
Зифа Аркешқызының қосқан үлесі.

Жоспар:
Кіріспе: Сұм соғыстың басталуы.
Негізгі бөлім: Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске қол жеткізудегі
Зифа Аркешқызының қосқан үлесі.
а) Жеңіске қазақ батырларының қосқан үлесі
ә)Соғыс кезінде көмегін аямаған жан – Зифа Аркешқызы.
Қорытынды: Жасай бер, Қазақстан!

Ау, адамдар – даналар!
Соғысқа қарсы балалар!
Өркендей берсін қалалар!
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Егемен Қазақстан Республикасында орныққан ұлан-ғайыр кеңістікте сан қилы оқиғалар болды. Қазақ халқы көптен бері Ресей одағының қол астында болды. Сонда мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда сағат төрт шамасында соғыс басталды. Сол соғыстың салдарынан көп жастар қыршыннан қиылып, батырларымыздан айырылдық. Олар сырт жаулардан аянбай күресті, бейбіт өмірді, жарқын болашақты армандады. Ұлы жеңіс үшін жан аямай күрес жүргізген жандар көп еді. Соғыс кезінде барлық халық көп қиыншылықтар көрді. Өз жақындарынан айырылды. Біздің көптеген батырларымыз жеңіс үшін жанын қиды. Ол кезде барлығы ортақ болатын. Себебі олардың құқықтары болмады. Сонда халық бір-біріне көмек беріп, жәрдемдесті. Сарбаздарға ас беріп, тамақтандыратын.
Ұлы жеңіс үшін қазақ батырларының қосқан үлесі мол. Олар елі, жері үшін еш нәрседен аянбады, жандарын қиды. Оларды жеңіске Отанына деген махаббат жетеледі, күш берді. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова сынды батырларымызды ұмытпағанымыз жөн.Біздің батыр қыздарымыз да елі, жері үшін, Ұлы жеңіс үшін өз жандарын қиды.
Соғыс кезінде КСРО құрамында болдық. Сондықтан да біз орыс үкіметіне тәуелді болдық.
Менің соғысқа қатысқан немесе соғыс кезінде майдангерлерге көмек көрсеткен ата-бабам, туысым жоқ. Дегенмен, мен және менің шәкірттерім әрдайым соғыс ардагерлерін құрметтеп отырады. Мәселен, біздің жерлесіміз Садықова Зифа Аркешқызы соғыс кезінде өз көмегін аямаған жан. Мен дәл осы абзал жан туралы жазғым келіп отыр.
Семей қаласында мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылы бірінші мамырда, Нүрсейітовтар отбасында дүниеге келген. Әкесі Нүрсейітов Аркеш Түрксіб құрылысының жұмысшысы, шешесі Нүрсейітова Айша темір жол жұмысшысы. Отбасында жеті бала болды: алдыңғы екі ағайынды Москва түбіндегі шайқаста қаза тапты. Дәл қазіргі кезде Зифа мен Сапура ғана қалды. (Сапура қазір Бишкекте тұрады).
Мың тоғыз жүз қырық екінші жылы Зифа №11 қазақмектебінің оныншы сыныбын бітірді. Мың тоғыз жүз қырық екінің маусымында фронтқа Семей қаласынан өз еріктерімен алынған үш жүз қыздың қатарында болды. Қыздарды Хабарск қаласына әкеп, алты айлық ЖАММ курсын өткізді (жас авиация мамандар мектебі). Зифа мектепті өте жақсы бітірді. Курстан кейін қыздар авиация қаруларының мамандары болып шықты. Оларды әр әскери бөлімшелерге жіберді. Зифа 65373-ші әскери бөлімшесіне түсті.
Зифа Аркешқызы жапондарға және Қиыр Шығысқа қарсы шайқастарға қатысты. Жақсы әрекеттері үшін Кеңес Одағының генералиссимус басқарушы И.В. Сталиннен мың тоғыз жүз қырық бесінші жылдың жиырма үшінші тамызынан №1572 мадақтамаға ие. Құжаттары –ЖК 89343 сериалы әскери билет, мадақтамалары – Семей қаласындағы өлкетану мұражайында сақтаулы.
Кеңес армиясында мың тоғыз жүз қырық бесінші жылдың он алтыншы қазанында әскери ісін тәмәмдады.
Соғыстан кейін Отанына оралды. Мұғалімдік институтті бітіріп, №18 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінін мұғалімі болып ұзақ жыл жұмыс істеп , зейнеткерлікке шықты.
«Ұзақ және ұқыпты еңбегі үшін» медалімен, «Қайсар» медалімен, «Халықтық оқу ісінің үздігі» қағазымен марапатталды.
Зифа Аркешқызы көп балалы ана, оның алты баласы, он бір немересі және шөберелері бар.
Зифа Аркешқызы мың тоғыз жүз алпыс үшінші жылғы тоғызыншы, мың тоғыз жүз алпыс сегізінші жылғы оныншы қалалық кеңес жиналысының депутаты болды. Мың тоғыз жүз алпыс сегізінші жылы ұстаздар арасынан Екінші облыстық құрылтай депутаты болып сайланды.
Қоғамдық жұмыстары үшін марапаттау қағаздарына ие.
Зифа Аркешқызы қырық жыл қоғамдық жұмыстарға қатысып, отыз екі жыл қалалық хорда ән айтып және сегіз жыл қазақ ансамбілінде ән айтып жүр.
Келесі майдандық марапаттары: Отан соғысының ордені, «Жапония елін жеңу» медалі, Жуков медалі.
«Мәңгілік алау. Ол маған қаһарлы шайқастарда қаза тапқан қаһармандардың қасиетті қанындай, алаулаған жалындай, лүпіл қаққан жүрегіндей, мәңгі өшпей жанып тұратын арман-тілегіндей көрінеді»,-деп толғаған еді көрнекті ақын Әбіраш Жәмішев.
Мәңгілік алау, ол- атының өзі айтып тұрғандай, ешқашан өшпей, күндіз-түні жанып тұра бермек. Осынау оттың жылдар бойы мызғымай тұруы- ерлер есімінің мәңгілік екенін әрдайым әйгілеп, дәлелдеп тұрғандай. Биыл Ұлы жеңіске алпыс сегіз жыл толғалы отыр. Бұл дегенің жарты ғасырдан да көп. Неміс басқыншыларын бас идірткен сол бір мерейлі күн біздер үшін тым алыстау уақыт мөлшері мен заман кеңістігінде қалып қойса да, ол- жыл сайын жыл құсындай ержүрек батыр қандастарымыздың рухы арқылы Мәңгілік алау, от болып жаңғырып-жанданып қайта-қайта келе бермек. Өйткені Мәңгілі алау- ерлік пен елдік алауы! Мәңгілік алау бізді бейбіт өмір берекесін, халық бақытын, болашақты қорғауға, әрқашан қырағы болуға шақырады.
Сөйтіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мынадай тыныш заманның оңайлықпен орнамағанын білеміз. Бұған миллиондаған боздақтардың қыршынынан қиылып, жас өмірлерін пида ету арқылы қол жеткенін ұмытпауымыз керек.
Биыл Ұлы жеңіске – жетпіс жыл. Ата-бабаларымыз қан майданда жанқиярлық ерлік көрсетіп, миллиондаған құрбандықтарымен жеткен бұл айтулы мереке жыл сайын кең ауқымда аталып өтеді. Алғашқы «Ауылыңыздағы Ұлы Отан соғысы ескерткішінің күйі қандай?» деген айдарда еліміздің облыс, қала және аудандарында Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш-мемориалдардың бар екені сөзсіз.
Ұлы Отан соғысына қатысып, көз жұмғаны жанға батады. Қайсар батырларымызға бүкіл күллі қазақ елі тағзым етеді.
Бізді осы күндерге де жеткізген ардагерлерімізге алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз. Сол сұм соғыс жылдарынан кейін Қазақстан мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы он алтыншы желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз елге айналған Қазақстан барған сайын өркендеп, жаңарып өсіп келе жатыр. Қарқынды дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін, еліміз көптеген жаңа қадамдарға барып жатыр. Елімізді осындай жоғары дәрежеге көтеріп келе жатқан біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Еркін мемлекеттің еркін адамдары өз болашағына сенімді, олардың меңзеген мақсаттарына жетіп, бақытты да лайықты болары сөзсіз. Қазіргі болмыстың тарихи негіздерін білу-өткендегі ата-бабаларымызды ардақтау, болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілікті ұғыну болып табылады. Ендеше еліміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз – ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ел болашағы- жастарда»,- демекші, еліміздің гүлденіп, көркеюіне және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне біз, жастар, еңбек етіуіміз қажет. Қазіргі таңда жастарға көп мүмкіншілік берілген. Әрбіріміз сол мүмкіншілікті ұтымды пайдаланып, еліміздің кеңеюіне үлес қосуымыз керек!
Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім!
loading...

Авторы:

Бөлім: Конкурс ең үздік шығарма | Көрсетілім: 1241 | Қосты: Aksartova_Zhuldyz | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5903
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 75
Қонақтар: 75
Тіркелгендер: 0