Басты бет » 2015 » Февраль » 28 » Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі
23:34
Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі
загрузка...
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер , бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.
Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз.
Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың табысты орындалу деңгейіне байланысты.
Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің » іргетасы қаланды. Болашақ қазақстандық мектептер үлгілері дарынды жастармен жұмысқа қуатты күш беретін болады. Әр мектептің өзіндік ерекше сипаты бар екені бәрімізге белгілі. Нақтырақ ұлттық мектептерге тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің көмегімен іріктеуден басталады. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған кешенді психологиялық-диагностикалық тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Тексерудің нәтижесінде баланың жалпы және психологиялық даму деңгейі анықталып қана қоймай, оның өзіндік қабілеттері мен дарындылығын, әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады.
Дарынд ы оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес.
«Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет.
Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен
қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз.
Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады.
Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады.. Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.
Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздыс.
Елбасымыздың кезекті жолдауында да болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі де басым бағыттардың бірі болып отырғаны тегін емес. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы » дейді Әбу Насыр әл-Фараби өз қағидасында. Яғни оқу мен тәрбие егіз. Оқу мен тәрбие ықпалдастығы сондай бірін-бірі толықтырып отырады.
Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі Алматы: КазПИ,1991.
2. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Конкурс ең үздік шығарма | Көрсетілім: 1646 | Қосты: jazira5 | Ілмек сөздер: негізі, ұлттық, білім, сапалы, Тәрбие, берудің | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 40
Қонақтар: 40
Тіркелгендер: 0