Басты бет » 2015 » Май » 19 » Ұлттық қозғалыс ойындары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың моторикасын дамыту
15:08
Ұлттық қозғалыс ойындары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың моторикасын дамыту
загрузка...
«Ұлттық қозғалыс ойындары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың моторикасын дамыту.»
Абдолова Индира Қайратқызы.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопеді.

«Кез келген баланың бойында ойынға деген
қызығушылық, ынта-жігер болады,
міне осыны қанағаттандырып отыру керек.
Бала өмірі - ойын арқылы дамиды.»
А.С. Макаренко

Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді » деген даналық сөз бар. Иә, бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады. Көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным түйсігі қадыптасады. Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларына ұлттық-қозғалыс ойындарының маңызы өте зор. Ұлттық-қозғалыс ойындары әр түрлі қимыл қозғалыстарды: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, кедергілерден өту, қарсы шығу, тепе-теңдік сақтау әрекеттері бекітіледі.
Сондықтан ұлттық қозғалыс ойындары арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артып, оның бойында ойлау тапқырлық, шешімділік, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік секілді қабілет қасиеттері қалыптасады.
Басқа халықтар сияқты қазақтардың да ұлттық ойынларының пайда болуы мен даму тарихы тым әріден басталады. Оның тұрмыс – тіршілігінде салт-ғұрып дәстүрлеріне байланысты жиын-тойлар, бас қосулар ерекше роль атқарған. Оларға үйлену тойы, жас нәрестенің дүниеге келуі, жауды жеңуге байланысты той-думандармен басқа да көптеген ұлттық мерекелерді жатқызуға болады. Осындай жиындарда бәйге, күрес, сайыс, көкпар сияқты түрлі ұлттық ойындар өткізіледі. Аса күрделі әскери-спорттық ойындар да мысалы, «Алтын шеңберге садақ ату» сынды ойын қалың жұртты желпіндірген тамаша ойын болған. Сайыста қыран мергенге бағалы сыйлықтар берілген. Осының бәрі далада, кең жайлаудағы таза ауада өткізілгендіктен, ол денсаулыққа пайдалы әсерін тигізген.
Қазіргі кезде де қазақтың қимыл-қозғалыс ойындары тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой-қиял ұшқырлығына, бірлесіп атқаратын қимылдар үйлестігіне баулитын ойындар тәрбиеге енгізілуде. Олар тек дене шынықтыруға ғана емес, жас ұрпақтың туған халқының өткен жолын, тарихын, тілін, әдет-ғұрпын жақынырақ білуге де көмектеседі.
Ұлттық ойындар балалардың батылдық, ептілік, ұйымшылдық, жауапкершілік, төзімділік, халық шығармашылығына деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерін дамытады.
Дене тәрбиесі жұмысы барысында балаға тек қазақ халқыныңы ұлттық ойындарын ғана емес, өзге халықтардың да ойындарын пайдаланған орынды.
Ұлттық ойындарды ұйымдастыру, өткізу жұмысында ұстаздардың көңіл бөлетін негізгі кезеңдерінің бірі балалардаң ойын тәртібін қатаң сақтауын қадағалаау болып табылады. Ойын тәртібін сақтау балаларды адалдыққа тәрбиелейді.
Қандай бір қозғалыс ойынын ұйымдастырсақ та, оны әуелі ой таразысынан өткізіп алған жөн. Ол сонда ғана бала көңіліне ізгі әсер етіп, есінде ұзақ сақталады. Ойынды ұйымдастырмас бұрын оған ең алдмен орынды, керекті құралдарды даярлап алу керек. Тәрбиеші барлығын өз көзімен көріп байқағаннан кейін ойнауға рұқсат етеді. Ойын өте қызық өтуі үшін әр топ оқушылары күш, қимыл қабілеттілігі жағынан тепе-тең болғаны жөн. Ойын басталмас бұрын, топқа бөлінгенде осы жағдайларды дұрыс қадағалау керек.
Бұл ойындар міндетті түрде таза ауада ұйымдастыруға болады. Таза ауада ойын маңызды сауықтыру міндеттерін атқарады, ағза жұмыс қызметін жақсартады, сонымен қатар белсенді демалыс құралы ретінде қолданылады.
Мүмкіншілігі шектеулі оқушылармен сыныптан тыс уақытында әртүрлі жарыстар өткізуге болады. Бұл ойындар түрлері бағдарламалық дайындықты ұзақ қажет етпейді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, оқушының ойлау қабілетін дамытып, оны ізгілікке, адамгершілік абзал қасиеттерге тәрбиелейді.
Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларға халқымыздың бірнеше ойынын ұсынып отырмын.
«Қақпан» Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзінің жетекшісін сайлап алады. Ойын жүргізушісі әр топтың жетекшісіне бір-бір қақпан және эстафета таяқшасын береді. Топтарды екі жерге бір сызықтың бойымен бірінің соңынан бірін тіркестіріп сапқа тұрғызып қояды. Тәрбиешінің белгісі бойынша ойын жетекші, яғни топ басында тұрған адам, қақпанымен, таяқшасымен тез жүгіріп, белгілеп қойылған қашықтықтағы 15-20 метр жердегі диаметрі 15-20 см келетін екі жердегі шеңберге қақпанды құрып, тез жүгіріп барып қақпанды жинап алып келіп, қақпанды, таяқшаны өзінен кейінгі оқушыға береді. Ол да біріншінің әрекетін қайталайды. Ойын осылай жалғаса береді. Кімнің тобы қақпанды дұрыс құрып, таяқшаны дұрыс беріп, бәрін дұрыс істеп, ойынды тез аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Ескерту: «Қақпан» деп волейбол, футбол, қол добын пайдалануға, эстафета таяқшасы деп жәй таяқшаны пайдалануға болады. Таяқшаны қақпанның серіппесі деп атаған дұрыс.
«Құрық салу»Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әрбір топтың капитанына таяққа байланған жіп, ұшына байланған сақина беріледі.Мұны «Құрық» деп атаймыз. Ойын басқарушы «Құрық жететін екі жерге діңгек қояды. Ойынды алдымен бір топ бастап діңгекке құрығын түсіруге тырысады. Олар түгел болғаннан кейін екінші команда «Құрық» салады. Кімнің командасы діңгекке құрығын дәл тигізсе, сол команда жеңіске жетеді.
«Тұсау кесу». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әр топтың алдында 10-15 метр жерге екі орындық қойылады. Ойын басқарушы әр топқа, екі данадан арнайы жасалған «Тұсау» жіп береді. (екі аяққа кигізіп жүретін жіп) Ойыншылардың басында тұрған бір топ ойыншысы «Тұсауды» аяғына байлап тұруы керек. Ойын басқарушысының белгісі бойынша даярланып тұрған ойыншылар тұсауланған аяқтарымен жүріп немесе секіріп, белгіленген 10-15 метрдегі орындықты айналып өтіп өзінің кейінгі тұсау байлап тұрған ойыншыға қолын тигізеді (ол ойыншы қолын тосып тұруы керек.)Қолына қолы тиісімен ол да тез жүріп немесе секіріп бірінші ойыншының әрекетін қайталайды. Ал бірінші ойыншы «Тұсауын » шешіп, өзінің тұсауын кейінгіге береді. Ол ойыншы да тұсауды алысымен аяғын байлап даяр тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді. Кімнің тобы ойынды дұрыс әрі тез бітіріп, топ жетекшісіне қолын тигізсе, сол кезде тұсауын шешіп жоғары көтерілуі керек. Сөйтіп, топтың тұсауы бұрын кесіліп жеңіске жетеді.
Ескерту: Күні бұрын 4 «Тұсау» жіп даярлану керек.
«Ақ сүйек пен тоқ сүйек» Ойын басқарушы күні бұрын қойдың бір қабырғасын және жілік сүйегін даярлайды. Қабырғасын «Ақ сүйек», жілікті «Тоқ сүйек» деп атаймыз. Ойнаушылар екі командаға бөлінеді. Ойын басқарушы екі сүйектің де атын атап бергенде ойыншыларға ескертеді. Кімде-кім «Ақ сүйекті» тапса, сол топқа 1 ұпай, тоқ сүйекті тапса 2 ұпай әкеледі.Ойын осылайша 4-5 рет қайталанады. Кімнің командасының ойыншылары көп жинаса, сол команда жеңіске жетеді.
Ескерту. Ойын шөбі бар көгалда немесе ойлы-қырлы жерде ойналады.
«Қыз доп» (Қазақтың ұлттық ойыны.) Ойыншылардың қолдарында бір-бір доп таяғы болуы керек. (Допты хоккей ойнайтын таяқ сықылды). Ойнаушылар үлкен екі шеңбер жасайды. Ішке қарай әрқайсысы өзінің таяғын тигізіп тұратын (кигізіп) шұқыр ұясы болады.

Абдолова Индира Қайратқызы.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопеді.

Тақырыбы: «Менің елім!»
Мақсаты: Оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, ұйымшылдыққа, білімділікке, тапқырлыққа, өз елін, отанын, туған тілін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, әріптер, қораптар.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар, бүгін ТДО сынып оқушыларының арасында өткелі тұрған «Менің елім!» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер.
.«Мына ғасыр – білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы,
Жеңімпазды анықтайтын сайыста
Сайыскерлер сәтті болсын қадамы.» - деген тілекпен сайысты бастайық,
1.Таныстыру
Бүгінгі сайысқа түсетін топтар: Алғыр тобы
Топ құрамы: Наурызбек, Айдос, Дәулет. Жасқана
Топ Ұраны: Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы
Тапқыр тобының құрамы: Бекзат, Торғын , Ерсұлтан, Омарғали.
Топ ұраны: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Жүргізуші:
Білімге деген құштарлық
Билесін адам санасын
Білімді болсаң қашанда,
Бар сыннан жолды табасың
Оза шапсаң ілгері
Дарабоз да боласың
Жүзден жүйрік кім болар
Қазылар берер бағасын

Ендеше, бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын берер, әділ қазы алқасымен таныс болайық:
Мектебіміздің директоры- Шамшетдинова Айгүл Ізғалиқызы,
Қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі – Шамшетдинова Гүлнар Елтайқызы
Мектеп психологы – Дүйсенова Нұргүл Кенжеғалиқызы
Бүгінгі бағдарлама:
1. Сұрақ-жауап
2. Адасқан әріптер
3. Ұшқыр ой
4. Сөйлемді құра
5. Мақал-мәтел сайысы
6. Кім жылдам- қимыл-қозғалыс ойыны.
7. Кім қалай аталады?
8. Білесің бе ?
Нұр жаусын, таудай болсын талаптарың,
Білсем деп талай кітап парақтарсың.
Сынайтын қиын сұрақ қойылса да,
Дәл және айқын болсын жауаптарың...
Кезең « Сұрақ-жауап» деп аталады. Бұл кезеңді бастамас бұрын, сайыс шарттарын айтып өтейін: Бұл сайыстың ерекшелігі әрбір үшінші айналымда, ұпайына ұпай қосу үшін әрбір топ туған жер, отан туралы патриоттық бір ән айтады.
-Сұрақ қойылады және бірінші болып және дұрыс берілген жауапқа бір ұпай беріледі.
1.Біздің ресубликамыз, біздің отанымыз? Қазақстан
2.Отан дегеніміз не? Отан біздің туған еліміз
3. Біздің ұлтымыз қандай? қазақ
4.Біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде
5.Қазақстан –мемлекет,ал Астана? (Қазақстанның Елордасы)
6. Астана Қазақстанның Елордасы, Ал Орал – (біздің қала, облыс)
7. Орал-біздің қаламыз, ал Бисен? (Біз тұратын ауыл)
8.Біздің президентіміз кім? Н. Ә. Назарбаев
9. Қазақстанның рәміздерін ата.ту, елтаңба, әнұран
10. Туымыздың түсі қандай ? аспан түстес, ою, күн, бүркіт
11.Елтаңбада қандай белгілер салынған? Жұлдыз, қанатты ат, шаңырақ, уық.
12. Әнұранымыздың сөзін жазған кімдер? Ниязбеков Н.Ә,Назарбаев
13. ҚР президентінің сайланған жылы? 1991
14.Ұлттық валюта-теңге, қашан енді? 1993
Келесі кезең-«Адасқан әріптер» Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосып отырамыз. Назарымызды тақтаға аударамыз.Әріптерді дұрыс қойып, сөз құрап оқуымыз керек.

Насата(Астана)
өйслем (сөйлем)
тона (отан)
ушоқы (оқушы)

Келесі айналым – «ұшқыр ой»
Мында 2 тапсырма болады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Тақтада суреттер берілген. Мұндағы артық суретті алып тастап, қалғанын жалпы атаумен атауымыз керек.
1) 1 – раушан, қалампыр, райхан, жапырақ 3 автобус, жүк машина, жеңіл машина, есек. 2 - алма, қияр, қызанақ, картоп 4. Қасқыр, аю, түлкі, сиыр.
2) Мен сөйлемді оқып отырамын, сендер қажетті сөзді тауып аяқтайсыңдар .
Қысты өте суық және жиі .... (жаңбыр, қар, бұршақ) жауады.
Жазғы каникулда Ермек .... (конькимен, велосипедпен, шанамен) ойнайды.
Тамақ үстінде ең дұрысы ... (оқу, ойнау, үндемеу)
Қызық кітапты ... (суға, қошақанға, досыма ) беремін
Өзенге үлкен... (үй, көпір, қақпа ) салынды
Адамдардың көңілі ... (жөтелді, көтерілді, жиналды)
Автобус Оралдың шетіне дейін ... (жүзеді, ұшады, барады)
Шаңды ... (ағашпен, темірмен, шүберекпен) сүрттім.
Ендігі кезекті қазылар алқасы мүшелеріне берейік. Ұпайы аз топты таңдап, бізге хабарлама жасасын.
Ал, келіңдер, келіңддер
Біріңе бірің еріңдер,
Білімдеріңді тексеріп,
Енді бір байқап көріңдер
Кезең. «Сөйлемді құрастыр»
1. Менің, Қазақстан, Отан 2. Азаматы, Қазақстан, мен.

Кезең «Мақал-мәтел сайысы» .Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосып отырамыз.
1. Отан туралы мақал-мәтел жарысы.
2. Туған жер, отан туралы өлең жарысы. Мәнерлі әрі әсерлі етіп, айтқан топқа 5 ұпай.
Келесі айналым «Кім жылдам?» сайысы. Қимыл-қозғалыс ойыны балалар, әріп болып киініп бірнеше сөз құрау қажет. Кім көп және тез құраса соған 5 ұпай беріледі.
Тоқу,оқу,оқ,ту,қу,тоқ. Суық, су, ық, уыс, уық, қыс.

Ендігі кезекті қазылар алқасы мүшелеріне берейік. Ұпайы аз топ жөнінде , бізге хабарлама жасасын. Келесі әнді тапқыр тобы орындайды.

Соңғы сайыс . Туған халқының салт-дәстүрін қанына сіңіріп өскен бала елінің үлкен азаматы бола алады. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мол. –ендеше келесі сайыс
1. «Кім қалай аталады?» айдары
Қазақта бала әкесінің әкесі немесе сендер аталарыңа кім болып келесіңдер? ата
Анасының әкесі кім дейді? Нағашы ата
Ата-ана ұлдың баласын кім деп атайды? Немере
Қыздың баласын кім деп атайды? Жиен
Әпкенің жолдасы кім? Жезде
Ағаның жолдасы кім ? жеңге

2.«Білесің бе?» айдары.
«Сарқыт»
Әдетте тойға барған адам ішіп жеген ас, көрсетілген құрметпен қатар, түрлі сый-сияпатқа ие болады. Тойдан оралғанда өзінің көрші-көлем, дос-жолдастары, жеңгелері . «Сарқыт! Сарқыт » дейді Сонда тойға барып келген кісі, той иелері кигізген киім, тағы басқа заттрды оларға бөліп береді.

«Байғазы»
Әкесі Аритаға әдемі көйлек алып келді. Етегі күлтелене дөңгеленген көгілдір көйлекті кигенде, ол ақ құба өңі құлпырып, тіпті әдемі болып кетті. Арита жеңгесі Анарға қуана көйлегін көрсетіп еді. Ол: - Көйлегің құтты болсын, әдемі екен! Мынау көлегіңе байғазы – деп, сандығынан көгілдір бантик алып берді. Балалар жастар жаңа киім кигенде, велосипед, ат мінгенде байғазы беру – дәстүрімізде бар әдет.

Жүргізуші : Сонымен қазылар алқасы топ белсенділерін атап шықсын, сөз кезегі сіздерге берейік.

Қорытындылау. Бұл сайыстың белсенді тобы, жеңімпазы Алғыр тобы.
Бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңе, көп-көп рақмет.

Абдолова Индира Қайратқызы.
Б.Қ.О
Бөкейорда ауд.
Бисен Жаникешев атындағы
ЖОББМ-нің логопед
Диагнозы: С.т. фонетикалық бұзылысы салдарынан оқу ме жазу бұзылысы бар балалар тобы.
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1847 | Қосты: abdolova89 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0