Сайт учителя начальных классов
.
"Кока-Коланың зияны мен пайдасы" ғылыми жоба

"Кока-Коланың зияны мен пайдасы" ғылыми жоба

Аннотация
Зерттеу нысаны: Кока-кола сусынының адам ағзасына зияны.
Зерттеу мақсаты: Өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін анықтау; олардың адам ағзасына келтіретін зиянын зерттеу; келтірілген зияндармен күресу жолдарын іздеу.
Зерттеудің міндеті: Кока-кола сусынының құрамындағы заттар мен олардың адам денсаулығына келтіретін зиянын көрсету. Оларды күнделікті өмірде қолданудың аса қауіптілігін дәлелдеу.
Зерттеу әдістері: Сипаттау, жинақтау, жүйелеу, талдау, тәжірибе жүзінде көрсету.
Зерттеу жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 8
Зерттелетін зат : «Кока-кола» сусыны
Зерттеудің мазмұны. Жұмыстың мазмұны үш бөлімді құрайды. Негізгі бөлім төрт тараудан тұрады. Алғашқы тарауда кока-коланың пайда болу тарихы туралы айтылса, қалған тарауда кока-коланың құрамы, адам ағзасына зияны, оның басқа да қасиеттері туралы қарастырылды.
Зерттеудің ұсынысы: Кока-кола сусынының зияны, толықтай құрамы жөнінде қорапшада жазылса; ыңғайлы қорапта, қолжетімді бағамен табиғи ұлттық сусындар сатылар болса – энергетикалық сусындар нарықтан ығыстырылар еді. Сонымен қоса кока-коланы басқа шет елдердегідей күнделікті тұрмыста тазартқыш ретінде пайдалану жолға қойылса екен.
Зерттеудің нәтижелері: Тақырыпқа сай теориялық негіздемелерге сүйене отырып:
Кока-кола сусынының шығу тарихы толықтай айтылып өтілді;
Кока –кола сусынының ағзаға қандай зиян келтіретіні қарастырылды;
Кока-коланың сусын ретінде ғана емес, күнделікті тұрмыста көрсететін қасиеттері туралы анықталды.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ.................................................................................................... 3-4
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................... 5
2.1 Кока-коланың пайда болу тарихынан................................................. 5-7
2.2 Кока-коланың және энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянды әсері туралы............................................................................................. 8-16
2.3 Кока-коланың және энергетикалық сусындардың құрамы............... 15- 20
2.4 Кока-коланың басқа да қасиеттері....................................................... 21-23
III ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................... 24-25
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................... 26



Аңдатпа

Бұл жоба бүгінгі күнде халық көп пайдаланатын және адам ағзасына зиянды – кока-кола сусынының зиянын зерттеуге арналған.
Бұл күндері кока-кола сусынын көптеп пайдалану адамзаттың түрлі дертке шалдығуына себеп болуда. Себебі, оның құрамында біз біле бермейтін түрлі қоспалар кездеседі. Ол адам ағзасын әлсіретіп, денедегі қан айналымын бұзып, ас қорыту жүйелеріне кері әсер етіп, түрлі ауруларға жол ашып береді. Қазақта «Дені саудың – жаны сау », «Бірінші байлық – денсаулық» деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтың қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық.
Қазіргі кезде белең алып бара жатқан балалардың арасындағы семіздік ауруының да басты себебі – тез дайындалатын және тез жеуге арналған тағамдар. Бұл ғылыми тілде «Фаст-фуд» деп аталатын ағылшын термині. Оларға гамбургер, хотдог, пицца және олармен қоса пайдаланылатын түрлі сусындар жатады. Осы «Фаст-фуд»-тың кесірінен дүниежүзінде миллиардтаған адамдар ас қорыту жүйелерінің түрлі ауруларынан азап шегіп, өмірден өтіп жатыр.



І КІРІСПЕ
Бұрын ата-бабаларымыздың өмір сүру ортасы, мәдениеті қазіргіден әлдеқайда өзге болған. Қазіргідей шаң мен газ басқан қалада емес, далада, табиғат аясында өмір сүрген. Ауылдың ауасы қаланың ауасынан гөрі таза, тағамдары да дәмді, құнарлы, адам ағзасына өте пайдалы. Ата-бабаларымыз суыққа да, ыстыққа да төзімді болған. Ол үшін, әрине, энергия қажет. Сол энергия көзін олар етті, майлы тамақтан алып отырған. Ал қазіргі жағдай мүлде бөлек. Басқаша айтқанда, жаңа өмірге бейімделіп жатырмыз. Яғни, өмір сүру ортамыз энергияны аз жұмсауға негізделген. Қимыл-қозғалысымыз азайды, артық энергияны қажет етпейтін болдық. Қазірде менің әжем «Атаң бір қойдың етін жалгыз өзі жейтін» деп айтып отырады. Соның сыры, міне, осында екен ғой. Қаншалықты энергияны көп жұмсасаң, тәбетің сонша ашылатынын да ұғынуға болады. Ата-бабамыз етті көп жеген екен деп етті мүлдем артық жеу де дәрумендердің жетіспеуіне әкеледі. Ол өз кезегінде ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді екен. Жалпы дұрыс тамақтанбау – қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.
Қазірде кез-келген дүкенге бас сұқсаңыз сусынның неше түрін көресіз. «Кока-кола», «Спрайт», «Фанта», «Пепси» секілді газдалған және энергетикалық сусындардан көз сүрінеді. Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс көп тұтыну бауыр ауруларына әкеліп соқтырады. Жоғарыда айтылып өткен тәтті сусындардың құрамында көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар бар. Сонымен қоса, барлық газдалған сусындарда көмірқышқыл газы бар. Бұл қышқылдың әсерінен асқазанның үрленуі мен кекірік пайда болады. Энергетикалық сусындардың барлығында дерлік химиялық қоспалар бар. Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған « Қуаттандырғыш » сусындар үлкен сұранысқа ие. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін осы сусынға аңсары ауып, иісі мұсылманның қасиетті зәмзәм суын жолда қалдырып, көпшіліктің шөл басарына айналған. Түрлі той-жиындар мен басқосуларда дастарханның
3
көркін келтіретін бұл сусын жайлы не білеміз? Әрине, бұл сусынды бір ішсек, оны кейін іздеп тұрамыз. Оның зиянын қанша рет айтып, қанша рет оқталсақ та одан бас тарта алмай да жатамыз. Әлем бойынша танымалдыққа ие болған сусынның ағзаңызға тигізер кері әсерін тағы бір мәрте толығырақ біле отырыңыз.
Әсіресе, жастар жарнамадағы әдемі көріністерге арбалып, күнделікті өмірде денсаулықтарына аса зиян сумен тамағын жібітіп жүр. Еліміздің нарығында «Диззи», «Редбулл», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда, бауыр, аққан ауруы, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн.
. Сол себепті де мен « Кока-кола мен энергетикалық сусындардың » құрамы, жасалу жолдары мен адам ағзасына әсері, тұрмыста қолданылуы туралы көптеген мәліметтер жинап, осы тақырып төңірегінде ой қозғамақпын.




4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кока-коланың пайда болу тарихынан
Кока-кола сусыны 1886 жылдың 8 мамырында Америкада, Атланта қаласында пайда болған. Бұл сусынды ойлап тапқан Джон Пембертон. Ал сусынның атауын Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі ( осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, оны кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «Кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастаған. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған зат болып табылмаған. Сондықтан кокаин ретінде сатылымда болып, оны лаззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отырған. Осылайша кока-коланың танымалдығы мен кірісі біртіндеп өсе бастаған. Алғашында қарапайым сироп ретінде сатылған. Ал «The Coca-Cola Company» болып, арада жеті жыл өткеннен кейін ғана 1893 жылдың 31 ақпанында құрылды. Джон Пембертон коланың атасы болса, «The Coca-Cola Company» компаниясының атасы Ирландық Аса Кэндлер болатын.
Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты-қалбырлардағы сусындады алып жатады. Осындай ыстықтың кезінде 1894 жылдан бастап кока-кола Американың бірқатар қалаларында пайда бола бастаған. Осы жылдардың ішінде Техас штаты, Даллас қаласында, Иллионс штаты, Чикаго қаласында, Калифорния штаты, Лос-Анжелес қалаларында «Кока-Кола» өнімін дайындайтын зауыттар жұмыс істей бастаған. Небәрі бір жылдың ішінде бұл сусын Америкалықтардың сүйікті сусынына айналған. Осыдан кейін 1919 жылы Аса Григс Кэндлер компанияны Эрнест Вудраффқа 25 миллион АҚШ долларына сатып жіберген. 1923 жылы компания билігін Ернесттің ұлы Роберт өз қолына алды. Сол жылдан бастап Роберт «Кока-Коланы» әлемге тарату мақсатында «Кока-Кола Экспорт Корпарейшон»
5
корпорациясын құрып, оның бөтелкесін бір қаптамаға біріктірген. 1927 жылы өз өнімдерін алғаш рет радиода жарнамалай бастады. 1928 жылдың жазында Амстердамда өткен Олимпиадалық ойындарға Америка өз командаларымен бірге кока-коланың 1000 қаптамасын алып барғаннан кейін кола спортпен тығыз байланыста бола бастаған. Кола сусыны хоккей, футбол, теннис спорт ойындарының демеушісі болып отырды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін кока-кола әлемнің 44 елінің дүкен сөрелерінен табылатын. Коланы ғарышкерлер де ғарышқа алып ұшқан деседі. 1991 жылы бұл сусын Мәскеуге де келіп жеткен. Қазірдің өзінде бес жасар бала да танитын кола компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.
1888 жылы Джон Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы кока-коланың құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кола 120 АҚШ доллары ақша айналымымен АҚШ-тағы ең танымал сусындардың біріне айналады.
Ағылшын жазушы-фантасты Герберт Уэлсстің «Тоно-Бэнге» романы кока-коланың жарнамасы мен таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York Tribune» газетінде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, колаға кінә тағады. Содан кейін кока-колаға коканың жас жапырақтарының орнына сығылған, бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.
1915 жылы дизайнер Эрл Дин 6,5 унициялы жаңа шөлмек ойлап тапқан. 1955 жылы кока-кола 10,12 және 26 униция көлемінде сатыла бастады. 1988 жылы кола КСРО-ның сауда нарығына шығады. Алғаш 1979 жылы Мәскеуде

6
болып өткен Олимпиада дайындығы барысында пайда болады. Кока-кола 1999, 2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта «The Coca-Cola Company» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен қоса Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп жұмыс атқарады.
1960 жылы Токио қаласында өткен өткен Олимпиадада кола Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.
1979 жылы кола АҚШ-тың Ұлттық Олимпиада комитетінің Америка олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987 жылы Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі болады.
1992 жылдан бастап «The Coca-Cola Company» компаниясы Олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. Сонымен қоса 2010 жылы футболдан әлем чемпионатында Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімді жинап, балаларға арналған демалыс ұйымдастырады.


7
2.2 Кока-Кола сусындарының адам ағзасына зиянды әсері туралы
Жаздың аптап ыстығында қан қысымы көтеріліп, таңдайы кеуіп сусын іздегендерге жасанды қоспадан тұратын сусын өнімдерін іздеп тұрамыз. Жыл санап ағзамызды әртүрлі шөлбасарлармен улап, сапалы-сапасызын айыра алмай қолданудамыз. Құдайға шүкір, халқымыздың жағдайы нашар емес, қажетсінгенінің бәрі алдында. Алайда осындай сапасыз нәрселердің құрамын да біле тұра ағзамызды аямай алып ішіп жатамыз. Оның ағзаға түскен соң не боларын білесіз бе? Егер білмесеңіз осы жөнінде барынша анығырақ мағлұмат берейін. Коланың ағзаға зиянын біле жүргеніңіз өзіңізге артық етпейді.
Ғалымдардың айтуы бойынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеліп соқтырады. Біздің елімізде осындай шырындар нарығы қарқындап дамып келеді. Адам ағзасының 60 пайызын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар, минералды сулардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар да кездеседі. Соның бірі – газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әртүрлі әсер етеді.
Кока-кола ішкеннен кейін...
Кока-коланың зиянын осымен бірнеше рет айтсақ та, оны әлі тастар емессіз. Әлем бойынша танымалдыққа ие болған сусынның ағзаңызға тигізер кері әсерін тағы бір мәрте біле отырыңыз.
Сонымен кока-кола ішкеннен кейін сіздің ағзаңыз қандай жағдайда болады?
10 минуттан кейін
Кока-коланың құрамындағы 10 қасық қант ағзаға сіңе бастайды. Қанттың бір күндік нормасы кока-коланы бір ішкенде қабылданады екен. Соншама тәтті сусынды ішіп, ағза құсқысы келеді, алайда бұны кока-кола құрамындағы фосфор қышқылы басады.
20 минуттан кейін
Дәл осы уақыттан кейін, қандағы инсулиннің шамасы күрт көтеріліп, бауыр қабылдаған қанттарды майға айналдыра бастайды.
40 минуттан кейін 8
Ағзаңызға кофеин түгелімен сіңіп, көздің қарашығы үлкейеді. Бауыр қанға қантты көбірек бөліп, қан қысымы көтеріле бастайды. Аденозинді рецепторлардың сезгіштігі төмендеп, өзіңізді сергек сезінесіз.
45 минуттан кейін
Ағзаңыздан "дофамин" атты гормон бөліне бастайды. Бұл гормон миға әсер етіп, сізге ләзаттық сезімін сыйлайды. Айта кетсек, героиннің де әсер ету механизмі дәл осындай.
Бір сағаттан соң
Кока-кола құрамындағы фосфор ас ішектеріндегі кальций, магний және мырыш элементтерін айдап, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке барғыңыз келеді. Дәретпен бірге, кола ағзадағы кальцийді шаяды.
Бір сағаттан көбірек уақыттан кейін
Кіші дәрет арқылы ағзадан кальций, магний, мырыш, натрий элементтері мен су шайылып шыға бастайды.
Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, аққан ауруы, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн. Сонымен қоса, бұл сусындарды көп пайдалану – ойлау қабілетін тежейтіндігі дәлелденген.
Энергетикалық сусынның баланың да, үлкеннің де қалқанша безінің ұлғайып кетуіне, қызметінің бұзылуына әсері бар. Қалқанша бездің қызметі төмендесе, баланың бойының өсуі, ақыл-ойының өсуі тежеледі, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, есте сақтау қабілеті әлсірейді, үнемі шаршап тұрады.
Неге екені белгісіз, осындай алькогольсіз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырындар емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалынатын жасанда дүние. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың еш зияны жоқ деп жақауратқанымен, бәрібір де бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Алайда, сусынның зат таңбасында денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орныны қолданылушы зат – аспартаманың бар екендігі де жазылмаған.
Коланы бір апта үзбей ішсең, қалған күндеріңде де соны іздеп, аңсарың
9
ауып тұрады. Осылайша созылып күндердің бір күнінде осы харам суға тәуелді болып қаласың. Сонымен қоса сусынның құрамында қан айналымын баяулатып, аққан ауруына ұшырататын жасанды бояғыштар жетерлік екен. Егер осының барлығын біле отыра сусынды іздеп іше берсеңіз – сіз осы сусынға әбден тәуелді болып қалғансыз. Ал, бұл зияндарды білгеннен кейін ішуді доғарсаңыз – денсаулығыңыз да қалпына келеді. Сондықтан кешікпей тұрғанда тездетіп әрекет жасауыңыз қажет. Әйтпесе өз денсаулығыңызды өзіңіз құрдымға жібересіз. «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек.

10
2.3 Кока-коланың және энергетикалық сусындардың құрамы





11





12
2.4 Кока-Коланың басқа да қасиеттері
Бұл кола деп аталатын қоңыр түсті сусынмен бәріміз таныспыз. Кока-Коланы тек қана сусын ретінде емес, басқа да тұрмыстық жағдайларда пайдалануға болады. Мысалға осы аталған сусынның тағы да төмендегілей қасиеттері бар:
• Кока-Коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.
• Кока-Коланы жаз кезінде шыбын-шіркей шаққанда, сол шаққан орынға құйып жіберсе, бірден әсер етеді.
• Кока-Кола темірдегі татты керемет кетіреді. Таты бар затты коланың белгілі бір мөлшеріне біраз уақыт салып қойса, татты мүлдем жойып жібереді.
• Кока-кола терезені, автокөлікті жақсы жуады. Жуып болған соң шүберекпен бір сүртіп алса, ешқандай із қалмайды.
• Кока-коланы тамақ дайындағанда кез-келген соусқа араластырып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді.
• Кока-кола үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға кока-коланы құйып, еденді бір сүртіп шықса, үйдегі жағымсыз иістің орнына ароматты иіс пайда болады.
• Кока-кола ыдыстың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы, сыртында сызылған, қарайған дақтар болса,оны коламен ысқылап жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа келеді.
• Киімдегі түрлі дақтарды да кока-коланың көмегімен кетіруге болады. Киімге сіңген қанды да кола тез ерітіп, жойып жібіреді.
• Жол апаты болғанда асфальтқа сіңген қанның ізін де қалдырмай шет елдерде осы кола сусынымен кетіреді екен.


13
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Мен бұл жобаны өзімнің үлкен қызығушылығыммен жазып шықтым. Осы уақытқа дейін зерттеген жобамның тақырыбын ашу бағытында көп ізденгенімді, жасаған тәжірибелерімді толықтай шынайы, нақты аша білу үшін қаншалықты тырысқандығымды көрсеткім келді. Көрсеттім деп ойлаймын. Бұл тақырып менің арманыммен ұштасады. Мен болашақта биотехнолог мамандығының иесі болғым келеді. Мен үшін тағамның, басқа да заттардың құрамын зерттеу – басқа істерден гөрі қызықтырақ. Сол себепті де осы бағытта өзімнің «Биотехнология» ғылымына деген алғаш қадамымды жазып шықтым. Бұл жобада менің көрген білгенім аз болса да талпынысымды көрсеткім келді. Кола сусынын зерттегеннен кейін мен бұл сусынды татып алмаймын, өзгелер ішіп жатса барынша тоқтатуға тырыстым. Әлі де тырысамын. Мен өзгелер бұл сусынды ішіп жатқанын көрсем – ол адам өз қолымен өзін өлімге сүйрегендей көрінеді. Сол себепті де бұл сусының елімізден мүлдем шығарылғанын қалаймын. Десе де халық қарсы болғанмен де нарықта оны тоқтатуға ешкімнің билігі жүрмейтін секілді. Коланың зиянын білген әр адам өзіне және жақындарына шектеу қойғаннан басқа амал жоқ. Сол себептен де өзімізді өзіміз тоқтатып, денсаулығымызды құрдымға кетірмейік дегім келеді. Осы орайда мен мынандай ұсыныс тастағым келеді: неге өзіміздің табиғи сусындарымызды осы кола секілді үлкен нарыққа шығармасқа? Өзіміздің ұлттық сусындарымыз коладан мың есе артық емес пе? Шыны керек, табиғи сусындарымыз қазірде бағасы шарықтап тұр. Егер тауардың бағасы төмен болса, тұтынушысы да көбейеді. Олай болса осы мәселені қолға алған жөн деп есептеймін. Біздің сусындарымызды шет ел де мойындап отыр. Олар сусындарымыздың шөлді қандырғанымен бірге денсаулыққа да пайдалы екенін біледі. Сондықтан да қымыз, шұбаттарды көптеп пайдаланады.
Газдалған сусындар қазірде өте көп және кез келген дүкеннен қолжетімді бағаға ала аласың. Шөлді басады дегенмен де, сәлден соң қайта шөлдеп, осы

14
сусынды ішкің кеп тұрады. Мұның себебі – шамадан тыс көп мөлшерде қосылған
қантта. Сол қанттың да денсаулыққа зияны мол, әртүрлі ауруларға душар етеді. Ол газбен бірігіп асқазанға түссе не боларын ойлай беріңіз.
Жасаған тәжірибелерімнің ешқайсысында да кола оң нәтиже бермеді. Әсіресе сухарикидің бір түйірін салғандағы иіс өте өткір, улы еді. Бұл тәжірибені жасағандағы себебім – біз коланы көбінесе осылармен ішеміз. Пайда болған иіс асқазанды осылай бүлдірсе – менің денсаулығым жартылай құрдымға кетті деген сөз. Коланың осыншама зиянын ертерек білсемші?
Кока-коланың былығы мен шылығын еліміздің 80 пайызы көруде. Сусынды ішсек – денсаулыққа оңбай зардабы тиетінін білдік. Қалай десек те сусын алаш баласын сормаңдай қылатын түрі бар.
Сондықтан кешікпей тұрғанда тездетіп әрекет жасауыңыз қажет. Әйтпесе өз денсаулығыңызды өзіңіз құрдымға жібересіз. «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Ертерек қимылдамасақ, ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін. Ойланайық, мұсылман баласы, коланы ішіп, құрдымға кетіп жүрмейік?!




15
ІҮ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. « Алаш айнасы » интернет-газеті
2. ҚазАқпарат ақпараттар арнасы
3. «Эхо Москвы» радиостансасы
4. « Кока-кола Экспорт Корпорэйшен» сайты
5. « Кока-кола ЭйчБиСи Евразия» ресми сайты
6. « New York Tribune» газеті
7. «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті
8. Әйел денсаулығы 2015 № 2 ( 87 ) 15- бет

ID: 469 | Просмотров: 17565

14/Ноя/2015