Басты бет » 2015 » Апрель » 7 » Өкініш
12:08
Өкініш
загрузка...
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Әрбір ұстаз өз шәкірттерінің оқ бойы оза шапқанын қалайды.Оқушылардың білімді,талапты болуы үшін барын аямайтыны сөзсіз.Сол себепті сабақ барысынды балалар білімі мен шығармашылығын жетілдіру мақсатында сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,сынып ішінде шаралар өткізіп тұруға тырысамыз.Мен сіздермен алғыр да талапты оқушымның туындысымен бөліскелі отырмын.Әдебиеттік оқу пәнінен ертегілерге арналған бөлімге арналған сабақтан соң, сынып оқушыларына өз ой-қиялдарыңа ерік бере отырып,ертегі жазып келуге тапсырма бердім.Шығармалар талданып,талқыланды.Әр оқушы өз деңгейінде ізденіп,тамаша шығармаларын жазыпты.
"Білімдіден ақыл шығар" демекші,Қалдаулетова Гүлназдың шығармасын сынып ішіндегі ең үздігі деп таңдадық.Мен оқушының еңбегін,талабын шабыттандыру мақсатында сайтқа жариялауды жөн көрдім.Сондықтан "Өкініш" деп аталатын оқушының қиялынан туындаған ертегіні сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Қалдаулетова Гүлназ
"Бейнеу мектеп-интернаты"КММ-сінің оқушысы
"Өкініш" (ертегі)
Қыс кетіп,көктем келді.Құстар келіп,ұяларын жөндеді.Ағаштар жапырақтанды.Айнала жап-жасыл.Осындай тамаша күннің бірінде демалып жатқан ағаштың тыныштығы бұзылды.Оған себепші болған тентек мысық еді.Ол ағаштың мазасын алды.Ағаш мысық екенін білмей атып тұрды.Сонда мысық ағаштан құлап түсіп,аяғын сындырып алды.
Бұл Әдемінің мысығы еді.Әдемі мысығын көріп қатты шошыды.Қызы болған істі әкесіне айтып берді.Әкесі қызды жұбатып,ағашта кесейін деп жатқанда,қатты жаңбыр жауып кетеді.Ағаштың да ашуы күшейді.Әрі-бері теңселіп адамды әбігерге салды.Әдемінің әкесінің үсті жаңбырдан малмандай су болды.Келесі күні әкесі ауырып қалды. Әдемі әкесін уайымдап,жазылыун күтіп жүрді.Бұл уақытта әлгі ағашты мейірімсізадамдар кесіп тастапты.Бұған мысық пен Әдемі қатты өкінді.
Себебі олар табиғатқа өз кесірлерін тигізгенін түсінді.Бірақ өкінгеннен пайда жоқ.Әдемі әлгі ағаштың орнына тал егуді қолға алды.

Джыкибаева Айнур
"Бейнеу мектеп-интернаты" КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі
07.04.2015 ж
loading...

Авторы:

Бөлім: Біздің мектеп | Көрсетілім: 1202 | Қосты: Джыкинбаева_Айнур | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Апрель 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0