Хош келдің , әз Наурыз!

Хош келдің , әз Наурыз!
Мақсаты: Көктеммен бірге келген, халқымыздың жаңа жылы наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру.
Дамытушылығы: Өз халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін ұғындыру;
Тәрбиелік мәні: Ұлттық тәрбие беру;
Көрнекілігі: Слайдтар, буклеттер, ұлттық тағамдар, шарлар, ұлттық киім киген балалар.
Жүрісі: Мұғалімнің құттықтауы.
1-жүргізуші:
Аманбысың, армысың, халқым менің.
Ақтарған кең даланың алтын кенін
Мерекенің басы болсын, берекенің
Ардақта салтыңды елім,Наурыз тойы.
2-жүргізуші:
Ал,халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық.
Ән: « Наурыз тойы болғанда».Жалғас Әли, Ажен Азамат,Мурзамбет Ақтілек, Избасарова Дильназ, Абулхайыр Лаура.
Би: «Қара жорға». 1 топ оқушылар.
1-оқушы:
Шуақ болып төгілер.
Жерге дән болып, егілер.
Наурыз тойын күтуде ,
Кіп-кішкентай шәкірттер.
2-оқушы:
Төрлет-төрлет!
Келді ғой кіріп міне,
Қой жылы, ырыс жылы,үміт жылы.
Мереке әкел, құт сыйла, береке бер.
Наурыз айы, халқымыздың күдік мұңы.
3-оқушы:
Бірге кетсін залымы, кесірі де.
Өткен жылғы, жылқыма өкпеміз жоқ,
Ұмыт қалмас жақсылық.
Риза болар барша жұрт.
4-оқушы:
Шалқытып мерекеде ән салайық.
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Арнаумен бастап берсін тойдың басын.
Күміс көмей,әншіні қарсы алайық.
Ән: «Қазақ дәстүрлері». Мухамбетжанова Аружан.
Би: «Қамажай». 1 топ қыздар.
5-оқушы:
Жедел жүріп, алаңға жетіңіздер,
Наурызға адал ниет етіңіздер
Қарсы алып, жылдың басын той-той қылып,
Қызықты-қызықты ұлттық ойындар ойнайық!
« Арқан тартысу», «Соқыр теке», «Аударыспақ», «Ханталапай», «Алтын жүзік»
Би: «Түркістан»
6-оқушы:
Гүлге толы құшағы.
Құлпырады кең далам.
Тізбектеліп сән түзеп,
Жылы жақтан құс келді.
7-оқушы:
Көркем өнер-сәніміз.
Көктем тойы-әніміз
Бимен,әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
8-оқушы:
Армысыздар, отырған халқым менің,
АрдақтаНаурыз тойы, салтыңды елім
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрі жесін.
9-оқушы:
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып,
Қыс барады,қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр.
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
10-оқушы:
Наурыз келді, құт болып.
Мына бізге сүт болып,
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
«Ұлттық дастархан мәзірі»...
«Ұлттық сән киім үлгілерін» көрсету.
Сынып оқушыларының баталар айтуы.
Бәрі хормен: Елдің көңілін шалқытқан,
Наурызға бас иеміз.
Қорытынды: Ата-аналарға сөз беру.

Автор: Есенова Ляиля Байтоллақызы

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жалпы орта мектебі

18
Декабрь
0
1793
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.