Басты бет » 2015 » Октябрь » 10 » Хакім Абай
02:24
Хакім Абай
загрузка...
Хакім Абай
(эссе)

Әрбір елдің әдебиеті мен мәдениетін қалыптастыруда ойып тұрып орын алатын өзіндік тұлғасы болады. Сол секілді біздің әдебиетіміздің жаққұты, сөз зергері, ұлы ақын – Абай Құнанбайұлы. Қазақ әдебиетінде Абайды білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Домбыраның шанағынан төгілген күйдей бірінен соң бірін төгілтіп жазып, әлемді сөзсіз мойындаттырған ақын мұрасы оның өмір жолының «кесіртке көзді шөлдердей» кезеңдерде дүниеге келгендігінің көрінісі секілді. Олай деуіме себеп, Абайдың өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, өлеңшінің сөзіне көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін, үстем таптың үстемдігін әжуалап, айызын қандыра бетіне басып айтатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азығын сыйлайтын, өмір құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын,екінші қайтара дүниеге келмейтін, ақынның шынайы жүрек түкпірінің сырын ашатын, бояуы қанық жүрекжарды туындылар десем артық айтпаған болармын. Сондай-ақ, сыншылдық пен шыншылдықты өмір бояуларымен мрамор тасқа қашап жазғандай шегелеп жазып қалдыруы – ақынның өзінен кейінгі ұрпаққа осы екі асыл қасиетке жете мән беруді нұсқағандай әсер қалдырады. Жалпы әдебиет әлемінде оқырманның көкейіне қонымды, таным көкжиекті кеңейтуге қозғау саларлық байламдарды шебер қолдана білген де осы – хакім Абай.
Мұхтарша айтқанда «қазақтың бас ақыны» атанған Абай шығармаларының ішінде шоқтығы биік шығармасы – «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай». Бұл өлеңде сол замандағы «кедейлер» деп аталатын статустың басым болғандығы, олардың аянышты халі, бай мен кедейдің аражігінің толыққанды ашылғандығы, байсымақтардың іштарлық, пасықтық қылықтарын айқын аңғаруға болады. Тойып секіретін бай баласы мен тоңып секіретін кедей баласының психологиясына да сол замандағы қоғам қолайсыздығы кері әсер еткенін мына жолдардан көруге болады:
Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Енді мына тұсқа зер салсақ:
«.... Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы» - дейді. Қорадағы отар-отар қойдың тегін жатқан қиының өзі кедей байғұсқа оңайлықпен беріле қоймайтын ащы шындықты ақын ашық жазған. Көзге оттай басылған жалшылықтың, күңшілікдіктің күйігі де Абайды бейқам отырғызбағанын аңғартады.
Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!- деп қоғамның таптық күресіне налыйды. Бала-шағаға бір үзім нан табу қиямет аумалы-төкпелі заманның шырмауынан шыға алмай, қанға біткен асыл қасиеттен жұрдай ұрпақ қалыптасып келетіндігін сезген ақын осы өлеңге қалам тартып, өз бойындағы шерін тарқатқан сыңайлы.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Абай поэзиясы мәңгілік жасары хақ. Осы заманның сыртқы сұлбасын өлеңмен бедерлеп, суретін сөзбен салып кетуі – Абайдай тұлғаның әлем әдебиетінде қайталанбайтын дара екенін байқатады. Заман өткен сайын әлі де талай Абайлар туылар. Бірақ, ұлықтардың ұлысы, қара сөздің хас шебері - Құнанбаев Абай дер едім.
Қазақ әдебиетінің айдынында Абай - дана, Абай – дара мәңгілік!


Нұршат ЕЛЕУОВА
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1165 | Қосты: Елеуова_Нуршат | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Октябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5909
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 154
Қонақтар: 154
Тіркелгендер: 0