Сайт учителя начальных классов
.
Кереметтің бәрі осы көктемде

Кереметтің бәрі осы көктемде

Кереметтің бәрі осы көктемде


Көктің иісі тисіп жатыр ақырын,
Естіртуде тау бұлағы сылдырын,
Қаралы қыс көшіп кетті ауылдан,
Мұз өзендер естілмейді сықырың?

Неткен ғажап қоңыр салқын еседі,
Маңайларға гүл бәйшешек өседі.
Мына әлем сұлу түске боянса,
Бәз-біреулер келбет қыздай деседі.

Бойын жазып тал қайыңдар бұралып,
Бүршік атып қызғалдақтар сыланып.
Оянуда қысқы қалың ұйқыдан,
Көлге қонды қаз,тырналар таранып.

Бау-бақшада жайқалады жауқазын,
Қозғап қалсаң сылдырлатып сырғасын,
Қосылады бір керемет әуендер,
Шиқ-шиқ шырқап торғай тағы құстарың.

Нөсер жаңбыр шөлдеген жер анаға,
Нәрін сеуіп қанықтырған мана да,
Селдіреген жаңбырдан соң ғажайып,
Жеті түрлі бояу мінді аспанға.

Кереметтің бәрі осы көктемде,
Барлық қызық осыменен біткен бе?
Әлі де көп табиғаттың тартуы,
Тонна-тонна сыймай қалды дәптерге.

ID: 435 | Просмотров: 2324

12/Май/2015