Сайт учителя начальных классов
.
Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді.

Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді.

Кемел білім берілмей,келісті ұрпақ өспейді.

Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқу оқумен қатар жер жаһанның құпия сырларын ашумен келеді.Талмай еңбек ету мен ізденістің арқасында өзіне де өзге дүниенің құпиясын ашып көрсетпек.Осы тұрғыда еңбегі өлшеусіз өз баласынан өзгенің баласын артық көріп,қамқор бола білетін жан ол- ұстаз.Олар өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкіртінің бойына дарытып, аянбай еңбек ететін жандар. Барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап, сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт-бағдар бере білетін жан.
Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек,солардың ең қиыны-шәкірт тәрбиелеу.Біздің мемлекетімізде де өз ісін сүйетін, ұлағатты ұстаздарымыз жеткілікті.
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға»,- деген хакім Абай сөздері бар.Расында да ұстаз-ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»,- деген екен қазақтың аса көрнекті ағартушы- педагогы, жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Мемлекеттің тағдыры жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят,ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам-мұғалім.
АдТәуелсіздік алғалы бері елімізде әлемнің небір дамыған мемлекеттерімен қатарлас деңгейде болу үшін көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Дамудың даңғыл жолы таңдалып, басым бағыттарға бетбұрыс жасалуда. Экономикалық өсу, халықтың әл-аухатын жақсартуға қатысты іс-шаралар тоқтаусыз жүргізілуде. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан ойып тұрып орын алу үшін осылардың ішінде білім саласының орны ерекше.
ХХІ ғасыр - білім ғасыры. Тек білімді азаматтарымен ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында қандайда болмасын кедергілерге, тосқауылдарға қарсы тұра алады.
Бірақ, ғұлама ойшыл әл-Фараби айтқандай, «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы». Сол себепті Тәуелсіз еліміздің ертеңі-жас буынның біліммен, тағылымды тәрбиемен мейлінше молынан сусындап өскені абзал.
Үйренудің ең тиімді әрекеті – басқаларды үйрету!Көргеніміздің есте сақталу мөлшері –пікірталастырғанда 50 пайыз,белсенді әрекеттер арқылы өзіміз өз қолымызбен жасағанда75 пайыз,үйренген білімді дереу қолданып,басқаларға үйреткенде 90 пайыз орындалады екен.Басқаларды үйрету деген нені білдіреді?Ол дегеніміз нағыз белсенді іс-әрекет; «жұптасып немесе шағын топ ішінде қоян-қолтық араласып жұмыс істеу»деген сөз.Оқушылар шағын топ құрамында сабақ тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға сала отырып,бірін- бірі үйретіп отырады.Оқушылар шағын топта бірін- бірі тыңдап қана отырған жоқ – олар бір – бірінен үйреніп отыр! «Шәкірт ұстаздың көмегінсіз -ақ үйренеді” деп кесіп айтудың қажеті жоқ.Ұстаз рөлін жоққа шығармай,оны тек басқа мазмұнмен түсіну керек.Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтері мынадай:ұйымдастырушы,менеджер, бағыт-бағдар беруші, қолпаштаушы.Бүгінгі күнгі білімге негізделген қоғам әрбір тұлғадан өмір бойы оқып үйренуді талап етеді.Біз ұстаздар өмір бойы оқуды үйрене отырып,басқаларды да үйретеміз! Оқушыларды бірін-бірі оқытуға,түсіндіруге,үйретуге тиіспіз!Демек,оқушылар бір-біріне түсіндірген сайын өздерінің түсінігі де кеңейе береді.
Ұстаз - адам тәрбиешісі, кез-келгеннің пешенесіне жазыла бермейтін ерекше кәсіп иесі, адамды адам етуші тұлға.
Шәкірттің бойындағы өзге көрмеген, өзгеге байқалмайтын жақсы қасиеттерді көре білетін, оны дамытуға бірден-бір жәрдемші, бесаспап маман. Шәкіртінің бойындағы асыл қасиеттерінің дер мезгілінде жарқырай ашылуына ықпал ететін дана да данагөй, данышпан жан.
Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руха¬ниятының көшбасшысы А.Байтұрсынұлы: «Мек¬тептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мек-тебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім»- депті.
Кемел тәрбие берілмей, келісті ұрпақ өспейді. Жақсы ұстаз-шамшырақ, жаққан шырағы өшпейді. «Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» дейді халқы¬мыз. Болашақта елдегі қаз¬ба байлық шегіне жетуі мүм¬кін, ал адами капитал тозбауы тиіс.
Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.
Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді жаңғыртудан басталады.
Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде.
Қазіргі заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін, жаңашылдыққа жаны құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.

ID: 425 | Просмотров: 3271

30/Апр/2015