Басты бет » 2015 » Январь » 20 » КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ
00:45
КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ
загрузка...

КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙДЫ

 Солтанаева Ардақ Сабырханқызы

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ.

Қазақстан

 

 

 

УДК  372.8(075.8)

ББК 22.16 я 73

С64

ISBN 978-601-248-072-6

Аннотация

Егер біз  мұғалімдер көшбасшылығына баса назар аударып, оны тиімді пайдалана алсақ, кадрлардың өз тәжірибесін жетілдіруге деген жаңа көзқарасын, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіру үшін сыныпта оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін тиімді пайдалану, бағалаудың нақтылығы сияқты проблемалардың шешімін табамыз ба деп ойлаймын.

Өзгеріс жасау үшін қосар үлесім мол екенін болжаймын! Үлкен ойлар, жоспарлар мазалайды, нәтижелі болатынына сенімдімін.

Аннотация

Если мы будем уделять должное внимание развитию лидерства учителей, использовать его эффективно, формировать новый взгляд на своё самообразование, навыки работы с новыми технологиями нового содержания образования, то все это позволить воспитать ученика, спасовного самостоятельно добывать знания и решит проблему качественного оценивания учеников.

Верю, что внесу большой вклад в обновление школы. Рождаются новые идеи, зреют новые планы.

Annotation

If we pay attention to teachers` leadership

If we use and pay attention to the teachers` leadership. we can develor Our experience with new ideas. If we work colobaratively and use different techniques, so we  can solve difficult situations:

I hope I can improve and make changes in future of our school life. It depends on time and plans.

Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі болып отыр. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді. Аталған проблеманы шешу мақсатында ХХІ ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Ол жағдайда мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп, инновациялық, тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданатын оқыту мен оқудағы тәсілдердің ықпалын күшейте түседі. Дегенмен идеялар сыныпта шын мәнінде іске асырылуы үшін саяси ниет пен әкімшілік басшылықтың тарапынан болатын шектеулерді еңсерудің өзі үлкен міндет екенін ұмытпау қажет. [1]

Ұлы ұстаз А. Байтұрсынов "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын  негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Әріптесіне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды оқушы бойына тиімді қалыптастыра алу үшін, алдымен  мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруі керек екеніне мектептегі тәжірибе кезінде көзім жетті. Яғни оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді.

Мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру мақсатындағы үш айлық біліктілікті арттыру курстарының бірінші(ілгері) деңгейлік бағдарламасы бойынша білім алу құқығына ие болу арқылы оқыту мен оқуға деген көзқарасым мүлде өзгерді. Oқушыларымыздың білім сапасын арттырғымыз келсе, онда еліміздің барлық мектептері мен бала бақшаларында өз мамандығын аса құрметтейтін, елін, жерін сүйетін, сол үшін сабақтарын жоғары дәрежеде өткізе алатын және әріптестерінің  кәсіби өсуіне ықпал ететін мұғалімдер жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Себебі білім сапасы білім беру сапасына тікелей тәуелді. Оқыту үшін ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ету арқылы бағыт-бағдар беретін, еркін және белсенді ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін болжайтын және оқыту-тәрбиелеу үрдісінде шығармашылықпен қызмет жасайтын  мұғалімдер - алға қойған  міндеттерді шешудің кепілі бола алары сөзсіз. Ұлы ғұлама Әл-Фараби ұстаз туралы: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсесін ұмытпайтын...,алғыр да аңғарымпаз... мейлінше шешен, өнер білімге құштар қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына да әділ..., бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп..., қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек " деген еді. Ендеше бұрынғы іс-тәжірибені жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыра отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын жеке тұлға даярлау ісінде нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім барын салары анық.

Менің көшбасшылық  функциямның ықпалы  оқытуға байланысты, әрі әріптестерімнің кәсіби дамуына байланысты алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді.

Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастықты, кәсіби даму мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер ететініне көз жеткіздім. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алады деп түйдім.

Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете алатынымыз  деп түйіндедім.

Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.

Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам –өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. [1]

Бірінші бетпе-бет кезеңнен кейін мектепке келгенімде ұжым мүшелерінің ерекше жылы қабылдауы, барлығының да жаңалыққа дайындығының дәлелі деп қабылдадым. Мектеп бойынша осы бағдарламаның ІІ, ІІІ деңгейін бітіріп келген мұғалімдер арқылы алғашқы түсініктер беріліп, сыныптағы өзгерістерді бойларынан өткізе бастаған ұстаздар мен оқушылар және олардың ата-аналары енді не болар екен деген үлкен сұрақпен қарағандай әсерде болдым. Сол кезде Қазақстан бойынша Бірінші (ілгері) деңгей бағдалмасының алғашқы(ең бірінші) тобына түсу бақытына ие болғаныма қуандым. Менің де өмірімде үлкен өзгерістер басталып кетті. Өзімді мемлекеттің дамуына қосатын үлесі бар керемет адам ретінде сезіндім. Мектептегі практика кезінде мектептерде өзгеріс енгізу үшін ең пайдалы үрдіс коучтер мен тәлімгерлік арқылы сыныпта және мұғалімдер арасында нақты өзгеріс енгізу болады деген қорытындыға келдім.Мектептегі тәжірибе кезіндегі екінші аптаның өзінде оқушылар өз сабақтарындағы мұғалімдерінің өзгерісін бірден байқады және оң көзқарас көрсетті. Кері байланыс кезінде « осындай сабақтар үнемі өтсе...», « мен жаман баға алудан қорықпағандықтан сабақта белсене жұмыс жасадым...», «жаңа тақырыпты өзім түсіндіргендіктен, керемет түсіндім...» , «... менің сабақтан кейінгі көңіл-күйім керемет!» деген ойлары бұған дәлел болды. Ата-аналар тарапынан телефон арқылы түскен және пікірлесу кезіндегі өз баласының сабаққа деген ынтасының бұрынғыдан  артқаны, үйде өз бетімен сабақ дайындаудағы жетістіктері туралы қуана айтуы, баласының жазба жұмысын бағалау үшін бірге талдауға шақырылғанына қуана келісім беруі, сонымен қоса мұғалімдердің бір-бірінен естіп немесе өз қызығушылықтары бойынша өткізілген коучингке қатысу деңгейлері және коучингтен кейінгі өз сабақтарына  қолдану үшін жасаған әрекеттері мені одан әрі жігерлендірді. Ары қарай зерттеу жұмысыма қызыға кірістім. Мектебімде өзгеріс енгізуде коучинг және тәлімгерлік үдерістерінің  алатын орны ерекше екендігі туралы оқып білу кезінде коучер қызметімен терең таныстым. Әдіскер-коучер ( сабақ беру тәжірибесі мол педагог) 4-5 мектептің жұмысына басшылық жасайды және күніне орта есеппен 3 мұғаліммен жұмыс жасайды екен. Оқу үш кезеңнен тұрады: «қара», «қосыл», «өзің жаса». Яғни коучер алдымен өзі көрнекі сабақтар өткізеді, содан кейін мұғалімдермен бірге жоспарлап, бірге сабақ өткізеді, ең соңында мұғалімнің өз бетімен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Барлық үш кезеңнен өтуге 3-4 апта кетеді. Бұл практика бақылап тексерумен үйлестіріледі: коучер директормен бірге оқып жатқан мұғалімдердің сабақтарына қатысады және онымен бірге негізгі проблемаларды талқылайды. «Жақсыдан аса жақсыға өту» кезеңіндегі коучинг басқа кезеңдегі коучингтерге қарағанда, негізінен нақты әдістермен  оқытуға  емес, тиімді педагогикалық  статегияларды беруге бағытталады екен. Коучинг үдерісінде мұғалім құқығына қалайда шек қоймау өте маңызды. Мысалы, коучер сыныпқа мұғалімнің  рұқсатымен кіреді, мұғалімнің мектептегі әріптестерімен оның жұмысы туралы талқыламайды. Ол мұғалім жұмысы туралы директорға ескерту жасамайды. Оның орнына директордың өзіне  жағдайды бағалауы үшін бақылап тексеруді ұсынады. Кезкелген жағдайда коучер өзін мұғалім мен директор өздерінің оқыту сапасын арттыруға жауапты болып қалатынын, ал коучер бұл істе оларға тек көмектесетінін айқын түсінетіндей етіп ұстайды екен.[2]

Мектептегі тәжірибе кезінде коучинг үдерісі арқылы әріптестерімнің кәсіби дамуына ықпал еттім.  Коучинг туралы коуч мұғалімнің рефлексивті есебінде жазған     «Коучинг үдерісін жоспарлау және өткізу маған ұнады. Алғашқыда сәл қобалжығанмен, әріптестердің белсенділігін, тәлімгерімнің қолдауын, маған деген сенімділігін көргеннен кейін өзімді қолға алып сабақтарды сәтті өткіздім. Мұғалімдер қатты қызығушылық танытты. Әсіресе жұптардың ашық сұрақтар жасап диалог құрғанынан және постер қорғауларынан өзім де үйренген кездерім болды. Тәлімгерімнің бойындағы жақсы қасиеттерге еліктеп, менде көшбасшы мұғалім болатын шығармын. Басталған өзгерістердің жалғасын тауып, дамуына  ат салысамын.Осы аралықта мен өзімді корабль капитаны сияқты сезіндім» деп жазған пікірін оқи отырып, қатты қуанып қалдым. Еліміздегі жұмыс жасап  жатқан Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін бақылай отырып, қызығушылық танытатын  оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер саны жылдам артып келе жатқанын көріп отырмыз, сәйкесінше мектептерге өзгеріс жасаудың нәтижелі болатынына менің бойымдағы сенімділік деңгейі өте жоғары. Егер біз  мұғалімдер көшбасшылығына баса назар аударып, оны тиімді пайдалана алсақ, кадрлардың өз тәжірибесін жетілдіруге деген жаңа көзқарасын, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын жетілдіру үшін сыныпта оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін тиімді пайдалану, бағалаудың нақтылығы сияқты проблемалардың шешімін табамыз ба деп ойлаймын. Курста арттырған біліктілігіміз бен мектепте жүргізген зерттеу жұмыстарымызды ұштастырған сәтте, бүгінгі оқушының сұранысын қанағаттандыратын, мұғалімді жаңашаландыратын жобаның білім жүйесіне енгізілуінің орынды екендігін түсіндім.

 Үлкен ойлар, жоспарлар мазалайды, уақыт көрсетеді деп үміттенемін.

Ойымды америкалық білім қайраткері және зерттеуші Ф.Г. Кумбстың «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер-идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін-өзі бағалауға қабілеттілік қажет» деген сөзін басшылыққа алып, барлық әріптестерімді ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз бетімен білім алу мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық демекпін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

[1] Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей

[2] А.Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. -ЖШС «Курсив»

loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 2199 | Қосты: Karima1954 | Ілмек сөздер: КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ Н | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 27
Қонақтар: 27
Тіркелгендер: 0