Көңілімдегі түрлі ойлар..

№18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ
8 «А» сынып оқушысы
Мыңбай Жұбаныш
Көңілімдегі түрлі ойлар...
Адам болып дүниеге келгеннен кейін, әр адамның санасында өзіндік бір пікір қалыптасады.Ол әрине, заңдылық. Өмірде болып жатқан сансыз оқиғалар, түрлі іс-әрекеттер - бәрі адам санасына түрлі ой туғызады. Сондықтан әр адам баласының өз жеке өмірі мен пікірі болады. Менің көңілімдегі ойымды айтар болсам, ол әрине, болашақта елімізге пайдасын тигізетін үлкен мамандық иесі болу. Оқуымды үздік бітіріп, алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, білікті де білімді азамат болсам деймін. Адам алдына белгілі бір мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету керек. Адамда өмірге деген құлшыныс, талпыныс болғанда, өз болашағына деген ұмтылыс болғанда өмірдің қиын жолдарын жеңе біледі деп ойлаймын. Еңбек түбі- береке демекші еңбектеніп қанша қиналсаң, оның жемісі соншалықты тәтті болады. Ең бастысы жүрегің таза, ниетің түзу болса жаныңда әрқашан қолдау көрсететін достарың да көп болады.
Өмірде жаман адам болмайды, жаман мінезді адам болады. Әр жаман мінезді адамның да жақсы жағы болады. Сондықтан да барлық адамды жақсы көре білейік. Нағыз саналы адам, жақсы адам ол жанындағы адасқан досына дұрыс жол көрсетеді. Міне, осы қасиетті мен жақсылық пен ізгілікке балар едім.Менің айтқым келген ойым, жүрегіміз таза, досқа адал, жамандыққа жаны қас, Абай атам айтпақшы жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, еліміздің елеулі азаматтары бола білейік.
« Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім» демекші еліміздің ертеңі біз,жастардың қолында. Сондықтан да жан-жақты білімді де саналы азамат болу – әр оқушының міндеті деп білемін.

Автор: Сапарбаева Жулдыз

: ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ КММ

18
Декабрь
0
1898

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.