Сайт учителя начальных классов
.
Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп

Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп

Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп

   Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.Сонымен, іс-әрекетті зерттеу бұл- әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі.  Сабақты зерттеу мақсатым оқушылардың сабаққа деген ынтасын, ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын, АКТ-н жұмыс істеу дағдыларын анықтау.

        Бүгінгі жоспарлаған іс-әрекетті зерттеу сабағы ойдағыдай өтті деп ойлаймын, себебі оны сабақтың соңында өткізілген кері байланыс арқылы көруге болады және ол сабақты өткізген екінші деңгей бағдарламасының екінші  «Бетпе-бет» кезеңіне келген  мұғалім болатын.

    Жеті модуль элементтерін енгізу арқылы өткізген  5 «а» сыныбының орыс тілінен  ертегі сабағына қатысқан кезде, мұғалім ертегі әлеміне қақпа арқылы кіру үшін біршама тапсырмалар орындады. Сабақ барысында  әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап (диалогтік оқыту), ауызша, жазбаша жұмыстар (қалай оқу керектігін үйрету), топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), түсіндіру (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану), бақылау (оқыту үшін  бағалау және   оқуды бағалау) әдіс-тәсілдерін қолданды.  Негізінен сабақ барысындағы тапсырмалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға  бағытталған болғандықтан  оқушылар интерактивті тақтада, компьютер арқылы жеке тапсырмалар орындау барысында талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алды. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік берілді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Зерттеу жұмысына үш деңгейдегі үш оқушы назарға алынды. А оқушы-дарынды, мектепке жақсы ықыласпен, жаңа білім аламын деп әрқашан да құштарланып келеді, өзіндік бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті жоғары барлық пәнерден  үздік оқиды. Бұл оқушыны дарынды деп айта аламын. В оқушы-енжар, мектепке жақсы ықыласпен әрқашан да жаңа білім аламын деп құштарлана  келеді, өзіндік бағалауы орташадан жоғары, нақты ойлау қабілеті орташа. Ал С оқушы-мектепке әрқашан да жаңа білім аламын деп анда-санда құштарлана  келеді.Өзіндік  бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті орташадан төмен.

      Жалпы жоғары және орта деңгейдегі оқушыларымның оқу үлгерімі жақсы, оқу үздігі мен екпінділер қатарында, ал төмен деңгейдегі оқушым үштіктер қатарында оқитын. Дәстүрлі сабақтарда А оқушы өз білгенін сабақ үстінде өзінің қажеттілігі үшін ғана пайдаланатын еді, ал осындай сабақтардан кейін байқағаным, ол оқушым сыйластыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге, ынтымақтастыққа үйренді. В оқушым пәнге деген қызығушылығы болса да, сабақта белсенділік танытпайтын еді, өйткені ол тұйық мінезді оқушылардың бірі. С оқушымның сабаққа қызығушылығы төмен, сөйлемей отырды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болды. Сондықтан да сабақта оқушыларды ынталандыру үшін   «Миға шабуыл», өзін-өзі бағалауға  топарасында эксперттің сайлануы, интерактивті тақтадан «Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар» тапсырмалары арқылы және тест жұмысының орындалуы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятты. Осындай жұмыс түрлері оқушыларды сыни ойлауға үйретіп, белсенділіктерін арттырып,  өзін-өзі реттеуге үйрететіні байқалды. Оны мұғалімнің осы өткізген сабағынан көре алдым. Сабақ соңында мұғаліммен кері байланыс жасау арқылы зерттеудегі үш оқушының сабақтағы іс әрекеті талқыланып, келесі сабаққа жоспар құрылды.

       Іс-әрекетті зерттеудің екінші сабағының тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш». Интерактивті тақтада кроссворд шешу тапсырмасында А деңгейдегі оқушы белсенділік танытып, үнемі қолын көтеріп жауабын алдын ала анықтап отырды. Ал В және С денгейдегі оқушылар аса қатыса қойған жоқ. «Кім жылдам» ойынына С денгейдегі оқушы өз ойын айтуға тырысты. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар еркін ойлауға мүмкіндік алады, ойын дамытады,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді,тіл байлығы жетіледі, жан-жақты ізденеді,өз ойын, көзқарасын жеткізеді.Әр топқа жеке тапсырма беру арқылы А деңгейдегі оқушы электронды оқулықпен жұмыс атқарды, тапсырмаларды толық орындап шықты. В деңгейдегі оқушыға оқулықпен жұмыс, кластер жасау тапсырмасы берілді. Оқушы тапсырманы түсініп орындай бастады. С денгейлі оқушы сызбанұсқамен жұмыс атқарды. Бірақ тапсырманы орындау барысында өте баяу, тапсырманы толық және дұрыс орындаған жоқ. Бірақ электронды оқулық бойынша  екінші жаттығуды толық орындап шықты. Әрине, сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқушылардың тәуелсіз ойлануына , ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және  ақпарат алуына , өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізді. Жан- жақты ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдері мен  жаңа білімдерін ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берілді.

Үшінші сабақ «Пысықтауыш» тақырыбында болды. Сабақтың жалпы мақсаты: ережесімен, сұрақтарымен танысады. Сөйлемді талдай алады.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде . Сондықтан да, оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте көп. Мысалы үй жұмысын тексерген кезде В деңгейдегі оқушы тақтаның алдында тапсырманы орындап берді.Ал С деңгейдегі оқушы сөйлемді талдаған кезде біраз қателер жіберді. Электронды оқулықпен тапсырмалар орындау барысында бақылаудағы үш оқушы өз деңгейлерінде жұмыстар атқарды. Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар В деңгейдегі оқушы АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында  оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алуы, тапсырманы орындау барысында дұрыс нәтиже көрсетуі сабаққа деген ынтасын көтерді деп ойлаймын. Сабақтарда видеоны қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Әр сабақтың соңында "Өзін-өзі бағалау", "Бірін-бірі бағалау" әдістері арқылы балалар өздерінің артықшылығын біле отырып жіберген қателерін анықтады және бағалады. Болашақта қателіктерін жоюға тырысты.

Төртінші сабақ «Тұрлаусыз мүшелер. Анықтауыш» тақырыбында өтті.Өкінішке орай сыныптағы А және С деңгейдегі оқушыларымыз денсаулықтарына байланысты сабаққа келмей қалды. Дегенмен сыныптағы зерттеу жұмысы әрі қарай жалғасты. Мұғалім сыныпты топтарға бөліп, орманға саяхат жасамас бұрын тақтада берілген тапсырманы орындау керек екенін айтты.Бұл жерде оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстар атқарды. Интерактивті тақтада берілген тапсырмаларға В деңгейдегі оқушы белсенділік көрсетіп тапсырмаларды орындап, электронды тест тапсырмасында ойдағыдай тапсырды.Төртінші сабақта зерттеудегі оқушыларымыз түгел болмағандықтан, бесінші сабақты да қарастыруды жөн көрдік.  Сабақ  «Жай сөйлемнің синтаксистік талдауы» тақырыбында болды.

Тақтада көрсетілген «Жолға өзімізбен не аламыз» кроссвордын шешуге оқушылар белсенді қатысты. «Мен кіммін» ойынында А деңгейлі оқушы белсенді қатысты. Үнемі сабақ айтқысы келіп, қолын көтеріп отырды. В деңгейдегі оқушы өзі сұрақ қойып, өзі толығымен  жауап берді. Тапсырманы аса түсінген жоқ. С деңгейдегі оқушы берілген сұраққа жауап бере алмады. Келесі тапсырма саяхат жасау үшін жауынды тоқтату ойыны. Ол үшін сөйлемдер құрастыру, оқушылар топпен жұмыс атқарды. В оқушы талқылауға қатысып жауабын айтуға дайын. Келесі топтық тапсырмада А және В деңгейдегі оқушылар топ ішінде пікірталасқа қатысып отырса С оқушы өз бетімен отыр. Сондықтан мұғалім тақтадағы  «Сөйлем түрлері» атты кестеге байланысты сұрақтар қойып, жауабын айтуға көмектесті. Сабақ барысында А және В деңгейдегі оқушылар барлық тапсырмаларды орындады. С деңгейдегі оқушы бүгінгі сабаққа аса белсенділік танытпады.

               

           Тізбектелген сабақтарымыз аяқталған соң талдау жүргіздім. Бақылау нәтижесі бойынша оқушыларымыздың өзгергенін байқадым. А деңгейіндегі оқушымның тапсырмаға деген  ынтасы өте жақсы, кез келген уақытта өзін сенімді сезінеді. Әр кез алдыңғы орында, шапшаң жылдам қозғалады, диалогті оқытуда топтағы достарымен жақсы тіл табысады. Тобын алға алып шығуға талпыныс жасап отырады, жинақы, сабырлық сақтай отырып, қарсылас топтарын да тыңдайды, балалармен өз ойымен бөлісіп ғана қоймай, достарының сабаққа қатынасуына да мүмкіндік бере отырып, топпен ынтымақта жұмыс істей біледі. Өзін топ басшы ретінде сезінеді. Тіл қолдануда өте шебер. В деңгейіндегі оқушым салмақты. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Сабақ жайлы әсерімен бөлісуі өте жинақы, пікірін жақсы білдіреді. Ұяң мінезді. Алға ұмтылып шығуына кедергі-ұялшақтығы, ойын салмақтап жинақтап сөйлеуге тырысады, мұғалімді бар ынтасымен тыңдайды. Сабырлылық танытады. Әр нәрсенің байыбын күтеді. Тілді қолдануы баяулау, бірақ ойын жинақтап жеткізе алады. Көңіл – күйі өте жоғары, өзіне сенімділік артқан. Баяу жұмыс жасаудан шапшаң болуымен алға басқаны көрінді. Өзін еркін сезінеді. С деңгейіндегі оқушымды өзім жоспарлағандай, оқуға ынтасын аса арттыра алмадым. Оқушыны сөйлеуге, ойын жинақтап айтуға, АКТ-н жұмыстар жасауға түрлі тапсырмалар беру арқылы іс-әрекеттер жасаса да, ілгері талпынысы байқалған жоқ. Сондықтан да С деңгейдегі оқушымен жұмысты ары қарай жалғастыру керек екенін ұйғардық.

ID: 128 | Просмотров: 6450

21/Янв/2015