Сайт учителя начальных классов
.
Информатика пәнінен рефлексивті есебі

Информатика пәнінен рефлексивті есебі

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға – мұғалім. Осы жеті модульдерді ықпалдастыра отырып, информатика пәнінен 5, 6, 7, 8 сыныптарға орта мерзімді жоспар жасақталды. Осы орта мерзім жоспар арқылы қысқа мерзімді жоспарды жасадық. Жоспарды жасақтау барысында жеті модульді ықпалдастырдық. 5 сыныптар арасында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тарауы бойынша қолданылған әдіс тәсілдерім оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ модулі, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық оқушылар жаңа әдіс – тәсілдер бойынша топқа бөлу, постер арқылы ойларын еркін қорғап, өз пікірлерін ашық түрде жеткізе алатындығы байқалды. Топтар арасында бірін – бір бағалау барысында шынай бағалауға үйренді. 6, 8 сыныптар арасында «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» тарауы бойынша, қорытындылар алынып, Осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың қызықты, оқушылар өздерінің оқуларына жауапты екенін сезінді. 7 сынып «Ақпараттық модельде» тарауы бойынша топтық әңгіме барысында, талқылау мен диалог өзінің танымдық қасиеттерімен ерекшеленеді. Диалог барысында оқушыларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылды. Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірбие жинақтап және ой әрекетінің жоғарғы деңгейіне көтерілуге талпына отырып, мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түсті. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады. Тәжірбиемді жетілдіру мақсатында, мектепішілік өткізілген семинар сабақ 9 «А» сыныбында «Татулық достық кілті» Молдатурлиева Зульфияның, 8 «Б» сыныбына «Аққулар ұйықтағанда» тақырыбы бойынша сабақтарға қатысып lesson stadyәдісі жүргізілді.

Осы әдіс тәсілдерді қолдана отырып 8 сыныптар арасында «Озық болсаң озып көр» атты сайыс сабақ өткізіп, sabaktar.kz сайтында жарияланды.

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушыда өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірден өз жолын таба алады деп ойлаймын.

ID: 185 | Просмотров: 3892

03/Фев/2015