Сайт учителя начальных классов
.
Физика сабағында жаңа  технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.

Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру үшін, мұғалімнің үнемі сабақты түрлендіріп, ізденіс үстінде болуы керек. <Заманына қарап –бөркіңді түзе> демекші қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Неге? Себебі, оқу-тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістер болуда, яғни, білім берудің мазмұны жаңарып, дәстүрлі әдістерді (ауызша және жазбаша) ығыстырып, қазіргі заман ағымына байланысты компьютерлік құралдар орындарын басуда.Озық технологиялардың кеңінен қолданылуы білім құзіреттілігіне жету жолында үлкен роль атқарады. Бір технологияның өзі әр түрлі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Не үшін тиімді? Себебі, Физика сабағында озық технологияларды пайдалану - оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруын, оқушының өзін-өзі дамытуын, ойлауын елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын таныту. Күрделі физикалық есептерді шығару үшін, сұрақтарға жауап беру үшін негізгі формулалар мен заңдылықтарды пайдалана білуге үйрету, эксперименнтік жұмыстарды атқаруда икемділігін дағдыландыру. Сондықтанда, мұғалім жан-жақты болуы керек. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: <Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана- мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады>.

ID: 312 | Просмотров: 2773

05/Мар/2015