Сайт учителя начальных классов
.
Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру

Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру

Абдыгалиева Гулбакыт Мукрисаевна
Қарағанды облысы, Сатбаев қаласы
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

«Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру»

Жалпы білім беретін мектептердің міндеті оқушыларға табиғат пен қоғам жайлы ғылымның негіздерін үйретіп қана қоймай, ең бастысы, оларды табиғатқа деген сүйіспеншілік сезім ұялату, қоршаған табиғи ортамен парасаттық тұрғыда қарым-қатынас орнатып, экологиялық білімділік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.
Физикадағы экологиялық білім берудің басты-басты мәселелеріне ғана тоқталып ,оны былай жоспарлауымызға болады.
тақырып Экологияға қатысты материал
7- сынып
1)«Физика,техника табиғат» Ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік салдары.
2)«Заттың үш күйі» Судың физикалық қасиеттері.
3)«Ауырлық,серпімділік күші» Қала сәулеті.
4)«Табиғаттағы,техникадағы үйкеліс» Атмосфераның ластануы.
5)«Денелердің жүзуі» Әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.
6)«Әуеде ұшу» Атмосфераның жоғарағы қабаттарын зерттеу.
8-сынып
1)«Жылу берілу түрлері» Жердің жылу режимі. Желдердің ылғал ауа мен газ қоспасының пайда болуы.Күн энергиясының таралуы.
2)«Жылу двигателдері» Сыртқа шығарылатын газдар, оның айналаға әсері.
3)«Ток күші», «Электр кернеулігі», «Электр кедергісі» Электр тоғының адам ағзасына әсері.
4)«Жердің магнит өрісі» Магнит өрісінің биосфераға әсер етуі.
5) «Электрлендіру» Қышқылды жаңбырлар.Су қоймаларының ауа райына,топыраққа әсері т.б.
9-сынып
1) «Салмақсыздық» Тірі организмге физикалық әсері
2) «Жасанды серіктер» Ғарыш кемесі экипажын өмірлік қажеттілікпен қамтамасыз ету.
3) «Реактивті қозғалыс» Жердің жасанды серіктерінің биосфераны зерттеудегі ролі
4)«Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы» Жер жылдамдығының кестесі. Өсімдік тамырының жалаңаштануына, топырақ эрозиясына қарсы күрес
10-сынып
1) «Термодинамиканың І-заңы» Жылулық құбылыстар және табиғатты қорғау.
2) «Ауаның ылғалдылығы» Гидросфераның биосферадағы мәні
3) «Тізбек бөлігіндегі Ом заңы» Электр тогының тірі организмдегі әсері
4) «Лоренц күші» Жердің радиация белдеулерінің байда болуы, поляр шұғыласы.
5) «Құйынды электр өрісі», «Электродинамиканың негізгі заңдары және оларды техникада қолдану» Электромагниттік ластану.Жердін жылу режиміндегі электр энергиясының ролі. Ауа райының өзгеріске ұшырауы, биосфераның ластануына қарсы күрес.
11-сынып
1) «Электр қуатын өндіру, тасымалдау, пайдалану» Айналаны қорғау-электромагниттік ластану.Қышқылды жаңбырлар.Су қоймаларының ауа райына әсері,топырақ ауруы.
2) «Электромагниттік өрісі» Электромагниттік ластану.
3) «Фитомерлер» Жарық режимі оның адам денсаулығына әсері.
4) «Жарық интерференциясы» Айналадағы ортаның мұнай өнімдерімен ластануы.
5) «Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер» Жер бетіне, өсімдіктерге т.б түскен Күн сәулесінің жылуы.
6) «Рентген сәулелері» Биологиялық әрекет
7) «Табиғи радиоактивтіліктің ашылуы», «Тізбекті ядролық реакция» Радиоактивті ластану.

«Экология»деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді.Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнст Геккель 1866 жылы ғылыми сөздік қарға қосты.
11 сыныпта «Атомдық» физика курсы бойынша Атом, атомның құрылысы , радиоактивтілікк, радиоактивті сәулелер тақырыптарын түсіндіріп өткенде, міндетті түрде радиоактивтілік құбылысының зияны қандай қоршаған ортаға, оның адам организміне әсері қандай?
Радиоактивтік заттар табиғатта көптеп кездеседі.Ғылымда оларды шығу тегіне қарай екі топқа бөледі.Бірінші топқа радионуклидтер,екіншісіне-жасанды радиоактивтік заттар кіреді.
Радиоактивтік эаттар адам организміне үш жол арқылы түседі. Бірінші адамның терісі арқылы, екінші- тыныс органдары арқылы, үшінші - ішетін ас арқылы асқазан мен ішектерге түседі.
Әдетте ауада түрлі майда түйіршіктер қалқып жүреді.Радионуклидтердің тозандары да олардың құрамында мол кездеседі. Ешқандай да оптикалық құралмен қаруланбаған адам көзі оларды көруге қабілетсіз.Әлгі шаң –тозаңдар адамның сыртқы терісіне қонады да , ұзақ уақыт тұра береді.Уақыт өткен сайын олар ішке қарай ене береді. Кейде қан тамырларына жетіп, қан арқылы жүрекке, одан бүкіл дененеге тарайды. Көбіне ондай тозаңдар адамның тыныс органдары арқылы ауыз қуысына, одан ары өкпеге келіп түседі.Өкпе қабынып, ісінеді де ,адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді.
«Ядролық энергияны қолдану»деген тақырыпты оқытқанда ХХ ғасырдағы экологиялық апаттың басты себептерінің бірі-ядролық жарылыстар,Семей полигоны,АӘС-лары екендігін айтып түсініктеме береміз.
1945 жылдан бастап өріс алған ялролық жарылыстар нәтижесінде атмасфераға 2,4·1024Бк тритий және т.б 17,1·1018Бк радионуклид келіп түсті . Олардың ішінде цезийде, рубидий де, стронций де -бәрі де бар.
Семей полигонында 1949-1989жылдар аралығында 40 жыл ішінде 200-дей ауадағы жарылыс және жер асты жарылыстары жасалған, ал тек ғана 1964-1989 жыл аралығында 340 жер асты жарылыстары жасалынған.Барлығы 500-ден астам жарылыс болған. Бұл заттардың қуаты 100 кг 50 мегатоннаға жеткен. Бұның 20 мегатоннаға жер беті жарылысына, 30 мегатоннасы жер асты жарылысына келеді. Бұл ауаға араласқан радиоактивтілік қоспалар Жезқазған аймағына да жеткен. Семейде 100-ден астам ядролық және термоядролық бомбалар сыналған.
Бұл жерде дүние жүзінде бірінші рет 1949 жылы тамыз айында плутоний бомбасы сыналған. Бұл уақытта ауада биіктігі 2 метрден 2000 метрге дейін көтерілген қуаты 20 Мт қопарылыстық толқын пайда болған. Мұнда тұратын халық 10-100 бэр жұтылу дозасын қабылдаған. Біз физикадан білеміз адам денесінің радиоактивтілігі бір жыл ішіндегі сәуле шығару дозасы әр адамға 0,002 Гр шамалас болады. ал сәуле шығарумен жұмыс істейтін адамдар үшін 1жыл ішіндегі шектік мүмкін дозасын 0,05 Гр деп тағайындайды. 3-10 Гр сәуле шығару дозасы өлім қаупін туғызады.
10 сыныпта физика курсы бойынша «электродинамика» бөлімін өтетін кезде оқушыларды экологиялық мазмұндағы төмендегідей негізгі сұрақтармен таныстырамын: Электр өрісі және оның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері, электр энергиясын өндіру және тиімді пайдалану, оның басқа энергия түрлерінен экологиялық тұрғыдан алып қарағандағы артықшылығы, халық шаруашылығындағы электр тогының қолданылуы, өндірістерді және ауыл шаруашылығын электрофикациялау, жер бетіндегі организмдер тіршілігі үшін атмосфералық электр көзінің маңыздылығы, атмосфералы электр энергия көзі , электрфильтрлермен суды және ауаны тазарту, жердің магнит өрісі т.б.Мысал ретінде оқушыларды организмге әсер ететін электр өрісімен таныстыруға болады. «Электр өрісіндегі диэлектриктерді» оқытқанда адам организмдегі реакциялар себептерінің электр өрісіне әсері туралы түсіндіре отырып, адам организмнің құрамында хлор анионы мен натрий, калий, кальций және т.б катиондары болатындығын одан су құрайтыны айтылады.Адам организміндегі су молекулалары Жердің өрісінің әсерінен поляризацияланғандықтан коректік заттардың катиондары мен аниондары белгілі бір бағытта қозғалатындығы туралы,бұдан адам организміндегі реакциялар қолдан жасалған электр өрісінің әсерінен екендігін түсінуге болады. Электр өрісі туралы әңгімелей отырып Жердің 500 мың Кулонға тең теріс заряды болатындығын, сондықтан оны осы зарядтың айналасындағы туындайтын электр өрісі қоршап тұратындығын оқушыларға баяндаймын.Жер бетінде тіршілік ететін барлық тірі организмдер үшін бұл өріс аса қажетті тіршілік шарты болып табылатындығын егер қандай да бір себептерге байланысты электр өрісінің мөлшері өзгерсе, организмдерде де өзгерістер болуын оқушылардың назарын Жер шарының кез-келген нүктесіндегі Жер өрісін өзгеретін қолдан жасалған көптеген теріс өрістерге аударған дұрыс.
Экология мен экономика мәселесі қазіргі уақытта бүкіл ел болып ойланатын өзекті мәселе.Себебі бізден кейін де өмір сүретін ұрпақ, жалғасатын өмір бар.
Практикалық космонавтиканың негізін қалаушы, орыс ғалымы, конструктор
Сергей Павлович Королев: «Тіршілікте өмірің таусылмастай өмір сүр, өлгеннен кейін де жалғасатын өмір тұр» деген екен.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Зерде №2, 1998ж.
2.И.Ф.М №8, 2007ж.
3.«Қазақстан мектебі»№5, 2009ж.

ID: 431 | Просмотров: 3225

02/Май/2015