Басты бет » 2015 » Февраль » 10 » Есептер НЗЕМ 5 есеп
00:28
Есептер НЗЕМ 5 есеп
загрузка...
А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп.

Мұғалімнің жазбалары Тренердің жазбасы
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау мен іс– әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларға сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (МАН-49бет)
Бұл алға қойған мақсаты –мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты сыни тұрғыдан қарай отырып, ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңға дейін мен өз сабақтарымда Сыни тұрғыдан ойлау әдісінің элементтерін қолданып, сабақ жүрісінде балалардың сыни тұрғыдан ойлануына жағдай жасамайтынмын. Бұл модульді таңдаудағы мақсатым-оқушының өз пікірін еркін, сауатты, ашық жеткізу әрі оларды жаңа қырынан тану. Мектептегі тәжрибе кезеңінде 4«В» сыныпқа дүниетану пәнінен орта мерзімді жоспарды құрдым. Сол жасаған жоспар бойынша сабақтарымды рет-ретімен өткізе бастадым. Осы сабақтарды өткізу де «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» әдісін жиі пайдаландым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарды сыни тұрғыдан ойлап жоспарлап, оқушыларға сабақтағы тапсырмаларды ой-елегінен өткізіп көрдім. Оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыруға болатын тапсырмалардықұрастыра бастадым. Мектептегі тәжрибе кезінде 4 «В» сыныбындағы «Отаным менің, байтақ өлкем» тақырыбына оқытудың жаңа тәсілін қолдана отырып, төрт сабағымды өткіздім. Сабаққа барлығы жиырма оқушы қатысты. Сабаққа қойған мақсатым; сыныппен, топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, мәтін мазмұны бойынша, еркін сөйлеуге, жүйелі жеткізуге, граматикалық тақырыпты меңгертуге үйрету әрі әлеуметтік ортамен байланыс орната білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру әрі ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруға болады. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымды оқушылармен амандасып, оқушылардың назарын сабағыма аудардым. Балаларға базарлық дей келе, төрт түрлі түсті кәмпитті үлестіру арқылы төрт топқа бөлдім. Кәмпиттерді тарату арқылы сабаққа қызығушылығын оятып, қуанышқа бөледім. Балалар бұл әрекетті бұрын көрмегендіктен таң қалды. Алайда сабақ жүрісі бұрын таныс болмағандықтан ба, шашыраңқы болды. Алғашқы сабағымда топқа бөлуде топтар арасында келіспеушіліктер орын алды. Оқушылар бір-бірімен отырғысы келмей, атмосфералық ынтымақтасды бұзды деп ойлаймын. Мен бұл әрекетте ережеге бағынуды сұрап, бірлесіп жұмыстануды түсіндіріп кеттім. Мен жаңа тақырыпқа түспес бұрын, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында СТО технологиясының «Ой қозғау» әдісін пайдаландым. Миға шабул жасап сөзжұмбақ шештіріп, ауызша қорғаттым. Бөлінген топтардың әр қайсысына топтық тапсырма ұсындым. Бірінші топқа Сызба арқылы өлең құрастыр. 1. елім, 2. жерім, 3. жайқалған, 4. жасарған, 5. жайған,6.Қазақстаным!, екінші топқа «Отан» сөзін топтастыру, үшінші топқа «Біздің Отан» тақырыбына сурет салу, төртінші топқа «Менің Отаным» тақырыбын постер қорғау. Төрт топ өзіне берілген тапсырманы ойдағыдай қорғап шықты. Ой қозғау мақсатында төртінші топқа тақырып бойынша, сендерге қандай тапсырма берілуі мүмкін деген ой тастадым. Топтар әр түрлі нұсқада жауаптар айтты. Қалай ойлайсыңдар, тақырыптың негізгі идеясы не? Ойлана отырып Б деген оқушым апай; «Отан деген ата-ана, Туған жер, Менің Қазақстаным!» дегенді білдіреді деді, бұл нақты дұрыс жауап деп пікірін ұсынды. Балалар бір ауыздан жауапты дұрыс деп мақұлдады. Менің де күткен жауабым осы еді. Сонымен төртінші топтың тапсырмасы «Менің Отаным» деген тақырып болды. Топтағы оқушылар өз ойларын еркін, жүйелі жеткізді.Мен жаңа тақырыпты түсіндірген кезде, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында СТО технологиясының «Зерттеу» әдісін пайдаландым. Сергіту сәтіне бейнеролик көрсетіп, өз ойларын толықтыра түстім. Тақырыпты ашу мақсатында бейнеролик туралы бір сұрақ қойдым. Бейнеролик не туралы айтылған. Оқушылар көрген бейнеролик бойынша, үн қатты. Бәрінің жауабы мынадай; өз Отанының, өз елінің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала – атажұрт бабаларымыз отанын көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорағанының арқасында бізге жетіп отыр. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ деген жауапты Д оқушым айтты. Кейбір тұйық оқушылар сабаққа үндемей араласпай отырды. Оларда қорқыныш, ұялшақтық мінез басым болғандай болды (Б, К). Осында мен оқушыларға барлығың да сабаққа өз үлестеріңді қосуларың қажет, өйткені әрбір пікір құнды деген ойымды білдірдім. Ештеңеден қорықпаңыз дей отырып сабақты одан әрі жалғастырдым. Балалардың ойлау деңгейін жақсы деңгейде дамыту мақсатында сұрақ қоюға деген менің көзқарасым толықтай өзгерді. Ең басында төменгі дәрежелі сұрақтардан бастап, жоғары дәрежелі сұрақтарға көтердім. Жас ерекшеліктерін ескере отырып барлық топтарға бірігіп, берілген «Отаным менің, байтақ өлкем» тақырыпты топтастыру берілді. Әр топ өз алдына уақыт бойынша бірігіп жұмыс жасады. Уақыт аяқталғасын топтар өздерінің жұмыстарын қорғады, оларға топтар баға қойып отырды, соңында бірі-бірінің жұмыстарын салыстырдық. Ұқсас келген ойларды салыстырып, оқушыларға қойылған сұрақтарға топтық талдау жасай отырып, барлығы қызыға жауап беруге тырысты. Кейде оқушылар бұрынғы дәстүрлі әдіске салып, жеке жұмыс жасағысы келгендер де болды.Ол оқушылардың білім деңгейі жоғары оқушылар; (М, Д, А) . Осы жерде балалар ойларын еркін, ашық айтып жатқанын көріп, оларды мадақтау әдісімен сабақтың келесі кезеңіне көшуге мүмкіндік жасадым. Оқушылардың ойлау қабілетін анықтау мақсатында Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының «Білемін, білдім, білгім келеді»әдісін қолдандым. Бұл әдісті пайдаланған себебім бұрын білетін ойларымен бүгінгі алған білімдерін толықтыру. Онда әр оқушыдан жауабын тыңдай отырып өз ойларын ортаға салды. Барлық топта өз ойларын жеткізе білді. Бірінші топтағы Б деген оқушым (білім деңгейі орташа) еркіндік сәтін пайдаланып өз ойын әдемі жеткізе білді. Оқушылардың терең ойлау қабілетін анықтау мақсатында әр топқа мынадай тапсырмалар ұсындым; Жібек жолы туралы бірігіп топтастыру бұл тапсырма сабағымды қорытып алуға жақсы әсер етті. Берілген тапсырмалар оқушылар топ болып кеңесіп, ақылдасып , айқайлап шулап жауап берді . Осы орайда мен мынадай ойға келдім: балаларды сабақта өздерін реттеу үшін топтық ережені үнемі ұстануын айттым. Осы кезде балалар шулағанын азайтып, ережеге бағынуға тырысты. Осы орайда өз ретімен талапты дұрыс қоя білсе, кез-келген оқушының сабаққа деген құлшынысы артады. Сыныптағы қарым – қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диолгтің мұғалімдерді оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс – әрекетке тартылумен қатар ,жоғары деңгейлі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. (МАН-50 бет) Келесі екі сабағымның үй тапсырмасын пысықтау мақсатында Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының «нобайлау» әдісін қолдандым. Тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау үшін төрт топқа түрлі тапсырмалар бердім (мәнерлеп оқу, талдау, бейнелеу, салыстыру, дәлелдеу). Балалар үй тапсырмасын орындау барысында оқулыққа, қосымша газет-журналдарға, ақпарат көздеріне, кітапхана көмегіне жүгініп, бір-бірімен кеңесіп, қызығушылықпен жауап беріп жатты. Бұл әдісте оқушылар бұл өткен тақырыпты жан –жақты талдап, алған білім мазмұнын топ болып көрсетуге ықпалын тигіздім және әр оқушының ізденуіне, тереңірек жұмыстануына мүмкіндік бердім деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызы мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардыңда, мұғалімдердіңде сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Өткен сабақты бекітіп, жаңа сабаққа байланыс жасау үшін оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында СТО техналогиясының «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып интер тақтадан бейнеролик көрсеттім. Балардан көрген бейнесі бойынша бірнеше проблемалық сұрақтар қойдым. Сіз тамашалаған бейне көріністің мақсаты не? Қандай жануарларды көрдік, олардың түрлерін, түстерін атаңдар? Cалмақтары қандай болуы мүмкін? деген сұрақтарға терең ойланып, әр түрлі жауап нұсқаларын ұсынды. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының түрлі әдістерін қолдандым. Оқушылар сабақ барысында «сөзжұмбақ» шешті, дыбыстық талдау жасады, батырларды бейнеледі, салыстырды. Оқушылар постер қорғау арқылы өз пікірлерін ашық айта алатынына көзім жетті. Мұндағы мақсатым – алға қойған мақсаттарды алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау. Бұл кезеңде әрбір оқушы бір сәт өзін оқытушы ретінде сезініп, оқуға деген қызығушылығы оянады. Мен оқушылардың бір – бірінен қалыспауға, жақсы жауап беруге тырысып жатқанын байқадым. Тапсырма толық орындалу үшін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзімнің көмек көрсетуіме тура келді. Бұл стратегияның ұтымдылығы – сабақтың әр кезеңінде оқушының тақырыпты терең меңгеруі. Оқушылар өз ойларын өмірмен байланыстыра отырып, пікірлерін ортаға салды. Сабақ соңында оқушылардың өзіндік білім деңгейін тексеру үшін «Қазақтың хас батыры Қарасай» тақырыбына шағын эссе және проблемалық сұрақтар қою арқылы бекіттім. Менің байқағаным, балалардың тапсырманы ұмытып қалмай, нақты әрі мүлтіксіз орындағаны көрінді.
Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқытушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Мәтін мазмұнын АКТ-ны пайдаланып, үнтаспадан тыңдаттым. Мәтін мазмұнын бойынша түсінгендерін тексеру барысында «Топтастыру» стратегиясын қолдандым. Мұнда «Қазақтың хас батыры Қарасай» тақырыбы туралы не білдіңдер? деген сияқты сұрақтар бердім. Қамтылған сұрақтар әрине тақырып аясында болды. Топта отырған оқушылар белсенділік танытып, бірлесіп ақылдаса отырып, қолдарын көтеріп жауап беріп жатты. Үш сабағымды оқушылардың бар білімдердің белсендіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын қолдандым. Үштопқа проблемалық сұрақ қоя отырып, өз ойларын пікірлерін білдіруге мүмкіндік бердім. Жұптық миға шабуыл әдісі өз ойларын сынып алдында айта алмайтын оқушыларға өте жақсы көмектеседі. Әрине, топпен жұмыс оқушыларға ойларын айтуға көбірек мүмкіндік береді. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуда қарастырады. Сыныптағы қарым – қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диологтің мұғалімдерді оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс – әрекетке тартылумен қатар , жоғары деңгейлі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. (МАН-49) Сыни тұрғыдан ойлау – мәліметті қабылдаудан бастап, сол мәліметті қорғап,қорытындылайтын ойлаудың күрделі үдерісі . Алдымен,шешетін тапсырманы ортаға салып ,соған жауап іздейді. Әр-оқушының жауабы жас ерекшелігіне қарай әр –түрлі болады. Сол арқылы оқушылар бір – бірімен кері байланыс орнатады Сыни тұрғыдан ойлау – бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.
Бақылау дағдысы барысында топ ішіндегі лидерлер оқушылардың бет бұрысын бақылап, қадағалап отырды. Олар Б, К оқушыларға көмектесіп, сөйлетуге ықпал етті. Талдау дағдысы барысында мәтінмен таныса отырып , бір – бірлерінің пікірін тыңдау арқылы әр топ өз ойларын ортаға салып талқылап жатты. Талдау дағдысы проблемалық сұрақтарға жауап беруде анықтадым.
Қорытынды аясында оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, топтастыру стратегиясында әр топ жауап беруге құлшыныстарын білдірді. Қорытындылау дағдысы кезінде менің осыған көзім жетті. Интерпретация дағдысы кезінде топ арасында соңғы 3 – 4 сабақтарда сабаққа деген ерекше дағдыларын, көзқарастарын білдіргенін байқадым. Постер қорғаған кезде әр топ мәтін мазмұнын әдемі жеткізу үшін суреттерін салды. Бірақ постер қорғауда сурет салған кезде уақыттың көп кететіне көзім жетті. Алдағы уақытта өз тәжірибемде постерді қорғауда уақытты үнемдеу керектігін есепке аламын деген ойдамын
3 – сабақта «Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы» деген тақырыпты пысықтау үшін үш топқа проблемалық сұрақтарды бердім. Онда топ оқушылары сыни тұрғыдан ойлана отырып, бір-бірінен қалыспау үшін жарысып, қызыға жауап беруге тырысты және өз сөздерін дәлелдеу үшін постерге сурет салды. Міне, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау мақсатында берген осындай әр сабақта қолданған тапсырмаларымнан кейін менде бұл стратегияны қолданғанда, сабағымның бұрынғы дәстүрлі сабағымнан өзгеше сабақ болғанын, осындай әдіс - тәсілдермен сабақты оқушының бойында игертуге болатындай қызықты етіп өткізуге болатыны туралы ой қалыптасты. Бұл стратегиямен жұмыс істеу оқушылар үшін өте маңызды екен. Себебі, бұрынғы дәстүрлі сабақта ынтасы жоқ, сабаққа деген қызығушылығы жоқ оқушылардың сабаққа деген көзқарастарының өзгергенін байқадым. Көбінесе олар келесі сабақтың болатынын күтіп жүретіндігі байқалды. Сол сияқты үндемейтін тұйық оқушылардың өздері постерді қорғаған кезде сөйлегісі келіп, оқушылар арасында талас туғанын байқадым. Бағалау кезінде оқушылар топ болып бір-бірін критерий арқылы бағалады. Алайда кейбір топта оқушылардың көбі жоғарғы деңгей бағасын қойып отырды. Ал кейбір топ өздерін әділ бағалады. Оқушы білімін бағалау үшін ауызша және жазбаша өзара, топтық бағалаулар жүрді. Сол себепті соңынан өзім жиынтық баға шығарып отырдым да, бұл туралы ойымды оқушылармен бөлістім. Бағалау әдісі оқушыларға ұнады. Біріншіден , олар бағаның жобасын біліп отырады, екіншіден, бір-біріне деген көзқарасы өзгеріп, сенімі артады. Оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісі сабағымның сәтті өтуіне ықпалын тигізді деп ойлаймын. Сабақты қорытындылауда кері байланыс әдісін жүргіздім. Стикерге әр оқушы сабақ туралы өз ұсыныстарын, пікірлерін жазды. Бұл да әр баланың құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді.
Мен осы бағдарлама аясында өткізген төрт сабағымда көптеген нәрселерді үйрене отырып, төмендегідей ой түйдім: әр сабақта оқушымен жұмыс жасай отырып, жүйелі түрде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері мұғалімдерге көмек береді әрі оқушыларға қалай оқу керектігін үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістері оқушылардың еркін ойлануына, жан - жақты ізденуіне, ұжымдық іс - әрекетке бейімделуіне, ойларын дамытуға , алдына мақсат қоя білуіне, оқуға деген ынтасының артуына, өз-өздерін бағалауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Жеті модуль қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақ топтамаларын орташа мерзімді жоспарлау

Р/с Сабақтың тақырыбы және оқыту негізгі мақсаты
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер Оқу нәтижелері Сыныптағы өзара әрекеттестік. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау Негізгі дереккөздер

1 4-сынып Дүниетану
09.04.2014ж
Тақырыбы: Менің отаным-байтақ өлкем
Мақсаты: Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып. Ұлы Жібек жолының Қазақстаннан өтуі, кең байтақ жеріміздің қазба байлықтары, әсем табиғаты жайлы білімдерін жетілдіру.
АКТ, СТО
Диалогтік сұрақ – жауап. Жаңа ақпараттарды талдайды,топтық жұмыстар орындайды,тақырып бойынша бес жолды өлең шығарады, соның ішінде отан туралы жан-жақты мәлімет алады . Топтық жұмыс барысында негізгі мазмұнды түсінуге үйренеді,оқушылардың сөйлеу мәнері артады.

Формативті бағалай алуы.(мадақтау,шапалақтау, түрлі-түсті тәттілер арқылы бағалау) Оқулық 4- сыныбына арналған оқулық. К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Қ.Аймағамбетова Алматы «Атамұра» 2011

Ресурстар

2 4-сынып Дүниетану
12.04.2014ж
Тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі.
Мақсаты: Қазақ тарихындағы 18 ғасырдың алғашқы жатысындағы қиыншылықтар,
оқушыларға оқытылатын тақырыптың негізгі идеясын ашуға, жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау. Түрткі сұрақтар арқылы ой қозғау,тақырып бойынша ой қозғау,дыбыстық талдау,сипаттау Ақпараттарды талдайды,топтық жұмыстар орындау арқылы , қазақ жоңғар арақатынастары туралы біледі.

Топтық жұмыс барысында негізгі мазмұнды түсінуге,талқылауға, бірін – бірін тыңдай білуге, ойын еркін ашық айтуға, сөйлеу мәнері артады. Форма-тивті бағалай алу.(бағалау бетшесі, смайлик) Оқулық 4-сынып
интерактивті тақта.
Ресурстар

В 2 есебі
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған
тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп.
Мұғалімнің жазбалары Тренердің жазбасы
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуды 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көшбасында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден-жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. (Бағдарлама 10 бет)
Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалімнің атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр (Barber & Mourshad, 2007)
Бұл бағдарламаның негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген (Vigotsky, 1978; Wood,1998). Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту үдерісін қаншалықты қызықты өткізгісі келетін мұғалім үнемі ізденісте болатыны анық. Сабақтарда оқушыларды жалықтыратын бірізділікті қалай жоюға болады. Дарынды, қабілетті, орташа, төмен оқушыларды қалай сабаққа бағыттауға болады?Оқушыны жетелейтін мұғалім ғана емес, ең алдымен, өз оқуларына жауапкершілікпен қарайтын оқушыны қалай анықтауға болады?Міне осындай сұрақтарды мектептегі тәжірибеден өткен уақытта өзіме мақсат қойдым. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар сыныптағы оқуға түгел қатыспайтын еді. Мұғалім олардың сабақтағы жауаптарын тыңдағанда, күнделікті түсінбей қалған тақырыптарының көлемі ұлғайып, үлгерімі орташа балалар шегіншектеп қалып отыратын. Осы жолдан алып шығу амалын іздестіргенмен, нәтиже көңілге қонымсыз болып отырды. Осы кезде бағдарламаның жеті модульдері оқу нәтижесінде түбегейлі өзгеріс енгізетініне сенімді болдым. Тәжірибемнің алғашқы күніне бастап өткізетін сабақтарымның жоспарын жасақтап, өзім сабақ жүргізетін сыныбымды таңдап алдым.
Бірінші бетпе-бет кезеңі аяқталғанан кейін өзім жұмыс жасайтын Жаңаөзен қаласындағы №13 жалпы білім беретін бастауыш мектепке тәжірибеден өту үшін келдім.
Ең алдымен сабақ беретін сыныбыма барып, дәстүрлі сабақ өткіздім. Ондағы мақсатым оқушыларға жаңа әдістің ерекшеліктерін түсіндіру.Тізбектелген сабақтар топтамасын жасақтай отырып, осы сыныпта дүниетану пәнінен төрт сабағымды өткіздім.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарды жоспарлау кезінде, ең алдымен, өзім сыни тұрғыдан ойланып, оқушыларға берілетін тапсырмаларды ой елегінен өткізіп көрдім. АКТ- ны қолдану, сыни тұрғыдан ойлану, жаңа идеялар ұсыну, жас ерекшеліктерін анықтау, бірін – бірі бағалау, көшбасшылықты анықтау арқылы білім беру анықталып отыр. Содан кейін ғана оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға болатын тапсырмаларды жас ерекшелеріне қарай құрастыра бастадым. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – оқыту барысында жеті модельді жоспарға енгізе отырып, сабақты қызықты да тиімді өткізу болып табылады.Содан кейін ынтымақтастық атмосферасын ортану қалыптастыру үшін оқушыларды топтарға бөлдім. Топтарға бөлу кезінде геометриялық фигураларды, сандарды, түрлі-түсті тәттілер, түрлі-түсті қағаздарды пайдаландым. Бірінші сабағымда оқышыларға жаңа әдісті меңгеру оңай болған жоқ. «Постер дегеніміз не?» «Онымен қалай жұмыс жасаймыз?» «Ненің суретін саламыз?» деген сияқты жалпақ сұрақтар қойды. Топ болып ұжымдасып жұмыс жасаудың не екенін түсінген жоқ. Осыдан кейін келесі сабақтарымда жетістікке жету үшін осы бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдермен ақылдаса отырып, қалған үш сабағымды жоспарладым. Тізбектелген төрт сабағымның ішінде төртінші сабағым сәтті шықты деп ойлаймын. Әрине төрт сабақ өте сала толықтай өзгеріс енгіздім дей алмаймын. Бірақ қатып қалған қағидаты бар дәстүрлі сабақ аясына кішкене болсада қозғалыс әкелдім деп сенемін. Барлық сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модульінің әдістерін пайдаландым. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - оқыту барысында жеті модульді жоспарға енгізе отырып, сабақты қызықты да тиімді өткізу болып табылады. АКТ - ны қолдану , сыни тұрғыдан ойлану, жаңа идеялар ұсыну, жас ерекшеліктерін анықтау, бірін - бірі бағалау, көшбасшылықты анықтау арқылы білім беру көзделіп отыр. Тілді жақсы деңгейде меңгермеген баладан тақырыпты түсініп, мазмұнын айтуды, өзіндік пікірін білдіруді талап ету ешқандай нәтиже бермейтіні анық. Сол себепті сабақтарымда сөздікпен жұмысқа, сөйлеу мәдениетіне, ойын нақты жеткізе білуге басты назар аударылды. Осы Бағдарламаның барлық жеті модульін қамти алмасамда, сабақтарымда алты модульді сабақтарымда пайдаландым.
1 – модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік– сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттерінің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді» (МАН, 12бет).
2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау модульі. Бұл жаңаша әдіс - тәсіл арқылы оқушының өз ойын суреттеу арқылы оқушының өз ойын суреттеу арқылы ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамиды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.
3-модуль. Оқыту үшін және оқытуды бағалау. Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы.
4- модуль.Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
6 – модуль. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Хаген мен Хейл (1973) 5 – 6 жастар балаларды бірінші ашықхаттағы суреттерді есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті.
7-модуль. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011)Аталған төрт сабағымның ішінен төртінші «Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы»тақырыбындағы сабағымды егжей-тегжей талдамақшымын. Бұл сабағымды өзімнің сабақ беретін 4 «В» сыныбына 3 аптада өткіздім. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатнастар, құндылықтар, амал-тәсілдермен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі ретінде анықталған (МАН, 16 бет). Бұл сабағым төртінші сабақ болғандықтан, оқушылар топтық жұмыстың маңыздылығын түсіне бастады. Оқушыларды өткен сабақтармен байланыстыру үшін «І топ «Өткен күн» , ІІ топ «Осы күн» , ІІІ топ«Болашақ» деп топтарға бөлдім. Үй тапсырмасына берілген тапсырмалар арқылы «Қазақтың хас батыры Қарасай» әңгімелеу, Қарасай батырға берілген мінездемесін оқыту, батырлық туралы мақал-мәтелдер айту керек еді. Үйге берілген тапсырмаларға барлық оқушы дайын болды, себебі барлығы қолдарын көтеріп отырды. Үй тапсырмасын бекітіп, жаңа сабақтың жаңа тақырыпты ашып алу үшін «Сөзжұмбақ» пайдаландым. Әр топқа сөзжұмбақ жазылған папқшаларды таратып беріп, оларға уақыт бердім. Сөзжұмбақты топ бірігіп отырып шешті және жаңа тақырыптың атауын топтар болып таптық.
1.Ламаизм дінін тұтынған. Тілі Алтай тілдерінің батыс-моңғол тобына жатады. Б. з. б. 1-мыңжылдықта қазіргі моңғолия жерін мекендеген тайпа.
2.Қарасай батыр қай жерде туып өскен.
3. Қарасай батырдың ең алғашқы қатысқан шайқасы қай өзеннің бойында болған.
4.Қарасай батыр қай рудан шыққан.
5. Қарасай балаң жігіт неше жасында майданға шықты.
6. Ержүрек сөзіне мәндес сөз.
7. Қарасай батырдың неше баласы бар?
8. Қарасайдың тегін ата?

Қ А Л М А Қ
А Л А Т А У
Т О Б Ы Л
Е С Қ О Ж А
О Н Ж Е Т І
Б А Т Ы Р
А Л Т Ы
А Л Т Ы Н А Й Ұ Л Ы

«Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы» деп тақырыпты мәнерлеп оқып беру арқылы мазмұнын түсіндірдім. Дереккөз ретінде тың мәлімет беру арқылы жаңа тақырыпты аша түскендей болдым. Оқушылардың көңілін көтеру,сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында сергіту сәтін жасаттым.Сергіту сәтінен кейін балалардың жүздері қуанып бал – бұл жайнап тұрды. Менің байқағаным сергіту сәтінің сабақ үстінде көбірек жасату, бастауыш сынып оқушылары үшін өте тиімді екен. Себебі оқушы хормен айта тұрып әріптерді дұрыс айту, бірігіп айту керектігін ұғады. Жаңа сабақтағы мағынаны тануы кезінде оқушыларға ғаламтор желісінен алынған Қабанбай батыр туралы бейнеролик көрсеттім. «Сатылау» (ранжирование) әдісі арқылы әр оқушыға жеке проблемалық сұрақ бердім. Бейнероликтен не көрдіңіздер дедім. Әрқайсысы өз көзқарасы бойынша топ ішінде кезектесе дәлелдер келтірді.
Топ ішінде талқылап өздеріне керекті дәлелдемені таңдап алады және қорғайды. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпаратты талдайды, өзін – өзі бағалауды үйренеді, өз ойын дәлелдей біледі, топ ішінде ынтымақтастық қарым – қатынас жасай біледі.
Топтарға ауызша талқылауға үшін төмендегідей тапсырмалар бердім
І топ Қарабанбай батырға мінездеме беру.
ІІ топ Сурет салу шайқас үстіндегі Қабанбай батырды көз алдына елестету арқылы.
ІІІ топ Елін, жерін қорғаған Қаракерей Қабанбай батырға өлең шығару.
Бұл тапсырмаға 7–10 минут уақыт бердім. Мұндағы мақсатым уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушыларды өз ойларын жүйелеуге дағдыландыру.
І топқа жоғарыда аталған: Қарабанбай батырға мінездеме беріп, топ атынан ауызша қорғау жұмысы тапсырылды. Топта оқу үлгерімі әр түрлі балалар болды. Топ мүшелерінің арасында сұрақ – жауап туындап, балалар бір – бірімен диалогтік қарым – қатынасқа түсе бастады. Жақсы оқитын оқушылар қасындағы балаларға сенім артып, жауапкершілікпен қарап, бір-бірінің сөзін, пікірін тыңдауды, құрметтеуді, қажет болған жағдайда түсіндіруге тырысып, жәрдемдесуге машықтанды. Және бір-бірінің пікіріне көңіл аударып, өздерін психологиялық тұрғыдан демеп отыруға дағдыланды. Балалар біртіндеп өз ортасында сабақ мазмұнына қатысты сөйлесуді, пікірлесуді, бір - бірінің кемшіліктерін түзетуді, бір - бірін тыңдауды үйренді. Мұнда үлгерімі төмен және орташа балалардың тапсырмаларды орындауда достарына арқа сүйей отырып, еркін жауап беруді үйренуіне мүмкіндік туғызды. Балалар сабақ барысында сабақ мазмұнына қатысты сөйлесуді, пікір алмасуды, өздерінің қателіктерін түзей отырып, бір-бірін мұқият тыңдауды үйренді. Топтың атынан тапсырманы қорғауға оқу үлгерімі жақсы оқитын оқушым Д шықты. Д оқушым Қабанбай батыр ержүрек, хас батыр, Абылай ханның оң қолы болған деп, топ мүшелерінің ойын толық жеткізді. Д топтың алдында өзін еркін ұстап, сыныпқа үлгі бола білді.



2-3-ші топтағыларда берілген тапсырмасын өз дәрежесіде, жас ерекшелігіне сай мағлұмат берді. Осы постер қорғату арқылы дарынды және таланты балаларды анықтауға көмектесті.Сыныбымдағы әр баланың неге бейім екенін аңғардым.Үлгері орташа оқушылардың әдемі етіп сурет салғандары, көрген көріністері бойынша ой түйгендері,әдемі етіп ән айтқаны мені таң қалдырды. А деген оқушым Қабанбай батырға ұқсағым келеді, себебі оқуда, өмірде мықты болғым келеді деді сол кезде оқушымның терең ойына көз жеткіздім. Осындай топтық тапсырмалардың арқасын да әр оқушының ізденуіне, тереңірек жұмыстануына мүмкіндік бердім деп ойлаймын.Сыныптағы оқушылардың іс–әрекетін үнемі мадақтап, қолпаштап отырдым. Сабағымды одан әрі жалғастырдым.Сабақты бекіту үшін топтарға мынадай тапсырма ұсындым. Әр топқа үш түрлі тапсырмалар бердім.
І т: Қазақ пен Қалмақ арасындағы шайқастағы негізгі қаруларды жаз.
ІІ т: 18 ғасырдағы батырларды атап, жазып шық.
ІІІ т: Қабанбай батырды топтастыру.
Топтар берілген тапсырманы көңілдегідей орындап шықты.І топ оқушылары берілген тез әрі жылдам орындады. М деген оқушым топ ішінде берілген тапсырманы белсенді орындап қаруларды жылдам атап шықты. Оны қалай тез білдің дегенде ғаламтордан қарап тасынқанын айтты. Бұл оқушының ізденімпаздығын білдіреді. Себебі оқулық көлемінде шектеліп қалмай тың мәлімет іздегені. Сабақты қорыту мақсатында тест парақшасын таратып бердім, тест парақшасында төрт сұрақ болды, барлығына жауап берген оқушы сабақты жақсы меңгергенін оқушылар көрсете білді. Үйге тапсырма 1. «Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы» тақырыбын оқып, әңгімелеп келу.2. Мінездеме жазу.Сабақ соңында оқушылар өз-өздерін бағалады. Мұнда менің сабақ басында бағалау жөнінде айтып ескергенімді бала санасында сақтап қалғаны әрі жауапкершілікті ұстанғанын байқадым. Себебі М мен Б деген оқушылар өздерін әділ бағалады. Кері байланыс ретінде оларға сұрақ қойдым сен не мына бағаны таңдадың? М деген оқушым сабақта белсен қатыса алмағанын айтып, осы бағаны алғанын айтты. Бағалау оқушыны алға жетелеп,өз танымын кеңейтуге қызықтырады.«Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы» тақырыбына қойылған мақсатыма жеттім. Оған куә болған; мектеп әкімшілігі, әріптестер өздерінің жақсы тілектерін айтып қуантты.Балаларды сабаққа тарту үшін осындай сабақтар санын арттыру қажет.Бүгінгі сабақтағы қамтылған модельдердің , әдіс – тәсілдердің баланың терең білім мен тәрбие алуына өте зор ықпалын тигізді.
Мен әр уақытта оқушылардың тапсырманы орындау арқылы тақырыпты өздерінің меңгеруіне жұмыстанамын. Жалпы сабақта уақытты үнемдеу үшін әр топқа әр түрлі тапсырма берген тиімді деп ойлаймын. Оқушылар тақырыпты меңгеру үшін сыни тұрғыдан талдау арқылы сабаққа белсенді қатысып отыру керек. Бұл процесте барлық оқушылар бір- бірінің пікірін , жауаптарын шыдаммен соңына дейін тыңдап үйренді.Оқушылар үндемей қалмау керек, ол үшін мұғалім көп ізденіп, оқушыларды қызықтыра білу керек. Бұрынғы сабақтарымда тақырып бойынша постер арқылы қорғау әдісі жоқ еді, енді қолданатын боламын. Жаңа жобадағы сабақтарымда бұл әдіс оқушыларға ұнап, оқушыларды жаңа қырынан тануға мүмкіндік алдым. Мысалы: Ф, И оқушыларымның суретке деген бейімділігін байқадым.
Негізінен, мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат» және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауы керек. Осы орайда оқушылардың өздеріне берілген тапсырманы орындауда немесе мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқауда топ арасында өзара пікірлесіп, бірлескен шешімге келіп, оны постерде қорғап шығуы дәлел бола алады.
Осы сабақта мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. Осы байланыстар арқасында мұғалім - оқушының, оқушы- мұғалімнің, оқушы - оқушының қандай сұрақтарға жауап алғысы келгенін, қандай мәліметті алғанын, қаншалықты түсінгенін біліп отырады. Қорыта айтқанда, келешекте сабағымның әр кезеңінде жеті модульді ықпалдастыра отырып, жаңа технологиялардың әдістерін ұтымды әрі орнымен пайдалануға болатынына көзім жетті.



В 3 есебі
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналаған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексивтік есеп.

Мұғалімнің жазбалары
Тренердің жазбасы
Соңғы жылдары педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Кембридж бағдарламасын енгізгені мәлім. Бұл жаңа бағдарламаның негізгі бағыты қандай жағдайда болмасын әр баланы жеке тұлға деп танып, жан – жақты қалыптастыру болып табылады. Жаңа оқу бағдарламасының бұрынғы курстардан қандай айырмашылығы бар екен деп ойладым. Өйткені «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз, лаулаған жалын иесі» дейді Я.А.Коменский. Осы нақыл сөзде келтірілген ұлы қасиеттерді бойына жинақтаған мұғалім ғана – нағыз ұстаз. «Ұстаз» деген ұлы есімнің бір ұшқыны меніңде жүрегімде бар.Осы ұстаздық жолымды шыңдау мақсатында әлем мойындаған «бұл жаңа бағдарлама»Елбасы қолдауымен еліміздегі барлық білім мекемелерінде жүзеге асырылуда.Аталған бағдарламаны меңгеру мақсатында мектеп әкімшілігінің қолдауымен Н.Назарбаев интелектуалдық мектебі мен Кембридж университеті бірлесе жүргізіп 3 деңгейлі «Білім берудегі кембридж»тәсілінің сындарлы (конструктивті)теориялық оқыту атты жаңа жобамен таныстым.Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты – мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалау (Нұсқаулық, 12б).
Бірінші бетпе-бетте бағдарламаның теориясын меңгердік. Курсқа алғаш барған күннен бастап, тренеріміз бағдарлама туралы түсінік беріп, оның жаңаша әдістерін түсіндіре отырып, барлық мұғалімдерді қызықтыра бастады. Мұғалімдер бұл оқудың оңайға тимейтінін білді.Содан сабақ басталарда біздерді топқа бөлді. Топ мүшелері өздерін таныстырып шықты.Тренеріміз әр топ мұғалімдерінің айтуымен топ ережесін құрды. Содан кейін әр топқа қағаздар, қайшы, стикерлер т.б материалдар таратып берді. Мен бұл курстың өзгеше болатынын білдім. Алғашқы болып топта тапсырма орындағанда нені қалай орындау керек екенін, яғни топтық жұмысты орындап көрмегеніміз көрінді. Жұмыс топтарда бірден қызу жүре қойған жоқ, себебі біздер ойларымызды жүйелегенмен, арада келіспеушіліктер болды, бірақ жан-жағымызға қарап, басқа топтардың жұмысын көріп, егер былай жасасақ қалай болады деген ұсыныстар болды. Мұнда біз жұмыс жасаудың бір түрі- топтық жұмысқа үйрендік.Берілген тапсырма бойынша топ болып сурет салып, оны қорғауды, әрбір істелген жұмысымызға кері байланыс орнатуды, сабақта қолданылатын жеті модуль бойынша әдіс- тәсілдерді, бағалау түрлерін меңгердік. Мысалы: курс барысында топтық жұмыста өзім хатшы болып, берілген мәтін бойынша әріптестерімнің пікірлерін, ойларын қағазға түсіріп отырдым.Алғашқыда топқа бөлгенде, бір- бірімізге түсінбей, үндемей отырдық. Уақыт өте келе бір- бірімізге бауыр басып, аудиторияда ынтымақтастық ахуал орнағандай болды. Топтарымыз күннен- күнге өзгеріп, жұмысымызды ары қарай жандандыруға септігін тигізді, себебі арамызда кім көшбасшы, кім суретті жақсы салатынын, кім постерді керемет қорғайтынын , жалпы кімнің қолынан не келетінін біле бастадық. Күн сайын түрлі тапсырмаларды орындай отырып, өз деңгейімізді аша түстік, біреулер оңай түсінсе, біреулердің тіпті түсінбегенін, жеті модульдегі жаңа тәсілдерді,үнемі шатастыратыны көп ойландырды. Ең бастысы, тренерлеріміз бұрынғыдай лекция оқымады, олар мұғалімдерге тапсырмаларды беріп, әрқайсысымыздың жеке топта жұмыстануымызға назар аударды.Топтағы бірлескен жұмыс мұғалімдердің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуге бағыт береді. Ал табысты оқытудың мән-мағынасы оқыту үдерісінде әр мұғалім өздерін еркін және ашық ұстауға бейімделу керек.
Бетпе-бет кезеңін аяқтаған соң,іс-тәжірибеден өту мақсатында өзім жұмыс жасайтын «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп»мемлекеттік мекемесіне келдім. Аталған жаңа бағдарлама жөнінде мектеп әкімшіліктері, мектеп директоры,оқу ісінің меңгерушісі, оқу ісінің әдіскері, психолгтар мен кездесу ұйымдастырып,жаңа бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері жайында баяндадым.Жаңа бағдарлама арқылы тәжірибеден өту кезеңінде, жаңа технологиялармен жабдықталған кабинет керек екендігін айтып көмек сұрадым.Мектеп басшысы жаңа бағдарлама бағытын жақсы қабылдап,қолдан келетін көмегін көрсететінін айтты. Мектеп әкімшілігінің қабылдауынан кейін, «Әріптестермен кездесу»кешін ұйымдастырдым.Жаңа бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттері,қазіргі таңдағы педагогтердың біліктілігін арттыруда орасан зор маңызы бар екендігін,ертеңгі күніміздің болашағы оқушы жастарымыздың саналы да сапалы білім алуының іргетасы қаланғанының дәйегі турасында пікірлестік.Жаңа бағдарламаны таныстыру кешінде әріптестер бір-бірінің басқа қырларынан таныды.Әр-түрлі бейнероликтер,модельдер,пікірлер ұстаздардың оқушыға, ата-аналарға,өзіне деген кішкене де болса көзқарастары өзгерді. Эдвард Боно 6 ойлау қалпағы әдісі арқылы туған қаламыздың қырық бес жылдығына қосқан үлесім ретінде «Жаңаөзен қаласына -45 жыл»атты тақырып бойынша ой бөлісіп,пікір таласты.Аталған бағдарлама аясында білім беру жүйесінде жоғары жетістікке,шынайылыққа жалпы ел болашағында білім сапасы саннан сапаға өзгеретіні туралы пікірлер айтылды.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты да осында.
«Екінші бетпе- бет» кезеңінде тренеріміз біздерге отырып,«әріптестермен кеңесуде ынтымақтастық ахуалды қалай алып бардыңыз?» дей отырып
бірлескен топтық таныстырылым бойынша есеп беруді ұсынды. Топқа бөлгенде Н- химия пәні, Н– бастауыш сынып мұғалімі, А математика пәні мұғалімі, А - бастауыш сынып мұғалімі, Н – қазақ тілі пәні мұғалімі,
алтауымыз екінші топта болдық. Тренеріміз әр топқа флипчарт, түрлі - түсті фломастерлер, маркерлер таратты. Біздің топта стикер Г болды. Тапсырма тақырыбын «Бірлескен ұжымдық кеңес» деп алдық.
Содан біз бір- бірімізбен ақылдаса отырып, бір шешімге келіп, постерге сызбамен көрсетуді келістік. Топтық таныстырылым кезінде бір шешімге келу оңайға түспеді. Мен өзім таныстырылым бойынша жалпылама ойымды айттым. Ал Т нақты, қысқа пікірін білдірді. Топ ол кісінің ойын қолдады. Алия қасында отырған әріптестерінің нұсқауымен постерді флипчартқа түсірді. Ал біздің топтан постерді К апай тақтаға шығып қорғады. Күлпаршын апайдың тақырып бойынша қорғаған постері тренерімізге, барлық әріптестерге ұнады, себебі ол өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе білді. Маған Кайтатын сөзін жүйелі, ойымен ұштастырып,байланыстыра білетіні ұнады.
Бірлескен топтық таныстырылымда мен топтың пікірін тыңдауды, пікірлерімен келіспеуді, өз ойымды дәлелдей алуға, жаңа идея айтуға үйрендім.Топтық таныстырылым бойынша 2-топ мұғалімдерінің пікірлері:
1. Тарих пәні мұғалімі А М «Бірінші бетпе-бет кезеңінен келгенде, мектеп әкімшілігімен кездестім. Курстың жаңа бағдарламасы туралы айтып, ойымды білдірдім. Сабақ өткізуде мектеп басшысы қолдау көрсетті.»
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Курстың бірінші бетпе-бетін аяқтап, мектепке бардым. Әріптестеріммен, мектеп басшысымен кездесіп, бағдарламаның жаңа оқыту үрдісі туралы мағлұмат бердім. Мектеп басшысы 4- сабақты өткізуде техникалық жағынан көмек беретінін, осы курсты оқып келген әріптестерім методика жағынан көмек көрсететінін айтты.Содан сабақ беретін сабақ беретін сыныпты таңдағанда, сынып жетекшісімен ойымды бөлістім. Барлығы маған сәттілік тіледі.
3. Н. Ф бастауыш сынып мұғалімі: Мектеп басшысына, оқу ісінің меңгерушісіне оқып келген оқуымның жаңалықтарымен өзіндік ерекшеліктері туралы ой бөлістім. Олар маған моральдық жағынан қолдау білдірді. Психологпен де кездесіп, өз ойымды айттым.
4. Қазақ тілі пәні мұғалімі Н. Н: «Оқуымды бітіріп, мектепке бардым. Мектеп әкішілігімен, әріптестеріммен кездестім. Оларға мен сабақта қолданылатын жаңа әдістер туралы, яғни 7 модуль жөнінде мағлұмат бердім. Мектеп басшысы менің жұмысыма сәттілік тілеп, әріптестермен кеңесуді ұсынды. Келесі күні мұғалімдермен кездесіп, оларға «Ниш киносын» көрсеттім. Киноны әріптестеріммен көріп, талдап, әркімнің пікірін тыңдадым. Оқытушылар менің тізбектелген төрт сабағыма қатысып, жаңа технологиялардың тиімділігін айтып, маған алдағы уақытта болатын тестке сәттілік тіледі.»
Тапсырманы талқылау барысында әр оқытушының ойын, идеясын тыңдай отырып, өзім түрлі мектеп тәжірибесінен өткен ұсыныстарды назарға ала отырып сараладым. Барлық ұстаздардың тәжірибесінде болған кезеңдерді тыңдай келе, мен өз ойымды айттым: «Екінші бетпе-бет кезеңге дейін кездесуді мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушілері, бірлестік мүшелерінен, әріптестерімнен бастадым.Мектеп әкімшілігіне курстан өткеноқудың тиімділігі жөнінде айттым, алмұғалімдерге үшінші деңгей оқуының бағдарламасының тиімділігі туралы түсінік бере отырып, заман талабына сай осындай курстардың керектігі жөнінде пікірімді білдірдім.
Мектептегі әріптестерім жаңа бағдарламаға бастапқы кезде немқұрайлы қарайтын. Олар маған бұл бағдарламаның бұрыннан бар екендігін, оның түкке де қажет еместігін айтқан. Осы орайда мектептегі әріптестерге бағдарламаға қызығушылығы арта бастағанын бас қосуда анық көз жеткіздім.Тәжірибемнің алғашқы аптасында қысқа, орта мерзімді жоспар жасадым. Жасақтаған жоспарымды мектеп әкімшілігіне және тәжірибелі ұстаздарға көрсеттім.
Мектеп басшысынан сабақты өткізу үшін қандай көмек беретінін анықтап алдым. Ол маған мультимедиа сыныбын әзірлеп, видео камерамен қамтамасыз етті.»
Тренер К: «Сабақты өткізгенде кім қандай көмек көрсетті?» деген сұрақ қойды. К апай оған: «Әкімшілік тарапынан мектеп басшысы,психолог, мектеп әдіскері, әріптестер көмегін тигізді. Мектеп басшысы құрал- жабдықтармен қамтамасыз етті. Ал психолог оқушылар арасында сауалнама жүргізіп берді. Мектеп әдіскері қысқа және орта мерзімді жоспарлауда
7- модульді тиімді қолдана білу туралы айтты. Ал мұғалімдер методикалық тұрғыдан көмек көрсетіп,тапсырмаларды құрастыруға өз үлестерін қосты»,- деді. Топтық таныстырылым ойдағыдай өтті деп ойлаймын.Осы бағдарлама жайлы ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізу үшін «Анам және мен» тренингін жүргіздім. Тренинг 3 бөлімнен тұрды. І бөлімде бағдарлама туралы түсінік бердім, ата-аналардың көмегі керек екендін айтып, түсіністікпен қарауын айты өттім.
ІІ бөлімінде ата-аналар өздерінің атын айтып, атына сай, сын есім арқылы өзін толықтырып таныстыру. ІІІ бөлімде ата-аналар балаларына қарама-қарсы отырып бір-біріне қарап отырып «Тілек шамын жағып тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтты. Бұл бөлімдер ата-аналарға қызықты болып, осы тренингке рахметтерін айтып, алғыстарын білдірді. Сабақтарыма сәтілік тіледі.



С есебі
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы
рефлексивтік есеп.
Мұғалімнің жазбалары
Тренердің жазбасы
Осы курсты оқи отырып, біліктілікті арттыру мақсатында бағдарлама аясында жеті модульді түсіне отырып, оны сабақта қолдану болатын . Бірінші бетпе – бет кезеңінде теориялық білімді жетілдіріп, мектептегі міндетті тәжірибе өткізуге бардым.Бағдарламаға енгізілген жаңа әдіс– тәсілдердің барлығы мұғалімнің өз тәжірибесі жүйелі түрде ойлануы және сынып деңгейінде тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу талабының қойылуы болып табылады. Осы орайда сабақ жоспарын құруда ойлануыма тура келді. Өйткені сабақты жаңа әдіс – тәсілдерге бейімдеп жасақтау керек. Екінші кезеңді мектептегі тәжірибемді өткізу үшін «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесіне 4 «В» сыныбына ана тілі пәнінен сабақ өткіздім. Мектепке барғанда, алдымен күнтізбелік жоспардан дүниетану пәнінің сабақ тақырыптарын алып, сабақ жоспарын жасауға кірістім. Орта және қысқа мерзімді жоспар жасақтауда қиындықтар болды. Осы қиындықты жеңу үшін мектеп әдіскерімен, үш айлық курсты оқып келген әріптестеріммен кеңесе отырып, жоспарды құрдым. Осы курс аясында сабақта нәтижеге жету үшін нақты мақсат қойып, сабағымды жүйелі жоспарлауды үйрендім.
Алғашқы сабақтан бастап топпен жұмыс жүргізілетін болғандықтан, топқа бөлуді үйреттім.Топқа бөлгеннен кейін топ ережесін құрдық.Топ мүшелері 1ереже- тыныштықты сақтау, 2 ереже- бірін-бірі тыңдау, 3 ереже - уақытқа бағыну, 4 ереже- мұғалімге бағыну, 5 мадақтау сияқты ережелерді басшылыққа алды. Топ ережеге бағына отырып, сабақты өз деңгейінде жақсы алып баратынына көзім жетті.
Дүниетану пәніненең бірінші сабағым «Отаным менің, байтақ өлкем» мәтіні болатын. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушылардың психологиялық тұрғыдан, көңіл күйін көтеру, бойын сергіту мақсатында, сергіту сәтін пайдаландым. Сергіту сәтін жаңа тақырыпқа байланысты алдым. Көрген бейнеролик бойынша сұрақ қою арқылы «Ой қозғау» әдісін пайдаландым. «Отаным менің, байтақ өлкем» дей отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін сұрақтар бердім. Мұнда балалар өз білгендерін айтып жатты.
Дәстүрлі сабақты өткізгенде оқушылар екі-екіден бір партада отырып, білімді меңгеретін еді. Осы орайда қарап, оқушылардың сыныпта тыныштық сақтауын, бір-бірімен орынсыз сөйлеспеуін, артына бұрылып қарамауын, еріксіз қозғалмауын қадағалайтынмын. Осының нәтижесінде оқушылар өз-өзінен дараланып, сыныпта үлгерімі төмен орташа оқушылар сабақта жауап беруге жасқанып, үндемей отыра беретін. Ал енді жұптасып, топтасып отыру кезінде сыныптағы атмосфера басқаша болды. Балалар бір- біріне күлімсіреп қарап, сабаққа көзқарастарын өзгертіп, еркін отырды. Сол себепті оқушыларды топқа бөліп алу керек сияқты. Оқушы бір-бірімен бетпе-бет отырғанда ғана бір-бірімен жақын байланыста болады, тіпті бір-бірінің пікірін тыңдап, ережеге бағына отырып, ыммен сөйлесіп отыратын болды.
Дәстүрлі сабақ барысында оқушылардың әрқайсысы өздігінен тапсырма орындайтын болса, топ арасында бірлесіп, қауымдасып жұмыс жүргізеді. Осы орайда сабаққа мүлде қатыспайтын оқушы болмайтыны анық. Оқушылар топ болып, мәтінмен таныса бастады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, әр топ жауап беруге тырысып жатты. Менің байқағаным: Выготскийдің жақын арада даму аймағын басшылыққа ала отырып, оқушылардың өзаражұптасып әңгімелесуде олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнағандай болды. Сабақ барысында бір-біріне сұрақтар қою арқылы ойын жинақтауға, сөйлеу әрекетіне жағдай жасадым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды қызықты әрі тиімді өткізуге ұйғардым.Тапсырмаларды төрт топ жарыса орындай отырып, бір-бірінен жақсы жауап айтуға машықтанды. Топпен, жұппен жұмыс жасау кезінде 1,2 сабақтарда өз ойын ашық айта алмаған оқушылар да болды. Олар3,4-сабақтарда төселіп, қызығушылықпен жауап беруге тырысты.
Топпен жұмыс барысында балалардың сабаққа деген көзқарастары біртіндеп өзгеріп, әңгімелесу кезінде бір-біріне деген қарым-қатынасы кеңейеді ;өз-өздеріне сенімді болады; басқаларды қолдап, белсенділік танытады; қасындағы балаларды бақылай отырып, топтың басқа да мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас танытады. Сөйтіп, топтың қарқыны біртіндеп өзгеріп, қажеттіліктеріне қарай сабақты жақсы алып баруға дайын болатынына көз жеткіздім.
Мен бұрынғы өткізіп жүрген сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің кейбір элеменменттерін қолданатынмын, ал енді сабақтарымда одан да басқа әдістерді: АКТ-ны, білім алудағы жаңа тәсілдерді, оқыту үшін бағалауды, дарынды балаларды оқытуды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды, оқыту барысындағы көшбасшылықты пайдалануға тырысамын деген ойдамын .
Дәстүрлі сабақта оқушылардың әңгімеге қатысуы шектеулі болатын.Мерсер мен Ходжиксонның зерттеулері бойынша, оқыту барысындағы диалог бірлескен сұхбаттың көп пайда әкелетінін көрсеткен. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен нәтижеге әкеледі. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушылардың нәтижелі білім алуына көп көмегін тигізеді және балалар бар күшін білім алуға жұмсайды. Жаңа тәсілдерді қолдануда диалог әдісі оқушылардың сапалы білім алуына, коммуникативтік дағдыны қалыптастыруға, сыни тұрғыдан ойлануына, ойын жүйелі жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы: төрт топқа тақырыпты пысықтау мақсатында жағдаятты сұрақтарға жауап беруге тапсырма бергенмін. Оқушылар ақылдаса отырып, бір-бірінің пікірін тыңдап, жауап беріп жатты.А, Д, Р, Ұ деген оқушылар өз ойларын тез жинақтап, топ аралық және өзара белсенді болу керек екендігін тез түсінді де, өздерін жан- жақты көрсете білді. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. Диалог барысында Мерсердің зерттеушілік әңгіме түрі басымдыққа ие болып, оқушылар өз ойларын дәлелдеуге, бір-біріне сұрақ қоя білуді, бір пікірге ұмытыла білуі анықталды.Үй жұмысын пысықтауда «ыстық орындық» стратегиясын қолдандым. Бұл әдістің тиімділігі мынада: оқушыларды селт еткізер ойын байқау үшін сұрақтар беріп, өткен сабақ бойынша білімін тексеру.Оқушылар үшін бұл тәсіл ерекше болды, себебі өздерін еркін сезініп, қуана жауап беріп жатты.Сабағымда уақытты тиімді әрі қызықты өткізу үшін үш топқа үш түрлі тапсырма берген дұрыс деп ойлаймын, себебі оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беру арқылы оқуға деген ынтасын, белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын байқауға болады. Мұнда барлық оқушылар сабаққа қатыстырылып, бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап үйренеді. Олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды тиімді ойластыру керек. Дәстүрлі сабақтарда постер сияқты жаңа жобадағы бұл әдіс оқушыларға қорғау әдісін қолданбайтын едім. Бұл әдісті мәтінді қаншалықты меңгергенін байқау үшін төрт сабақ аясында қолдандым. Жаңа жобадағы бұл әдіс оқушыларға ұнап, оларды жаңақырынан тануға мүмкіндік алдым. Мысалы К деген оқушының суретке бейім екені байқалды.Сабақты толық меңгеруі үшін «Топтастыру» әдісін пайдаландым. Бұл әдісті екі сабақта қолдандым.Сонан соң түсінгендерін топта бір-біріне баяндап, мазмұнын айтып, талдайды. Одан әрі топтан өз ұсыныстары бойынша бір оқушыдан шығып баяндайды. Осы әдіс арқылы мәтін мазмұнымен барлық сынып танысады.Бұрынғы сабақтарда 2-3 оқушы мәтін мазмұнын жеке оқып түсінгенін айтып, түсінбеген оқушылар қалыс қалып қоятын еді.Енді топ болып кеңесіп, бір-біріне оқығанын айтып береді. Бұл әдістің тиімділігі мынада: оқушылардың барлығы қалыс қалмай, мәтін мазмұнын игеріп , айтқандарына зер салып тыңдап, бір-бірін түзетіп, жауап беруге ықыласын білдіріп жатты. Ендігі сабақтарда осы әдісті жиі қолданамын деген ойдамын. Бұл әдістің ерекшелігі –мұғалімнің араласуынсыз өзара әңгімелесе отырып, өздері әр балаға мәтін мазмұнын қарапайым тілмен толық жеткізіп, ойлау және есте сақтау қабілетіне көп әсер етеді, әрі мұнда бірін-бірі тыңдамайды деген болмайды.
Дәстүрлі сабақтарда оқушыларға тақырыпты меңгерту үшін тізбектеп, іштей, дауыстатып оқытып, кестемен жұмыс жасап, мысалдармен түсіндіріп кететінмін. Жаңа тақырып бойынша, жалпы алғанда сабақ барысында өзім көп сөйлейтінмін. Сонда оқушылардың барлығы түсінбей қалғандарын сұрап жататын. Дәстүрлі сабақтарда үй тапсырмасын сұрағанда, уақытты тиімді пайдалана алмай, оқушыларда бірінің айтқанын бірі қайталап тыңдаудан жалығатынын енді түсіндім. Оған себеп жаңа оқу бағдарламасы
Жаңа әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өздеріне топ болып Әр топқа тақырып бойынша ресурстар таратылады. Тапсырманы постерге түсіру.

Осындай тапсырмаларда оқушыларға ерік беріп отырсақ, өз бетінше жұмыстанып, білімді игеруіне ықпал ететіні сөзсіз.
Бұрынғы сабақтарда тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар бергенде, үлгерімі жақсы 2,3 оқушы жауап беріп, нәтиже көңілге қонымсыз болып отыратын еді. Енді сабақты бекіту мақсатында төрт топқа сұрақтарды интерактивтік тақтаға жазып беру арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Мысалы, жаңа тақырыпты меңгергенін пысықтау үшін «Кім тапқыр?» ойынын өткіздім. Мұнда оқушылардың әрқайсысы қолын көтеріп, білгендерін айтты. Осылай сабақты талдай отырып пысықтадым. Ал жалпы сабақ тақырыбын түсінгенін білу аясында «Жағдаятты сұрақтар» дайындап, оқушыларға бердім. Бұл тапсырмам да ойдағыдай сәтті шықты.
Оқушылардың білімін бағалау үшін дәстүрлі сабақтарда жалпы мадақтау әрі сумативті бағалауды қолданатынмын. Оқушылар үнемі өзі иемденетін бағаны сезіп отыратындай. Онда сабаққа енжар, ұялшақ оқушылар өздерінің « қанағаттанарлық» бағасын алып, ал үстем, дарынды балалар сабақта үнемі «жақсы, өте жақсы» деген бағаларға ие болатын. Жаңа тәсілдердің ішінде оқушыны бағалауда «оқытуды бағалау» әдісін төрт сабақ аясында қолдандым. Бағалау әдісінде балалар өздері бірін-бірі топ болып бағалап, өз пікірлерін ортаға салды. Топ болып бірін-бірі «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы жақсы екі сәтті, бір сәтсіз жерлерін жазуға да парақшалар дайындап, төрт топқа бердім. Әр топ басшысы өзінің достарымен ақылдаса отырып, ойларын жинақтап, бақылағандарын қағазға түсіріп айтып жатты. Олар топтың жақсы жақтарын көруге ұмтылғанын, топтық жұмыстың белсенділікке жетелейтінін көрсетті. Критериймен бағалағанның өзінде барлық бала, яғни қатысқан жиырма үш баланың тоғызы «4» деген, алтауы «5» деген, ал қалған сегізі «3» деген баға алды. Осы жерден оқушыларға кері байланысты орнаттым. Оқушылардың бәріне сабақ ұнап, соның ішінде постерде қорғау мен бағалау кезеңі болды , әрі кейбір оқушылар сабақта ойын элементтерін қолданып, қызықты өткізуге болатынын жазып, лебіздерін білдірді. Қ деген оқушым, бағалаудың бұл түрі жақсы тек достарына әділ бағалауын өтінді. Кері байланыс арқылы балалардың сабаққа деген жеке ойларын, көңілінен шыққан пікірлерін тыңдауға болады. «Бағалауды қалай жүргізуге болады?» деген сұрақты оқушыларға тапсырма бергенмін. Көбінесе ойы шапшаң қыз балалар өздерінше бағалаудың түрлі жолдарын әкеліп көрсетті. Бағалаудың жаңа әдісін ендігі сабақтарымда үздіксіз енгіземін деген ойдамын.Келешекте сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп, өткіземін деген ойдамын.Өз тәжірибемде болған өзгерістер:
- Оқушыларды топқа, жұпқа бөліп,оқушыларды бірлесіп жұмыстануға талпындырдым;
- Түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың оқу сапасына өзгерістер енгізуге
болатынын байқадым;
- Сынып ережесін шығарып, ережеге бағынуға бағыт бердім;
- Жеті модульді ықпалдастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарымда
пайдалана алдым;
- Сабақта АКТ-ны қолданып, белсенді жұмыс жасауға әрекет еттім;
- Бағалау әдісінің жаңаша түрлерін меңгердім;
- Оқушыларға өз бетімен ізденуге мүмкіндік жасадым;
- Оқушылар кері байланыс арқылы ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру
керектігін түсіндім;
- Орта және қысқа мерзімді жоспар жасақтай аламын;
Осы аталған өзгерістер білім саласындағы бағдарламалар барысында жаңашыл мұғалім болып қалыптасуыма үлкен септігін тигізеді деген ойдамын.
Мұғаліммін,білім беру –міндетім,
Болсам деймін жерге-жауын,гүлге –Күн.
Бойымдағы бәрін берем барымның,
Алсам болды шәкіртімнің құрметін
Осы қасиетті де қастерлі ұғымдарды оқушылар бойына сіңіріп,бойымдағы бүршік атқан гүлдің иісін сезіндіріп,жүрегімдегі сәуле шашқан күннің нұрын сеуіп,санамда жағалай аққан «білім»атты жырдың жүйесін түсіндіріп, сол арқылы іші нұр мен шуаққа толы «мектеп»атты кемеге мініп, білім» атты теңізбен жүзіп,болашақ атты тұғырға шәкірттерімді қондыру –менің мәңгілік мақсатым. Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін айта келе ,мен , өз тәжірибемде өзімнің де , оқушылардың да көзқарастары жақсы жағына өзгерді деп есептеймін.Заман талабына сай оқу үдерісін ақпараттандыру технологиямен жүргізіп , жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар . Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын. Ақпараттық-комуникациялық технологиялардың дамуына байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер , әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырылады. Нұсқаулықтың 61 бетінде АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және оларды қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал деп айтылған.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын, көрсетсең, мүмкін есіме сақтармын, қатысушы болсам, мен түсінемін». Міне, сабақ барысында орнайтын диалогтік оқытудың маңыздылығын осыдан көреміз. Яғни оқушы қатысушы болса,көп нәрсе үйреніп түсінеді. Өйткені оқушының қызығушылығын арттырып, білім алуға деген ынтасын күшейтеді. Выготский білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп тұжырымдайды. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 38]
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінің нақты дәлелі, осы нәтижелі әрекеттің жалғасын табатынының кепілі-тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілді және өткізіле беретіні сөзсіз, себебі, білім беру мен білім алу үздіксіз процесс. Бұл игі іс, «мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға -мұғалім» /Stronq, Ward Grant, 2011/., деп баға берген мұғалімдердің көшбасшылығымен, басқаруымен жүзеге асары сөзсіз. <