Басты бет » 2015 » Январь » 21 » Ертіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
23:29
Ертіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
загрузка...

Ертіндіге  (концентрацияға) берілген есептерді шешу.

  Ертіндіні проценті бойынша табуға арналған есептер ҰБТ-да жиі кездеседі. Оны шығару көптеген оқушылар үшін  қиындық туғызады. Сондықтан да ертінділердің қосылыстарына арналған есептерді ескі тәсілмен шығаруға болады.Ескі тәсілмен есепті теңдеу құрмай-ақ тез есептеп табуға болады. Ескі тәсіл бойынша шығару жолы төмендегідей схема бойынша жүзеге асады:

 

            В                 |A – C|

 

 А

 

            С                 |A – B|  

 

мұндағы  В, С қосылатын ертінді , А – қосылғаннан кейінгі шыққан ертінді

|A – C|, |A – B|  - әр ертіндіден қанша бөлік алатынын көрсететін оң шама.

Мысал арқылы түсіндірейік:

1- есеп. 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50грамына 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын күкірт қышқылының массасын тап.

 Шешуі:

 

                      50г

 

                 80%               5

 

95%

 

                100%             15

     50:5=10

     15*10=150

жауабы 150грамм

Схема бойынша 80% -тік күкірт қышқылынан 5 бөлік ал 100%-тік күкірт қышқыланан 15 бөлік алу керек. Сондықтан әр бөліктің құнын білу үшін 50грамды 5 бөлікке бөлеміз. Шыққан санды  15-ке көбейтеміз.

2-есеп. 5%-тік сірке қышқылының ертіндісіне 40%-тік сірке қышқылының ертіндісін қосып, 30%-тік сірке қышқылының 140 гр. алынды. әр ертіндіден қанша грамм алынған?

Шешуі:         

                  5 %               10

140г 

30%

                  40%              25

10+25=35

140:35=4

10*4=40

25*4=100

жауабы:  40грамм, 100 грамм

3-есеп. Екі қоспаның біреуінде 40%, екіншісінде 20% күміс бар. 32 %-тік қоспа алу үшін 20кг бірінші қоспаға екінші қоспадан қанша кг қосу керек?

Шешуі:

 

                     20кг

                  40 %             12

 

32%

 

                  20%              8

 

  

8* 

  Жауабы: кг.

 

4-есеп. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. Құрамында тұздың концентрациясы 1,5% болу үшін 15л теңіз суына қанша литр тұщы су құю керек?

Шешуі:

                    15л

                  5 %               1,5

1,5%

 0%                 3,5

15:1,5=10

3,5*10=35

жауабы: 35л

5-есеп. 30%-тік  және 10% -тік тұз қышқылдарын қосып, 600грамм 15%-тік тұз қышқылының ертіндісі алынған. Әр қышқылдық ертіндіден неше грамнан алынған?

Шешуі:

                  30 %              5

600г 

15%

 

                  10%              15

5+15=20

600:20=30

30*5=150

30*15=450

  жауабы: 150гр., 450гр

 

6-есеп. Сұйықтықтың құрамында тұз қышқылы салмағы бойынша 5%. 40кг сұйықтыққа құрамындағы тұз қышқылы 2% болу үшін неше кг таза су құю керек?

Шешуі:

 

                  40кг

                  5 %               2

 

 2%

                 0%                 3

40:2=20

20*3=60

жауабы: 60кг.                

 Жаттығулар.

№1. 15 литр 10%-тік тұз ертіндісіне 5%-тік тұз ертіндісі араластырылып, 8%-тік ертінді алынған. Қанша  литр 5%-тік ертінді қосылған?  (жауабы 6л)

№2. Бір ертіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ертіндісін алу үшін  бірінші және екінші ертіндіден қанша алу керек? (жауабы 20л, 80л)

№3. Құрамында никельдің  мөлшері 5%  және 40%  болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек? (40т, 100т)

loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1277 | Қосты: Мирамкуль | Ілмек сөздер: берілген, концентрацияға, шешу., есептерді, Ертіндіге | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 26
Қонақтар: 26
Тіркелгендер: 0