Ерте жастан ағылшын тілін үйрету

Ерте жастан ағылшын тілін үйрету

"Ерте жастан ағылшын тілін үйрету"
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - қазір өзекті мәселелердің бірі.
Елбасы жолдауында кез-келген орта білім беретін мектеп балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Бала жас кезінде тілді еркін меңгереді.Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болады. Осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Өзіміз байқап қарасақ, мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың еліктегіш қасиеті жақсы дамыған. 5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім түрлі ойындарды пайдалану керек.Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады.7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек.Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйреткенде басты төрт дағдыны үйретеміз. Олар: тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу. Бірінші сыныпта осы төрт дағдыны қалыптастыру сақталған, ал мектепке дейінгі сыныптарда жазу дағдысы болмайды, олар қайталап, жаттап, ойыншықтарды бейнелеп, әртүрлі ойындар меңгереді.
Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Ағылшын тілін білу-уақыт талабы.

Автор: Тулешева Гулжамиля Онгаровна

БҚО,Орал қаласы,Шыңғырлау ауданы,Тасмола аулы,Тасмола орта жалпы білім беретін мектебі

18
Декабрь
0
1592

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.