Басты бет » 2015 » Январь » 21 » Ерлер бейнесінің сомдалу ерекшеліктері.
05:32
Ерлер бейнесінің сомдалу ерекшеліктері.
загрузка...

Ерлер бейнесінің сомдалу  ерекшеліктері.

Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батыр ерлері қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған.

Қазақ халқы әрқашан  абыз ақсақалдарының ақылына жүгініп, батасын  ырым тұтып, елін, жерін қорғаған батыр ұлдарын, елін басқарған әділ төре билері мен хандарының ерлігін бағалап, қадірлеуі   әр кезеңдер де ұлттық поэзиямыздан үнемі көрініс тауып отырған. Қазақ поэзиясындағы ерлер образының сомдалуы арғы замандардан басталады. Оған дәлел ретінде ұшан теңіз ауыз әдебиетіндегі эпостық жырлардан бастап, халық әдебиетіндегі түрлі жанрлардағы мол мұрамызды мысал келтіруге болады. Қазақ әдебиетінің тарихына  зер салсақ, ерлер бейнесінің сомдалуы дәстүр жалғастығы  аясында дамып, өркендеп отырғанын аңғарамыз. Яғни қоғамдағы ер азаматтардың алатын орны, міндеттері мен олардың бойындағы қасиеттері тарихтың қай кезеңінде де маңызды рөл атқарған. Отанды қорғау, ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, батырлық пен ақылдылық секілді ұғымдардың барлығы ерлер бейнесімен тікелей байланысты.

                    Қазақ жігіттернің тұлғасына тән қасиеттер:

 

Қазақ жігіттерінің тұлғасына тән              қасиеттер

 

 

Дене бітіміндегі ерекше қасиеттері

 

Адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктер

ірі денелі, ер тұлғалы, қыр мұрынды, өткір көзді, арыс кеуделі, кең иықты, темірдей шымыр, жауырыны қақпақтай,

т.б.

 

Қас жауына

 

Жақындарына

 

айбарлы, қаһарлы, сұсты, рухты, қайсар, өжет, айлалы, айбынды, арлы, қырағы, жігерлі, епті, аруақты,

т.б.

 

мейірімді, өнерлі, шебер, бауырмал, ойлы, тазалық сүйгіш, кешірімшіл, ұқыпты, шыншыл, парасатты, балажан, сыйлы, адал, әділ, бір сөзді, қарапайым, ұстамды, шыдамды, әзілқой, ақкөңіл, жаны таза, кішіпейіл, т.б.

 

Қазақ ерлерінің қаһармандық бейнесі

 

 

Ер азаматтарға байланысты айтылған нақыл сөздер

Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік. Мұхтар Әуезов Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса. Махамбет Өтемісұлы           

 Инабат - ер азығы, инабатты ер - ел қазағы.Сырым Датұлы  

 Ел жеңілмес ері бар.  Сырым Датұлы

 Ерлер үшін ең берік ант - қол алысу.   Ғабит Мүсірепов

Жігітті шешенсінген - дауда сына, есерді батырсынған - жауда сына.      Ақан сері Қорамсаұлы

Қағансыз ел - кіріптар. Біріккен батыр жау алар. Тоныкөк Пәтуәсіз ер - елге сор. Тоныкөк  Ел қамын жеген ер - басшы.  Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені. Тоныкөк  Ер адам кек сақтамайды. Сайф Сарайи  Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар. Білге қаған Ері жоқ елдің күні қараң. Күлтегін Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар. Күлтегін Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес - жамаңдар мазақ қылар деп.

                                                                                          Қазтуған Сүйінішұлы

                                        МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕР

  • Елдің атын ер шығарады.
  • Ер кезегі үшке дейін.
  • Ер шекіспей - бекіспес.
  • Ер мойнында қыл арқан шірімес.
  • Қатты жерге - қақ тұрар, қайратты ерге - бақ тұрар.
  • Ер-ырғасып сынасады, ез - былғасып сынасады.
  • Айласыз батыр қабанға қарсы шабады.
  • Ат басына күн туса - ауыздықпен су ішер,
  • Ер басына күн туса - етімен су кешер.
  • Ерлігің - жауда сыналар, ептілігің - дауда сыналар.
  • Хас батырдың белгісі - қақ жүрекке оқ тисе демеуге досы шақырмас.
  • Жақсылыққа - жақсылық,
  • Әр кісінің ісі дүр.
  • Жамандыққа - жақсылық,
  • Ер кісінің ісі дүр.
  • Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
  • Бітірген ісін сұра.
  • Ер – ырыстың қорғаны.
  • Ер жігіт ел үшін туады,
  • Ел үшін өледі.
  • Жүк ауырын нар көтереді,
  • Ел ауырын ер көтереді.
  • Ер жігітке өлім барда,
  • Қорлық жоқ.
  • Ел қонысынан айырылса,
  • Ер ырысынан айырылады.
  • Өнерлі жігіт өрде озар,
  • Өнерсіз жігіт жер соғар.
  • Ердің өзіне қарама,
  • Ісіне қара.
  • Жігіттің құны жүз жылқы,
  • Ары мың жылқы.
  • Атадан жақсы ұл туса,
  • Есіктегі басын төрге сүйрер.
  • Атадан жаман ұл туса,
  • Төрдегі басын есікке сүйрер.
  • Жақсы жігіт-көктегі жұлдыз.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1450 | Қосты: jadok1990 | Ілмек сөздер: бейнесінің, сомдалу, ерекшеліктері., Ерлер | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5914
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 64
Тіркелгендер: 1
Duyssembaeva_zhanar