«Елбасы- елімнің тірегі»

Макенова Нүрия
Астана қаласы
№24 орта мектеп
Мұғалімі: Бекназарова К. С


«Елбасы- елімнің тірегі»
Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз. «Ерлік- ұрпаққа ұран, елге- мұра» деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді басқарар ер керек еді. Еңселі ел болу үшін елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз: «Басшысы болмаса ел жетім»- деген. Ғасырлар бойы күрестермен жеткен тәуелсіздікті баянды ету- Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп, 1990 жылдың сәуірінде республиканың жоғарғы кеңесінің ұйғаруымен Қазақ елінің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
«Қазіргі кезде дүние жүзіндегі ірі де өте ықпалды бес- алты саясаткер бар, олардың бірі- Назарбаев»,- деген болатын Маргарет Тэтчер. Халқының талап- тілегін ескере отырып, өз шешімін дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин- Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды.
Елбасының негізгі мақсаты- ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады. Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін жасап жатыр. Елбасы сайланғалы жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт- дәстүрі, әдет- ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.

Автор: Макенова Нүрия

Макенова Нүрия Астана қаласы №24 орта мектеп Мұғалімі: Бекназарова К. С

18
Декабрь
0
1615
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.