Басты бет » 2015 » Май » 2 » Ел болам десең бесігіңді түзе.
17:17
Ел болам десең бесігіңді түзе.
загрузка...
ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ,БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ.

Бала тәрбиесі- аса жауапты іс.Ұстаз оқушыларға білім беруші ғана емес,олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық,адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырушы басты тұлға.
Баланың болашақта қандай азамат болатындығы мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұнымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік тұғырында нық орнауы да оның болашағын сомдайтын бүгінгі жас өркен-ертеңгі біртуар тұлғаны тәрбиелеу негізінің мықты болуында.
Тәрбие беру-қоғамдық құбылыс,онсыз адам дами алмайды.Ал бүгінгі заман талабына сай, балаға құқықтық тәрбие беру өмірдің өзі талап етіп отырған қажеттілік.Әр бала жастайынан өз құқығын біліп,орынды пайдалана білсе болашақта құқық бұзушылыққа жол бермейді.
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР-ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20-қарашасында Балалар құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылы елбасымыз «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. «Бала құқығы туралы» заңы №345-11 2002 жылы 8-тамызда қабылданып, 10 тараудан 53 баптан тұрады
Конвенция – дүниежүзілік құжат. Онда балалар құқығының мәселелерін шешуге іс-шаралар қабылдауға шақырады, біздің елімізде баланың негізгі құқықтары мен міндеттері, бала және жанұя, бала және қоғам, бала құқықтарын қорғау, бала тәрбиесіне әсер ету ерекшеліктері қаралған.
Әр ата-ана бала тәрбиесінде тепе-теңдік,бір-біріне деген сенім орнату арқылы сыртқы зиянды факторларға төтеп бере алады.Баланың бас ұстазы-ата-анасы десек ата-ана мектеппен бірлесе отырып бала бойындағы зиянды әрекетке бейімділігінің алдын алып,балаға сеніммен қарау арқылы ізгілікке,адами асыл қасиеттерге тәрбиелеуі-ұлтты тәрбиелеуімен бара-бар.
Ұлы жазушы,ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең,бесігіңді түзе»деген өте терең мәнді,әдемі нақылы бар.Осыған қоса айтарым,бесік сөзі-тәрбиең ұлттық,мәйекті болсын дегені.Осы міндеттің көп салмағын мұғалім мен ата-ана бірлесе көтеріп,айдарлы ұл,қылықты қыз тәрбиелеуі-заман талабы.

№17 И.И.Трубицын атындағы ОМГ мұғалімі Алимсеитова Г.А.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,Меркі ауылы.
loading...

Авторы:

Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1370 | Қосты: Гульнур | Ілмек сөздер: міндет | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 46
Қонақтар: 46
Тіркелгендер: 0