Сайт учителя начальных классов
.
Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары

Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары

Нұрабаева Айсұлу Пернебайқызы
Алматы қаласы Абай атындағы дарын балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тақырыбы: Электрондық оқулықтардың тиімді жақтары

Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьтерлік технологияңа негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, т.б. программалардың жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға төмендегідей қосымша мүмкіндіктер береді.
Кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз ету;
Қажетті мәліметті жылдам табу;
Гипертексті түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеу;
Жеке тұлғаға бағдарланған оқулықтың бір бөлімі немесе түгел материал бойынша білімді тексеру;
Кейбір мәліметті қозғалыс арқылы моделдеу.
Жай оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтардың кемшіліктері де жоқ емес. Олар: электрондық текстті қабылдау ыңғайсыздығы және пайдалану құнының жоғарылығы.
Шет тілін үйрену үшін жай оқулықтағ қарағанда электрондық оқулықтың мүмкіншілігі көп. Себебі қандай да бір тілді үйренуге ол туралы ақпараттың жан жақтан жаулап алғандай құйылуы маңызды. Оқушы оқып, естіп, көріп және өзі қайталап отыру арқылы жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Электрондық оқулық барлық талаптарға жауап бере алады. Биология пәнін оқыту кезінде өсімдік немесе жануардың іш құрылысын түгел көруге, айналдыра отырып жан жақты зерттеп, тануға мүмкіндіктер туады.
Осы орайда интерактивті тақтамен жұмыс көптеген нәтижелерге қол жеткізеді. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивтік тақта болып табылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады. Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ. Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады. Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек. Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады. Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруе интерактивті құралдарды пайдалану Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Электрондық оқулықтардың көмегімен оқушылардың интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мұмкіндік берумен қатар, олардың материалды түсіну деңгейін жоғарылату және өз бетінше оқу мен бақылау мүмкіндігін іске асыру мақсатында алгоритмдер құрылымы мен оның жұмысын графикалық иллюстрация түрінде көрсететін модельдері бар программалар сериясы қамтылған электрондық оқулықтар жасай білу қажет.

ID: 297 | Просмотров: 3969

02/Мар/2015