Басты бет » 2015 » Февраль » 17 » Дуэт сабағы
14:28
Дуэт сабағы
загрузка...
«Дуэт сабағы»
Сэрж 3-тоқсанның басында Өзбекстаннан қоныс аударған оқушы.Физикадан үлгерімі «3» пен «4» арасында. Сынып оқушыларының үлгерімі бойынша салыстырмалы түрде «4» баға қоюға болады. Формуланы түрлендіре алмайды және математикалық есептеу дағдысы қалыптаспаған.
Сабақтарымның бірінде әдеттегідей кері байланыс алған едім, сонда Сэрж былай деп ұсыныс жасаған екен: «Біздің сыныпта есепке шорқақ оқушылар көп, сондықтан мен физика сабағын басқаша өткізген болар едім»,-депті. Менің зерттеуші сыныбым бұрын соңды мұндай ұсыныс жасамағандықтан болар, стикерді қолыма ұстап алып,
келесі сабаққа жетіп бардым. Мұғалімнен рұқсат сұрап, Сэржден не ойы бар екендігін сұрадым. Ол маған «Дуэт сабағын» өткізуге ұсыныс жасады. Мен келісе кеттім. 03.02.2015жылы «электр құбылыстары » тақырыбы бойынша физика сабағы болды. Оқушы кәдімгідей үлкен дайындықпен сабақты жүргізді.
Алғашында оқушылар Сэржға селқос қарап, мойынұсынбай отырды.Кейін, физиктердің өмірбаянынан, ашқан жаңалықтары туралы қызықты мәлмет берген кезде,оқушылардың қызығуы байқалды. Оқушы бекіту сұрақтарын да, дайындап келген.Сабақты жүргізу барысында, оқушының ізденгендігі айқын көрініс алды.
Оқушылардың берген кері байланысында: сабақ барлық оқушыға ұнағандығы белгілі болды және жақсы сабақ деп бағаланды.
Гаухар деген оқушының кері байланысын келтіре кетейін. «Маған сабақ ұнаған жоқ». Мен: «неге?»,-деп сұрағанымда, ол: «Қалай айтсам екен.. Мен қызғаныштан айтып тұрмын.Осы ой неліктен маған келмеген? Мен де осындай сабақ бере алар едім ғой»,-деді.
Осы сабақ туралы ойымды «қос жазба күнделігі» түрінде айтқым келіп отыр.

№ Оқушының іс-әрекеті комментарий
1

2

«5 минутка» тапсырмаларында формулаларды дайын күйінде берді.Уақытты үнемдей алды.

Ғалымдардың өмірінен қызықты оқиғалар айтып, оқушыларды қызықтыра білді. Әдетте мен формуланы түрлендіру тапсырмаларын беретін едім, сөйтіп уақыттан ұтылатынмын.Нәтижесінде 1-2 оқушы ғана жақсы баға алатын.Қалғандары «2» жете алмайтын еді.

Сэрждің мұншалықты көп білетіндігін білмеппін.Кейбір айтылған мәлметтер туралы менің өзім де білмейді екенмін.Менің өзіме де қызық болды.
«Дуэт сабағы-2»
10.02.2015жылы «Джоуль-Ленц заңы және электр тогының қуаты» тақырыбында Айжан мен Ботакөз «Дуэт сабағын» өткізді.Оқушылардың сабаққа дайындығы өз дәрежесінде болмады сабаққа қызығушылық болған жоқ.Сабақ бытыраңқы және қыздардың ойы жинақталмады,нашар болды. Айжан мен Ботакөздің физикадан дайындығы жақсы толық «4»-ке үлгеріп жүрген оқушылар еді, шынымды айтсам менің өзім де таң-тамаша болдым.Мен қыздардан тартымды жаңалық жасайтын болар деп,ойлаған едім. Қыздардың өткізген сабағы менің ойымнан шықпады. Оқушылардың берген кері байланысында, сабақ төменгі деңгейде өткізілді деп бағаланды.
Сабақтан соң, Шыңғыс деген оқушы (үлгерімі өте төмен) маған келіп былай деді: «Апай маған екі апта уақыт беріңізші, ендігі сабақты мен өткізейін»,-деді.
Мен үшін бұл - үлкен прогресс. Шыңғыстың физикаға қызығушылығын оята алғаныма қуанамын.Енді,сол күнді асыға күтудемін.
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1141 | Қосты: ботик | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0