дидактикалық ойындарының ролі

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда дидактикалық ойындардың ролі.
Темиралина Майса Аманжоловна
Бастауыш сынып мұғалімі. Шақат ОЖББМ
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін , әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалақ ізденісін, оқушылардың белсенділігін мен қызуғышылығын арттыруды талап етеді.
Константин Дмитриевич Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызыгушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді.оның пайымдауынша, қызығушылық – сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Неміс педагогы Иоганнмм Фридрих Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенің айтқан.
Жас бала не нәрсені болса білу құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардық қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.сондықтан әр-бір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру қажет.

Автор: Темиралина Майса Аманжоловна

Павлодар облысы Павлодар ауданы Шақат орта жалпы білім беру мектебі

18
Декабрь
0
1828
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.