Басты бет » 2015 » Октябрь » 29 » Денелердің жүзу шарттары
17:12
Денелердің жүзу шарттары
загрузка...
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат- кешені
Ихсанова Жұмазия Гарифоллиевна
физика пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары.

Мақсаттары:
коррекциалық- білімділік: сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайда денелердің жүзу шарттарының орындалатындығын тәжірибе жасай отырып түсіндіру. Су көлігінің жүзу шарттарымен таныстыру.
коррекциалық- дамушылық: есту және сөйлеу қабілетін дамыту, физикалық заңдылықтардың негізінде өмірдегі техниканың өркендеуіне мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту.
коррекциалық-тәрбиелік: жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Техникалық құрал: интерактивті тақта
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: көру-есту арқылы баяндау, сұрақ- жауап, ақпараттық технологияны қолдану
Демонстрациялар: денелердің жүзу шарттары,
Архимед заңының орындалуын тексеру
Сөздік жұмыс: термометр, динамометр, барометр, манометр, танометр,
ауырлық күші, ығыстырушы күш, тығыздық, бату, қалқу.

Жоспар
Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Сүңгуір кеме қалай жүзеді? (бейнекөрініс, сурдоаудармамен)
Үйге тапсырма
Қорытынды
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру
- амандасу
- кезекші дыбыстармен жұмыс
II.Фонетикалық жаттығулар
- үштік тілдесу
-физикалық шамалар, өлшем бірліктері
III.Қайталау сұрақтары.
1)Қалыпты атмосфералық қысым шамасы қандай?
Архимед заңы тұжырымдамасы
Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?
2) Өлшеу құралдарын тани білу:
-сұйықтар мен газдардағы қысымды өлшейтін құрал
-атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
-артериалық қан қысымын өлшейтін құрал
3) Архимед заңының орындалуын тексеру (тапсырма үйге интернет жүйесі арқылы ізденіп, көрсетуге берілген).
Пластилиннен жасалған шар және қайық тәрізді денелерді таразының екі жағына қойып теңестіріп, оқушыларға массалары мен тегінің бірдей екенін көрсетіп, екі денені суға батырғанда не байқағанын және неге олай екенін оқушылардан сұрай отырып, архимед күшінің суға батырылған дененің көлеміне тәуелді екенін туралы қорытындыға келу.
IV. Жаңа сабақ
Денелердің жүзу шарттары
Суға батырылған дене қандай жағдайда болуы мүмкін?
1) дененің жү зіп жүруі
2) қалқып шығуы
3) батып кетуі
*Судағы денеге қандай күштер әсер етеді?
1) ауырлық күші
2) ығыстырушы күш-Архимед күші
* Осы үш жағдайды жекелеп қарастырайық. Үлкен ыдыстағы суға жапырақ, ағаш сынығын, пластмасса кесегін салу арқылы демонстрацияланады.
V.Сүңгуір қайық қалай жүзеді?
Интернет арқылы алынған бейнебаян дыбысталуы мен мұғалімнің сурдоаудармасы қатар жүреді.
VI.Бекіту:
Есеп.
Көлемі 0,0002 м³, массасы 500г мыс кесегін бензинге салғанда әсер ететін күштердің шамасын анықта.
Оқулықпен жұмыс.
Кеменің суға батқан бөлігінің көлемі 25м³. Кеменің массасы неге тең?

VII.Үйге тапсырма:
§45.Денелердің жүзу шарттары.
24- жаттығу №3
Массасы 100 кг, көлемі 0,2м³ дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кетеме?
(есепті ауызша шарты менен шешу жолдарын талдау).
VIII. Қорытынды:
- бүгін біз сабақта денелердің жүзу шартымен таныстық
- үш түрлі жағдайын қарастырдық
-сүңгуір қайықтың қалай жүзетінін білдік
Бағалау.
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1130 | Қосты: Ихсанова_Жұмазия | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Октябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 44
Қонақтар: 44
Тіркелгендер: 0