Басты бет » 2015 » Май » 23 » Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысының маңызы
11:31
Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысының маңызы
загрузка...
Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысының маңызы

Әдебиет сабақтарында көркем мәтінді үйренуге байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөздік жұмысы басты орын алады. Өйткені әдебиет сабақтарында көркем мәтінді оқып үйренуге тіл дамыту жұмыстарының түпкі мақсаты оқушылардың ауыша тіл байлығын арттыру десек, ол ең алдымен, баланың сөздік қорын молайту арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп оқушыларының ауызша, жазбаша тілі кедей, сөйлемдері құрылымы жағынан жұпыны болып келеді. Осындай кемшіліктердің болуы неге байланысты деген сұрақтар туындайды.
Әрине, мұндай кемшіліктердің әр түрлі себептері болады. Бұл себептердің бірі түрлі жолмен келіп қосылған сөздерді оқушылар сөйлегенде, жазғанда орынды пайдалану білу үшін мұғалім тарапынан болатын үйрету жұмыстарынң сапасы төмендігінен деуге болады.
Мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүргізілетін сөздік жұмысы, көркем мәтінді ауызша, жазбаша мазмұндату, ойтолғау, шығарма жаздырту, іс қағаздарының түрлерін орындату сияқты көптеген жұмыстардың барысында іске асырылады.
Сөздік жұмыс көркем мәтінде кездесетін түсінігі ауыр сөздерді синонимдері, антонимдері арқылы түсіндіруге көңіл бөлу қажет. Ол үшін мұғалім сабақта талданатын шығарманың сөздігін жасап, ол сөздерді рет- ретімен тізіп тәртіпке келтіру керек. Олардың қатарында шығарма мазмұнын түсіндіру үшін қажетті сөздер, фразеологиялық сөз тіркестер, мақал- мәтел, көркемдегіш сөздер және әр түрлі түсінігі ауыр сөздер мен жаңа ұғымды білдіретін сөздер болуға тиіс. Жеке сөздерге түсінік бергенде оларды даралап ұғындырмай, шығарманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік қасиетін таныту мақсатымен өзектестіре отырған дұрыс. Сөйтіп, сөздік жұмысы кейде оқушылардың әдебиеттен алатын әдеби теориялық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Сөздік жұмысын сабақ мақсатында бөліп алып, сөз мағынасын оқушыларға жекелеп түсіндіруге де болады. Мұндай жағдайда сөздік дәптер көлем жағынан толықсығанмен, оның барлығы оқушы қажетін өтейтін сөздер болмайды. Сөздік жұмысының мақсаты оқушылардың молайту болып табылады. Сөздік жұмысын анда- санда немесе түсінігі қиын жеке сөздер төңірегіде ғана қолданбай шығарманы талдату сабақтарында үзбей қолдану қажет. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру жұмыстары көркем шығарманың тақырыбын, мазмұнын, көркемдік ерекшілігін таныту жұмыстарымен ұштастырыла жүргізіледі. Бұл сөздік жұмысын оқушыларға әдебиет теориясынан берілетін білім дағдыларын да есепке ала отырып жүргізу деген сөз.
Сөздік жұмысын үнемі бірқалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанша күрделендіріп отырған жөн. Сондай тәсілдердің бірі- оқушыларға мәтінде мағынасы көмескілеу болып жүрген сөздердің синонимдері мен антонимдерін тапқызу болып есептеледі. Осындай тапсырмалардың нәтижесінде оқушылар мәтін сөздігін жете түсінуге, тіліміздегі мағыналас немесе қарсы мағынадағы сөздермен жете танысады.
Мысалы, Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінде еңіреп қоя беру,өкіріп қоя беру, өксігін баспау сияқты сөз тіркестерінің түп мағынасы жылау болғанымен, олардың әрқайсысы жылаудың түрлерін білдіреді. Ал олардың арасындағы азды- көпті айырмашылығы оқушылар сол үшеуін бір- бірімен салыстыру арқылы ажырата алады. Яғни, оқушы осы тапсырмалар арқылы жаттығады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыра келе қимыл, қозғалысты білдіретін тіліміздегі сөздердің бірсыпырасы адамның ішкі жан дүниесін, көңіл күйін білдіретіндігін оқушыларға таныту міндеті қойылады. Кейіпкерлердің көңіл күйі көркем шығармада диалаг, монолог, автор сөзі, табиғат көріністері және адамның қимыл- әрекеттерін, ішкі сырын білдіретін жеке сөздер арқылы беріледі. Осындай сөздерді оқушыларға мәтіннен тапқызып, мағыналық айырмашылықтарын таныту керек. Олардың мәнін түсіндіргенде, басқа сөздермен байланыстыра отырып қарастырған жөн.
5- сыныпта мысал өлең, мақал- мәтелдердің тұсында да жүргізуге болады. Мысалы, А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінде, «Боламын сонау мен де өгіздей», «Әлін білмес әлек» тәрізді тармақтары, сол сияқты, «Аяз би» ертегісіндегі «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл!» деген афоризмге айналған сөздер бар. Әр мәтіндегі істің, қимылдың сыр- сипатын жинақтап, қорытып берген түйінді жолдарды тапқызудың өзі де сол шығарманың тақырыбын, идеясын түсіндіруге жетелесе екіншіден, олар оқушылардың сөйлеу, жазу тіліне де әсер бар.
Мұндай сөздер көркем шығармалардың бойындағы нақыл сөздер. Ел аузында жаттанды болып кеткен сөздерді оқушылардың өздеріне іздетіп тапқызуға да болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың халықтық мәдени мұрасы, түрлі сөз маржандарын өз бетімен іздеп тауып, күнделікті қажетіне жарату дағдыларын қалыптастырады. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттырады.
Әдебиет сабақтарында көркем мәтінді үйренуге байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөздік жұмысы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл байлығын арттыруда маңызы өте зор.
loading...

Авторы:

Бөлім: Ұстаздарға | Көрсетілім: 1296 | Қосты: zhetkenshekmen | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 67
Қонақтар: 67
Тіркелгендер: 0