Сайт учителя начальных классов
.
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Усиева Мерует Тілепқалиқызы

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп
Индер ауданы Атырау облысы

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет –сабақтарда сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау. Сыни тұрғыдан ойлату арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Осыған дейінгі кездескен қиыншылықтардың бірі - қазақ әдебиеті пәнін өткізу барысында баланың өзіндік ой қорыта алмауы, яғни ойын еркін жеткізе алмай, өз пікірін дәлелдей алмау сияқты кедергілер бар. Сабақта жоғары сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан жаңа әдіс-тәсілдердің ішінде қазақ әдебиеті сабағында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі негізінде мына тақырыпта жұмыстанып келемін: «Әдебиет сабағында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру»
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттырудағы негізгі мақсатым:
1. Алдымен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
2. Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
3. Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
4.Өз пікірлерін дәлел келтіре отырып, сенімді түрде қорғай білуі;
Және осындай жұмыстар нәтижесінде ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз бетімен шешім қабылдай алатын, шығармашыл әсем тұлға қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинақтау, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады. Бұл дағдылар:
- бақылау
- талдау
- қорытынды
- интерпретация [48-49 бет]. Оқушымен жоғарыда келтірілген жұмыс жүргізгенде оқушы бойында сыни ойлау дағдылары қалыптасты.
Сабақ өткізу барысында ең алдымен оқушыларға еркіндік сезімін туғызу көп көмек береді. Бұл үшін оқушыларды топқа бөліп, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста бірігіп жұмыс жасауға дағдыландыру қажет. Соның нәтижесінде топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді. Осы әдіспен жұмыс барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, оймен қабылдауын меңгерту мақсатында 8-сыныпқа Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесін өткіздім. Мақсатым: оқушыларға тақырып жайында мәлімет бере отырып, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру. Сабақ барысында оқушыларға мынадай сұрақтар берілді.

ID: 380 | Просмотров: 2618

02/Апр/2015