Басты бет » 2015 » Февраль » 16 » ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫМА ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУІМ ҮШІН ҚОСҚАН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
12:37
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫМА ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУІМ ҮШІН ҚОСҚАН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
загрузка...
Азизова Айман Хожағалиқызы
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы №2 орта мектеп
Azizova_Aiman@mail.ru

Ұстаз – тамшысымен тас тесетін су сияқты
Әл-Фараби

ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫМА ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУІМ ҮШІН ҚОСҚАН
МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Ұстаз - ең алдымен, оқушы үшін өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.
Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, түрлі әдіс-тәсілдерді терең зерттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар да аз емес.
Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мен де білімнің жаңа жүйесін құруға үлес қоссам деген мақсатта «Өрлеу» Ұлттық бағдарламасының III- (базалық) деңгей курсында біліктілігімді жетілдірдім. Бұл бағдарлама оқушылардың ойлауын дамыту, бұрынғы алған білімдері мен сыныптағы түрлі жаңа дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Сондықтан да мұғалім оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай, ал оқушы оқыған тақырыптары бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай деңгейге көтерілуі керек деп ойлаймын. Сондай-ақ «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру ұлттық орталығының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының мақсат-міндеттерін саралай отырып, мұғалімнің сыныпта білім алу ортасын құра білуі құзырлы оқытудың ең маңызды факторы болып табылатынын және мұғалім оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруіне, түсінуіне, бағалай алуына жетекші бола білу керек екенін ұқтым.
Деңгейлік бағдарламаны іс-тәжірибеде қолдануда, оқушының өзіндік пікірін тыңдау арқылы оған жауап берген келесі оқушының ойын салыстыра отырып өздерінің шешім табуына жол табу мүмкіндігі туатынын және сыни көзқараспен топішілік бағалау сәттері шынайылық танытатынын байқауға болады. Бұл бағдарламаның оқу үдерісінде пайдаланылуы, оқушыға сапалы білім беруде және ұстаздардың білімін жетілдірудегі мүмкіншіліктері өте зор. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, болашақ ұрпақтың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, шеберлік таныту біздердің, яғни ұстаздардың үлесі деп ойлаймын.
loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Эссе | Көрсетілім: 1329 | Қосты: Азизова_Айман | Ілмек сөздер: Оқушы, Ұстаз, білім, деңгей | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 48
Қонақтар: 48
Тіркелгендер: 0