Басты бет » 2015 » Январь » 26 » Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі.
23:51
Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі.
загрузка...

Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі.

          Тақырыбы: Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі.

                         Ерманова Сара Есенбайқызы

Қостанай гуманитарлық колледжінің жоғары санатты математика пәнінің оқытушысы.

        Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында  «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген болатын.Ал ол жастарға терең білім беретін, ойлау  жүйесін дамытатын ,жауапты шешімдер қабылдай алуға үйрететін, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратын ұстаз екені белгілі.Ал ұстаздың әдістемелік шеберлігі, ізденгіштігі, білім сапасын көтеретін технологияларды қолдана білуі алғы шарты.                 

Ендеше, бірнеше жыл сабақ беру барысында қолданып жүрген дамыта оқыту технологиясының тиімділігіне тоқталайын.

Мақсатым- өз бетімен дами алатын, өмірдің қиындықтарынан шешім таба алатын,белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу.

Дамыта оқыту технологиясының авторлары белгілі ғалымдар П.Выготский,П.Занков,В.Давыдов,Д.Эльконин екенін білеміз.Бұл авторлар                           дамыта оқыту деп- мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады.

Мұғалім қаншалықты шебер болғанымен,егер ол баланың өз белсенділігі туғыза алмаса, оған берілген тапсырма ешбір нәтиже бермейтіні анық.Оқушының организмінің дамуы жеке адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Дамыта оқытудың Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаты да, тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған сәйкес бұл жүйенін әдіс тәсілдері оқушының белсенділігін ұйымдастыруға көмектесіп отыруды көздейді.

Дәстүрлі оқытудан дамыта оқытудың басты ерекшелігі оқушы бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеру негізгі принцип болып табылады.Дәстүрлі оқыту жаттауға,есте сақтауға мұғалімнің түсіндіруімен үйретсе,дамыта оқыту өз бетімен белсенді түрде дербес жұмыс істеуге, жаңа тақырыпты талқылауға, есептер шығаруда әртүрлі тәсілдерді қолдануға, яғни ойлау қабілетін шыңдауға негізделеді.

      Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыларға дайын мәліметтерді беретін болса, ал дамыта оқыту әдісі бойынша мұғалім оқушыға қандай мәліметтерді іздеп үйрену керек екенінін айтады.

Дамыта оқыту әдісінде мұғалім жаңа тақырыпты толық айтып шықпайды,тек оқушылардың жаңа игеру үрдісіндегі  орны мен мақсатын өзгертеді.

Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі.

 

Сабақ кезеңдері

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

Жаңа тақырып.

Кім? Қайда?Қашан? Не?

Анықтама беріңдер....

Оқып шығыңдар.

Айтып беріңдер,қайталаңдар,еске түсіріңдер.

Суреттеңдер..

Қатесін түзеңдер..

Мысал келтіріңдер..

Оқушылардың есте сақтау,қабылдау қызығушылығын ояту.

Сабақтың негізгі кезеңі.

Басты идеясы  қандай, негізгі ой.

Немен түсіндіруге болады?

Қандай ой керек?

Дәлелдеңдер?

Қандай қорытынды шығарамыз ?

Бұл ережені қалай,қайда қолданамыз?

Ойлауға,іс-әрекет жасауға,тапқырлыққа тапсырмалар .

Сабақты бекіту.

Басқа әдіспен қалай шешуге болады?

Неге бұл әдіс тиімді?

Несімен жеткіліксіз?

Түсіндіріңдер,не себепті?

Бағалаңдар...

Салыстырыңдар.....

Біз қатесін таптық ,олар қалай туындады,біз нені ескермедік?

Проблемалық ізденіс.

Шығармашылық.

Құрастырыңдар...

Ойластырыңдар...

Басқа білімді қалай қолданамыз?

Аргумент,фактілер келтіріңдер?

Сіздің болжауыңыз...?

 

Өзім сабақ беретін топтарда бұл әдісті қолданғанда мынандай сызбаны басшылыққа аламын.

 

     Ой тастау

Іздену, ойлану,

Ой қозғау

Іс-әрекет

Ой жинақтау,

Қорытындылау

Нәтиже,

білімді тексеру

 

 

 

Мысалы: «Туындының көмегімен функцияны зерттеу» тақырыбын алайық.

Ой тастау. Функцияны зерттеу үшін қандай сызба құруға болады?

Оқушылар жауап іздейді,оқулықпен жұмыс атқарады,тақырыптың негізгі             түйінін жинақтайды.

1.Анықталу облысын табамыз;

2.Жұп,тақтығын,периодтылығын анықтаймыз;

3.Осьтерімен қиылысу нүктелерін;

4.Таңба тұрақтылық аралықтарын;

5.Өсу,кему аралықтарын;

6.Экстремум нүктелерін анықтаймыз;

7.Графигін құрамыз.

Ары қарай осы ізденіс нәтижесін тәжірбиелік тапсырмалармен тексереді, нақты берілген жеке жұмыстармен өз білімін толықтырады, қорытындылайды, ойларын дамытады.

Дамыта оқытудың тиімді технологияларының бірі деңгейлік оқыту.Деңгейлік оқыту бойынша оқушылар бірдей бағдарламада оқи отырып берілген материалды түсіну деңгейіне,қабілетіне қарай әртүрлі дәрежеде                 тапсырмалар орындайды.Осыған орай жаңа технология әр оқушыға өз мүмкіндігін анықтауға жағдай туғызады.Өз тәжірибемде Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту технологиясын жиі пайдаланамын.Ол технологиядан кеңінен                 қолданатыным саралап оқыту технологиясы. Саралап оқыту деңгейлік және                бағдарлық болып бөлінеді.

Деңгейлеп саралау- оқушылардың бір топта,бір бағдарламада және бір оқулықпен оқу материалдарын түрлі деңгейде меңгеруі.

Бағдарлық саралау – оқушылардың әртүрлі тобының оқу материалдарын баяндалу деңгейі жоғары,мазмұны ауқымды,ақпараты мол бағдарламада оқып- үйренуі.

 

Деңгейлік тапсырмалардың тиімді жақтары мынандай:

 

1.Тақырыпты оқушы әр қырынан қарастырып, өз бетінше зерттейді.

2.Теориялық білімді толық меңгеруге мүмкіншілік  беріледі

8.Әр сабақта барлық оқушы өз еңбегінің бағасын алады.

10.Еңбек ету арқылы оқушы денсаулығы сақталады.

Өз бетімен шешім қабылдай алуға үйренеді.

6.Өз ойын дәлелдеп үйренеді.

12.Ең бастысы қолдануға тиімді және қарапайым.

4.Алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйренеді.

9.Білім сапасы артады,түпкі нәтижеге қол жеткізеді.

 

3.Ақпараттармен жұмыс жасап үйренеді.

7.Әр оқушы өз мүмкіншілігінше еңбек етуге әдеттенеді.

 

5.Қиындатылған есептерді, тапсырмаларды орындап үйренеді

                                                  

Оқытушы сабақ жоспарын жасағанда оқушылар үшін әр деңгейде өзіндік жұмыстар беру керек,ол дамыта оқыту өдісін қолданудың бірі. Өзіндік жұмыстар мақсатына қарай былайша бөлінеді.

Д

е

ң

г

е

й

л

і

к

ө.ж

Оқыту

Бекіту

Дамыту

Жаттықтыру

Қайталау

Шығармашылық

Бақылау

 

 Мұндай өзіндік жұмыстар оқушыға білімді өздігінше ізденуге қолайлы жағдай жасайды, яғни өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптасады.

Қорыта айтқанда,дамыта оқытуда ойлау қаблеттерін бағыттау, ойлануға жетелеу, ойға берілу,сабаққа ынтасын,қызығушылығын арттырады.Оқушыны алдына қойған мақсатқа жетелейді,жауапкершілігін жетілдіреді, үлгірмеуші болмайды.2009-2012 жылдардағы оқу нәтижелерінен осыны көруге болады

 

      Қазіргі кездегі сапалы білім беруге бағытталған дамыта оқыту технологиясы- оқушының ақыл –ойын дамытуға арналған теориялық әдістерді қолдана отырып, бағдарланған оқыту жүйесі . Оқушының әдебиеттік оқу бағдарламасына сай оқытылатын оқу материалдарын белсенді, өзінің ізденімпаз күш қабілетін іске қоса отырып меңгеруін ұйымдастыру –ақыл- ой қызметінің біртіндеп өз бетімен шешім табуға дағдылануын қалыптастыратын тиімді жол.Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқу материалдарын меңгерудің маңызды орны оқушының алдына қойылған проблеманы дұрыс шешуге ғана емес, келесі жолы сол проблеманы аз уақытта оптималдылықпен сапалы шешу жолын үйренуге жетелейтіндігінде.

     Демек, дамыта оқытуда – оқушы өз іс- әрекетін өзі құруға,өзін-өзі дамытуға  білім өзбетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге,  шешімнің  дұрыс-бұрыстығын қабылдауға , өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге ,өзін-өзі бағалауға үйретіледі.

    Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды емес, сонымен қатар өз іс- әрекетін сараптап, жан- жүрегімен сезіне алатын, жоғарғы білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.

 

     Қолданылған әдебиеттер:

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Математика және физика» 2012ж №5

2.Оқулық «Алгебра және анализ бастамалары»10-11 сыныптар үшін.авт А.Әбілқасымова. 2006ж.

3. Лукин Р.Д., Лукин Т.К., Якунина М,С., Устные  упражнение по алгебре и началам анализ,М.Просвещение.2002г

4. Алгебра и начала анализа. Под. ред. А.Н.Колмагрова.М. Просвещение, 2004г

  5. Нурахметов Н.Н., Ауылбекова Г.Д., Кобжасарова М.Р.Технологии обучения казахстанских авторов.Алматы. «Мектеп».2005.

6. Өз әдістемеліктерімнен алынған.

loading...

Авторы:

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Баяндама | Көрсетілім: 1526 | Қосты: Assel_offical | Ілмек сөздер: тиімділігі., оқыту, әдісінің, Дамыта | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Күнтізбе
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазба мұрағаты
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 30
Қонақтар: 30
Тіркелгендер: 0