Сайт учителя начальных классов
.
Дүниетану пәнін тиімді оқыту жолдары

Дүниетану пәнін тиімді оқыту жолдары

Султанова Қымбат Сапабековна

Дүниетану пәнін тиімді оқыту жолдары

Оқушыларға дүниетану материалдарын оқытуда орыс әдіскерлерінің әдістемелік еңбектерінің мәні зор болғандығын айтады. Соның бірі – М.Н. Скаткиннің "Бастауыш мектептегі жаратылыс сабағын оқыту» деген мақаласында автор оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін материалдарды оқытудың маңызын айта келе , оларды оқытудың ерекшелігін талдайды. Кітаптан оқытып, ауызша түсіндіріп, оқушылырдың тақырып мазмұнын тек тыңдау арқылы түсінуін саналы меңгеру деп айтуға болмайтындығын айта келе, « Өзіңіз өмірде көрмеген аңның бейнесін кітаптан оқығаныңыз бойынша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Үлкен адамның өзі  де кітаптан оқу бойынша аңның не бір заттың бейнесін көз алдына елестете алмайды» - деп, мұғалімдерді шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге шақырды.

 Осы тұста Польшадағы оқу – ағарту саласының зерттеу жұмыстарына тиек етіп, қарастырған мәселесі проблемалық оқытуды жүзеге асыру  болатын. Педагог - ғалым В.Г. Оконьнің айтуы бойынша: « Оқушыларды дифференцациялап оқытуға үлкен мән берді. Оқуды оқушылардың білім деңгейлеріне қарай ұйымдастырып, жақсы, орташа, нашар оқитындарды анықтап алғаннан ейін олардың әрқайсысына лайықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолын табуға болады деп қараған. Бұл пікірді Венгрияның, Болгарияның ғалымдары да қолдаған. Чехословакияда оқыту үрдісінде ең негізгі көңілді оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарына аударды. Сөйтіп, зерттеушілердің басым көпшілігі жеке пәндер бойынша оқушылардың оқу әрекеттерінің түрі мен деңгейін анықтаумен шұғылданды. Осы жерде деңгейлік тапсырманың ролі зор ма деген ой туады.

Тағы да бір оқытудың тәсілі, тиімдісі – проектілік ( жобалау) әдісі деп табылды . Бұл пікір бойынша, оқушылар практикалық әрекет үстінде біртіндеп заттың ішкі мәніне түсініп, теориялық білім алады.  Сол алған білімдері  кейін сол практикалық мақсаттарды іс жүзінде шешуге , оны өмірде қолдануға көмегін тигізеді.

Ш. Уәлиханов Қазақстан табиғатын суреттегенде өзі зерттеген аймақтарының тек жер бедерлерін, ішкі суларын, ауа райын сипаттап қана қоймай, бұл өңірдегілердегі өсетін өсімдіктер мен данарларды атап қана қоймай , олардың кейбір түрлерінің суреттерін де үлкен шеберлікпен салған.

Ш. Уәлиханов жер, су аттарынң шыққан тегін де  зерттеп, олардың тарихына тоқталған. Ғалымның әсіресе, Ыстықкөл алабын картаға түсіруге қатысуы бұрын болмаған жағдай еді. Ол көлге құятын өзендерді, көлді қоршаған тау жоталарын да картағы ендірген. Бүкіл жүрген жолындағы табиғат көрінісін егжей- тегжейлі сипаттап қана қоймай,өсімдік, жануарлары туралы ғылыми деректер беріп, бунақ денелілір, өсімдіктер жиынтығын жинайды.

Ғалымның дүниетанымғы қосқан үлесінің бірі – қазақ халқының киім- кешек үлгісі, тұрмыстық құрал – жабдықтары жайындағы пікірлері. Әсіресе қазақ тұрмысында қолданылатын аңшылық, соғыстық, жабдықтарды талдап, қамшыынң, пышақтың, найзаның, жебенің ,айбалтаның қандай түрлері барын, олардың әрбір бөлімі қалай аталатынын тұрмыстық пайдасын, аң аулау кезінде ер адамдар тағатын белдіктің ( кісе) маңызын оның әішіне салынатын оқ, шақпақ, тас, мылтықтың білтесі, мылтықты майлайтын май, пышақ және т.б . туралы  жазып қалдырған деректерінң жастардың дүниетанымына тигізетін пайдасы мол екендігін айтады. Шоқанның этнограф, географ ретінде Қазақстан жеріндегі зерттеулеріне қатыстысын  Ә. Бірмағамбетовтың еңбегінде толық сипаттайды.

Шоқанның шығармалары оқушылырдың дүниетанымын қалыптастыр туралы сөз қозғағанда табан тірер байлығымыз.

ID: 22 | Просмотров: 2746

30/Окт/2014